Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Отбасы мен әулет құндылығын асқақтатқандар

Отбасы мен әулет құндылығын асқақтатқандар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада Республика күні қарсаңында дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Әр өңірдегі аймақтық іріктеу сынында дараланған отбасылар сыйға кенеліп, құрметке бөленді.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Салтанатты шараға Сенат төраға­сы Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.

Ұлттық байқаудың биылғы марапаттау салтанатына 17 облыс пен 3 мегаполистен үздік шыққан 20 отбасы қатысты. Жыл сайын жүлгесі үзілмей жалғасын тауып келе жатқан отбасылық құндылықты дәріптейтін бірегей жоба жеңімпаздарын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев марапаттады. Салтанат­ты ашылу шарасында Сенат спикері байқаудың Республика күнімен тұспа-тұс келгеніне тоқталды. Биыл Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отырғанын айтып, дәстүрлі бірегей байқаудың осындай мерейлі мереке қарсаңында өткізілуі ерекше мәнге ие екеніне тоқталды.

«Қазақ – қашанда отбасын қасиетті ұғым санаған халық. Отбасының беріктігі мен ынтымағы – ұлттың бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Сондықтан ата-ананы ардақтау, туыстық қатынастар­ды нығайту сияқты құндылықтар ұлт мәдениетінің өзегіне айналды. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен осы сабақтастықты әрі қарай сақтау мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл ретте отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамда дұрыс құндылықтар жүйесін насихаттауға баса мән беріліп отыр. Президент биылғы Жолдауында да отбасыларды қолдауға, ана мен баланың құқын қорғауға арналған маңызды міндеттер жүктеді. Бұл әлеуметтік бастамалардың бәрі елі­мізде отбасы құндылықтарының ны­ғаюы­­на, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сене­міз», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат спикері палатаның Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау аясындағы заң шығару қызметінен де құлағдар етті.   Ел игілігіне айналған «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек мектептері» сияқты кешенді жобалар мен білім үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу жолындағы іргелі істерді атап өтті. Ұлттық байқау жеңімпаздарына  тілеулестігін білдірген М.Әшімбаев отбасылық құндылықтарды дәріптеудің ерен  үлгісін көрсеткен жандарға алғысын айтты.

Биылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында жеңімпаз деп танылған отбасыларға қомақты қаржылай сыйақы табысталды. Олардың арасында Ақмола облысынан – ұлттық өнерді ұлықтаған  Мекебай әулеті, Алматы облысынан – қолөнерші Бекдайыр әулеті, Ақтөбе облысынан – Төремұрат әулеті, Абай облысынан Сыдықбай әулеті бар. Аймақтық іріктеуде Астанадан – Айтқожа әулеті, Алматыдан – Дүйсебай әулеті, Шымкенттен Нұртай әулеті үздік деп танылды. Батыс Қазақстан облысынан – Сүйінғара әулеті, Қарағанды облысынан – өңірге белгілі кеншілер Ключников әулеті, Солтүстік Қазақстаннан – механизатор Өзбек әулеті, Атырау облысынан – теміржолшы Өтеп әулеті, Қостанайдан – жұмысшы  Егемберді әулеті, Жамбылдан теміржолшы Бектас әулетінің де мерейі үстем болды. Жетісу облысынан – мәдени, спорттық мұраларды насихаттауға үлес қосып жүрген Бектен әулеті, Павлодар облысынан – кеншілер Тұрсынбай әулеті, Ұлытау облысынан – ауыл шаруа­шылығы саласының мамандары Қапбас әулеті, Қызылорда облысынан – жұмысшы  Әбсадық әулеті, Маңғыс­тау облысынан – қоғам мен шаруа­шылыққа еңбегі сіңген Шолтаман әулеті, Түркістан облысынан – агроном  Молдабек әулеті, Шығыс Қазақстан облысынан табиғатты қорғау­шы Жақып әулеті де үздіктер қатарынан көрінді.

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының 89 жастағы тұрғыны Мұратбай Сүйінғара өзін қанжығалы Бөгенбай батырдың ұрпа­ғымын деп таныстырды.

– Бұғанам бекіп, белім қатпай жатып еңбекке араластым. Өзім әке-шешемнен ерте айырылдым. Ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, зейнетке шықтым. Өмірге он бала әкеліп өсіріп, олардан немере, шөбере сүйіп отырмын. Ұл-қыздарым әр мамандық иесі. Бірі ұстаздық етеді, бірі құқық қорғау саласында, бірі мұнай өндіру ісінде, бірі ауыл шаруашылығында үлгілі маман атанды, – дейді еңбек ардагері.

Байқау жеңімпаздарының арасында Алматы облысынан үздік деп танылған Бекдайыр әулеті көпшілікті өздері жасаған бұйымдармен тәнті етті. Шебердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы киімдері зергерлік әшекейлерімен үйлесім тауып, құйып қойғандай жарасады.

– Қолөнершілік бабамыздан мирас құндылы­ғы­мыз, – дейді отағасы Қоңыр Егенұлы. Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңде тұратын бұл әулет ұлттық киімнен бөлек, ер шауып, өрімшілікті өрістетіп, тіпті үйдің жабдықтарына дейін жасайтынын айтты. – Балаларым ертоқым шабады, тері илеп, таспа тіліп, жүген, ноқта, қамшы өреді. Қыздарым анасының көмекшісі, ине сабақтап киім тігеді, жүннен сырып та түрлі бұйымдар жасайды. «Мерейлі отбасы» байқауына бұған дейін де қатысып, іріктеуден өте алмадық. Бұл жолы тыңғылықты әзірленіп, 84 отбасының ішінен үздік шығып, жолдама алдық. Мақсатымыз – малдың жүнінен тоқылып, сырылып жасалатын киімдердің артықшылығын насихаттау. Төрт түліктің терісі мен жүнін өңдеп кәдеге жарату әлі де ақсап тұр. Бағасын байыптап, қадіріне жете алмай жүрміз. Астанаға өзіміз тіккен киімдерді киіп, әшекей бұйымдарды тағынып келдік. Көпшіліктің қызығушылығы да ерекше, тіпті тапсырыс бергендер де бар, – дейді Қ.Бекдайыр.

«Astana Ballet» театрында өткен ұлттық бай­қаудың салтанатты кешінде белгілі өнер шебер­лері әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төгіп, көрер­­мен­дерге ерекше көңіл күй сыйлады.

2014 жылдан бері тұрақты ұйым­дас­тырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының іріктеуіне бүгінге дейін 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Жылдан-жылға олардың қатары артып, еңбек пен спортта, шығармашылық, зияткерлік салаларында, ғылым мен өнерде ерен жетістікке жеткен отбасылар бағын сынап келеді.

Биылғы байқауға  барлық өңірден 3 434 өтінім түскен. Әр өңірде дараланып, жеңімпаз атанған  отбасыларға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 08:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары