Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Жетісуда 400 әке отбасы құндылығын дәріптеген форумда бас қосты

Жетісуда 400 әке отбасы құндылығын дәріптеген форумда бас қосты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жетісу жерінде әке мәртебесін көтеріп, отбасы құндылығын дәріптеуге арналған тағылымды жиын өтті. «AMANAT» партиясының «Қамқор әке» жобасы аясында және «Әкелер одағы» Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен Панфилов ауданы, Жаркент қаласында «Әке – отбасы тірегі» форумы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Форумға ауданның 400-ге жуық ардақты әкесі қатысты.

Форумның ресми ашылуында Жетісу облыстық партия төрағасы Арыстанғали Қадырұлы әкенің отбасындағы, ұлт өміріндегі рөлін айшықтап, жиынның маңызын атап өтті.

Форумның аясында Панфилов аудандық мәслихат төрағасы Ерғали Шоқпаров пен Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Ермек Келемсейіт сөз сөйлеп, әке өнегесінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.

Алқалы жиында «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділхан Дүйсебек, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Сейдахметов, PhD докторант, «Сен қалаған әке» кітабының авторы Баян Бекетай, актер және блогер Ринат Дошибеков сөз сөйлеп, әке өнегесі мен ұлттық тәрбие тақырыбында мазмұнды ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, отбасында және қоғам өмірінде әкелік өнегесімен танылған азаматтарға Әкелер одағының «Асыл әке» медалі мен «AMANAT» партиясының алғыс хаттары табысталды.

Марапат иелерінің қатарында 7 баланың әкесі Ғабиден Меделбеков, аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы Айдар Бектемір, көп балалы әке Нұрханат Нұрахунов, актер және блогер Ринат Дошибеков және басқа да белсенді азаматтар бар.

«Әке – тек отбасының ғана емес, мемлекеттің де тірегі. Әкенің өнегесі мен жауапкершілігі арқылы біз елдің болашағын тәрбиелейміз. Бүгінгі форум – ұлттық құндылықты жаңғыртудың, ұрпаққа рух пен тәрбие дарытудың маңызды алаңы. “AMANAT” партиясы әрқашан отбасы мен тәрбие құндылығын қолдауды басты бағыттарының бірі ретінде қарастырады,» – деді AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын.

Жас буын арасында кеңінен танымал актер және блогер Ринат Дошибеков өз ойымен бөлісіп, бүгінгі замандағы әкелік жауапкершілік туралы айтты.

«Бүгінгі заманда балаларымызға телефон мен әлеуметтік желі емес, ең алдымен әкенің мейірімі мен үлгісі керек. Нағыз әке — баласына тек кеңес айтпай, өз ісімен үйрететін тұлға. Біз лайк үшін емес, лайықты әке болу үшін өмір сүруіміз керек,» – деді ол.

Сондай-ақ, «Асыл әке» медалімен марапатталған 7 баланың әкесі Ғабиден Меделбеков өз әсерін бөлісті.

«Бұл марапат — жеке адамға емес, әке атына көрсетілген құрмет деп білемін. Балаларымызға дұрыс бағыт, адал еңбек пен жауапкершілікті үйрету – біздің ең үлкен борышымыз. Әке болу – абырой, сонымен бірге үлкен жауапкершілік,» – деді ол.

Форумда ауданның бірқатар белсенді тұлғалары «Ұлттық құндылықтар академиясының» мүшелігіне қабылданып, арнайы куәліктермен марапатталды.

Форум жас ұрпаққа жауапкершілік, парасат пен рухани құндылық сіңіруге бағытталған тағылымды шара ретінде қорытындыланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:227
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 09:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары