Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Жастар неге шетелге кетеді?

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

ЖИ жылы жаңа серпін

ЖИ жылы жаңа серпін

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биылғы жыл бұл тұрғыда тарихи бетбұрыс жылына айналуы мүмкін. Мысалы, Үкімет барлық елді мекенді интернетпен қамтып шығуға уәде етіп отыр. Ескірді деп саналатын eGov «электронды Үкімет» орнына Қазақстан QazTech тұғырнамасына көшеді. Бұдан былай жасанды интеллект заң жазып, оның кейінгі орындалуын бақыламақ. Экономиканың барлық саласына цифрлық технологиялар енгізілмек. Мемлекет пен ел өмірінде тағы қандай өзгерістер болады?

Дайындыққа қызу кірісті

– Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жария­ладым. Сондықтан 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интел­лект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар елі­міз­дің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ, – деді Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қаңтарда жаңа жылмен құт­­­­тықтауында. 

Жуырда Үкімет осы жылға арналған кеңауқымды халықаралық іс-шара­лар жоспарын да бекітеді. Оның ішінде мысалы, GITEX Central Asia ірі форумы, ЖИ, киберқауіпсіздік, ғарыш, тағы басқа тақырыпта ха­лық­аралық іс-шаралар өткізілмек. Осы жылдың іс-шараларын ұйым­дастыруға жауапты тұлға ретінде бекітілген Премьер-министрдің орын­басары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мә­диев ауыл-аймақты аралап, өңірлермен бірге 2026 жылға арналған цифрлық трансформацияның басым бағыттарын айқындауға кірісті. Ве­домство әкімдіктермен және жергілікті салалық ұйымдармен тізе қо­сып, олардың цифрлық даму жоспарлары мен ЖИ шешімдерін енгізуге дайындығы деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізеді.

Мұның сыртында өңірлердегі цифрлық трансформацияның серпіні, IT-индустрия­ның дамуы бағамдалады. ЖИ-ге негізделген шешімдерді экономика мен мемлекеттік бас­қару жүйесіне енгізу мәселелері пы­сық­талады. Бұл тұрғыда телекоммуникация­лық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздікті дамытуға, өңірлік IT-хабтардың әлеуетін арттыруға, ХҚКО цифрлық кеңселерін транс­формациялауға, Smart City жобаларын жү­зеге асыруға, экономиканың нақты сек­торын тегіс цифрландыруға баса мән берілуге тиіс. Әкімдіктер осы аталған әрбір бағыт бойынша өңірлік ерекшеліктер мен нысаналы көрсеткіштерді ескеретін ұсы­ныстары мен тәсілдерін Үкіметке ұсынуға міндетті. 

Дәл осындай цифрландыру мен ЖИ-ді кең енгізу жоспарларын түзу және Үкіметке ұсыну орталықтағы әрбір министрліктен де талап етілмек. Мысалы, Әділет министрлігі заң шығару саласына ЖИ-ді молынан енгізу жоспарын жариялады. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, ведомство норма шығару барысын цифрландыру және бизнес-процестерді автоматтандыру бағы­тында жүйелі жұмыс жүргізу үстінде. «Нақ­тыласам, заң жобаларын жасау, жалпы, норма шығару саласына жасанды интеллект агентін ендіру бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Аталған ЖИ-агент заң, нор­ма­тивтік-құқықтық актілерді шығару барысы­ның толық циклін – идея-бастаманы ту­ды­рудан бастап оны жүзеге асыруға дейінгіні қамтиды, сондай-ақ норма қабылданғаннан кейінгі жүзеге асырылуына мониторингті сүйемелдейді», – деді Е.Сарсембаев.

Өз кезегінде Үкімет Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылында төл жұмысының басым бағыты – экономиканың барлық саласына ЖИ технологияны енгізу болатынын белгіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов нықтағандай, жаңа цифрлық өнімдердің енгізілуінің оң нәтижесін әр азамат сезінуге тиіс. Бұған дейінгі жылдары мұның салмақты іргетас-базасы қаланғанын ескерсек, мұның тіпті де асылық айтқандық емесін, қолдан келетін шаруа екенін түсінуге болады. 

Цифрландырудағы жетістіктер қандай?

Сонымен, бұған дейін мемлекет осы салада қандай жетістіктерге жетті? Жасанды интеллект және цифрлық даму министр­лігінің деректеріне жүгінсек, 2025 жыл қорытындысында Қазақстанда 2 606 ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке қосылыпты. Қазақстанда 6 мыңнан астам ауылдық елді мекен бар. 2026 және 2027 жылдары соның 3 мыңнан астамы (соның ішінде биыл – 1 900 ауыл) талшықты-оптикалық байланыс арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға тиіс. Сөйтіп, Ж.Мәдиевтің сендіруінше, халықтың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді. 

Сондай-ақ былтыр Алматы мен Астанада қуаттылығы 7,4 МВт болатын екі жаңа деректерді өңдеу орталығы (Data-center) пайдалануға берілді. Биылғы жылы жиынтық қуаты 12,9 МВт болатын тағы 3 ұқсас деректер орталығын іске қосуды жоспарлап қойды.  Жаслан Мәдиевтің дерегінше, «ЖИ қозғалысы» бастамасы іске асырылып, оның аясында 1 миллионға жуық адам оқытылды. Ғылым мен бизнес үшін екі қуат­ты суперкомпьютер іске қосылды. AlemGPT көп агентті платформасы әзірленді. Alem.ai халықаралық ЖИ орталығы құрылды. Президенттің тапсырмасымен мамандан­дырылған ЖИ университетінің концепті түзіліп жатыр. 

Халық тарапынан цифрлық қызметтерге деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. 2025 жылы eGov Mobile қосымшасы арқылы 54 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Елестетіп көріңізші, егер осының бәрі электронды түрде көрсетілмегенде, қазақстандықтар 54 миллионнан аса қызметті алу үшін тиісті мемлекеттік мекемелердің алдында ұзын-сонар, шетсіз-шексіз кезек түзер еді. 

Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі 1 млрд долларға жуықтады. Заңна­малық база қалыптастырылды: Президент 2026 жылғы 9 қаңтарда Цифрлық кодекске және осы салада әкімшілік жауапкершіліктің жаңа түрлерін енгізетін ілеспе заңдарға қол қойды. Есептеу қуатын сатып алу қамтамасыз етілді. Үкімет бұл жұмысты жалғастырады. Президент қойған міндетке сай, Қазақстан озық технологиялар саласында цифрлық шешімдер мен қызметтерді сәтті жасап, табысты сата білетін жетекші елдердің қатарына кіруге ұмтылатын болады. 

Әйткенмен, сарапшылар бұл бағыттағы елдің жетістіктері әлі де шағындау болып қалып отырғанына назар аудартып жүр. Мемлекет басшысы жариялаған Цифр­ландыру және ЖИ жылына арналған Үкі­меттегі кеңесте ІТ-сектор өкілдері бүгінде күнделікті өмірде кеңінен қолдануға арналған шешімдер жетіспейтініне тоқталды. Қара­пайым қазақстандықтардан бастап, ірі бизнеске дейін қолданатын технологиялар, тіпті бағдарламалық қамтылым – шетелдік. 

Венчурлік қаржыландырудың жетіспеуі, мемлекеттік қолдаудың мардымсыздығы, ішкі нарықтың тым шағындығы кесірінен отандық стартаптардың басым көпшілігі жоба деңгейінен әрі аса алмай, жабылып қалып жатады. ЖИ министрлігі былтыр «мақсатты, нысаналы капиталы» 1 млрд долларға жеткізілетін алғашқы венчурлік қор құрылғанын мәлімдеді. Мұнда бірнеше кілтипат бар. Біріншіден, осы қорға салынған инвестиция 115 млн доллар ғана болды. Екіншіден, сарапшылардың түсіндіруінше, ол қор стартаптарды тек кейінгі сатыларда қолдайды екен. Содан бұрынғы жылдары салаға жауапты министрлік, лауазымды шенеуніктер мемлекеттік деңгейде дәріптеген біраз инновациялық жоба жабылып тынған, не шетелге, соның ішінде көрші Ресейге кетіп, сол жақта жүзеге асырылған.  

Компаниялар жаңа прототиптерді ұсы­нумен ғана шектелмей, оларды толық аяқ­тап, іс жүзінде қолдануға дейін жеткізуі керек. Жалпы, цифрландыру экономикамен және күнделікті өмірмен қатар дамып қана қоймай, олардың ажырамас бөлігіне айналуы керек. Бұған көрші Қытай үлгі бола алады. Кез келген салаға, қандай да бір жобаға цифрлық шешім мен ақпараттық технология қажет болса, ол ішкі нарықтан табыла кетеді. Үкіметтегі жиында тілге тиек етіл­гендей, осы деңгейге көтерілуге Қазақстанда, әсіресе ТКШ, құрылыс, өнеркәсіп және ауылшаруашылық саласында сол бойы сақталған ескірген әдістер мен талаптар кедергі екен. Мысалы, Президент қанша тапсырса да, құрылыста BIM-модельдер енгізілмеген. Өндірістерді роботтандыру, ауыл шаруашылығында IT-шешімдерді енгізу қарқыны тым баяу. Бұл тиімді жобалау мен басқару мүмкіндіктерін шектейді.

Ұлы көштер жылы

Осыған байланысты Премьер-министр уәкілетті органдарға биыл экономикаға елеулі әсері болатын практикалық цифрлық шешімдерге назар аударуды тапсырды. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға қарсы тұру құралдарын жасауға ерекше көңіл бөлінбек. Сондай-ақ ЖИ дамыған сайын алаяқтық жағдайлардың да анағұрлым жетілген түрлері пайда болу қаупі бар екені ескертілді. Сондықтан Ішкі істер, Жасанды интеллект министрліктері осындай әрекеттерді тиімді анықтау және тану тетігін әзірлеуге міндеттелді. Қоғамның цифрлық шешімдер мен онлайн-плат­фор­маларға деген сенімін нығайтатын құралдар мен цифрлық шешімдерді жетілдіруде тұрақты проактивті жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Қорыта айтқанда, Цифрландыру және ЖИ жылы аясында Үкімет жауапты ми­нистрліктерге мынадай міндеттер белгіледі: атаулы жылды сәтті өткізу үшін оған кәсіби қоғамдастық пен халық кеңінен жұмыл­ды­рылады. ЖИ министрлігіне қаңтар со­ңы­на дейін бұл жылдың іс-шаралары тіз­бесін анықтау, Digital Qazaqstan стра­те­гиясын әзірлеуді жеделдету тапсырылды. Заңнамалық өзгерістерді жұртшылыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Бұған қоса, ЖИ мемлекеттік секторда да белсенді енгізілуге тиіс. Оны қолдану атүсті автоматтандыруға емес, қалыптасып қалған процестерді қайта қарауға, мем­лекеттік функцияларды орындаудың ба­рынша тиімді модельдеріне көшуге және бюрократиядан арылуға әкелгені маңызды. Ұлттық экономика министрлігіне Страте­гиялық жоспарлау агенттігімен және өзге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрландыруды кеңейту, басқарудың барлық деңгейіндегі функцияларды қайта қарау, біраз функцияны ЖИ-ге беру жүктелді.

Барлық министрдің цифрлық орынба­сары пайда болмақ. Олар ЖИ министрлігіне бағынады: бұл ведомство ЖИ-вице-ми­нистрлердің, яғни CDO қызметінің нә­тижелеріне сапалық талдау жүргізеді және жоғарыға тиісті есеп береді. Жасанды интеллект министрлігі бұлардың 2026 және одан кейінгі жылдарға арналған жаңа көрсеткіштерін белгілейді.

Айтқандай, биылғы жыл «ұлы көште­рімен» тарихта қалуы мүмкін. Біріншіден, ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыру үшін мемлекеттік Tier-III деңгейіндегі деректерді өңдеу орталығы жұмыс істейді. ЖИ министрлігі І тоқсанның соңына дейін ақпараттық жүйелерді осы жаңа деректер орталығына (Дата-орталығына) көшіруді аяқтауы қажет. Мұның азаматтардың деректерін қорғау деңгейін арттыруға мүм­кіндік беретіні айтылды. 

Екіншіден, осы жылдың соңына дейін Каспий теңізінің түбімен Әзербайжанға тартылып жатқан талшықты-оптикалық байланыс желісін – кабель құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол аяқталған соң Қазақстан ғаламторды Батыстан тікелей тартуға көшеді. Әйтпесе, республикаға интернет-трафик Ресей арқылы келеді, ал РФ болса, шетелдік интернетті бұғаттап тастап, оқшаулануға берік ден қойды.   

Үшіншіден, Қазақстанда жаңа элек­тронды Үкімет пайда болады, ол QazTech-ке көшеді. Президент Жарлығына сәйкес, биылдан бастап дәл осы платформадан тыс үкіметтік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге қатаң тыйым салынды. Өңірлерде және орталықта жаңа бірыңғай платформаға көшіру үшін барлық жүйеге техникалық аудит жүргізіледі.

Биыл, ЖИ министрінің мәліметі бо­йынша ХҚКО-лар (ЦОН) Apple Store фор­матында өзіне-өзі қызмет көрсетуге көшіріледі. Яғни, қазіргі терезе артында қызмет көрсетуші қызметкерлер отырған орталықтар ЖИ қызмет ететін «цифрлық офистерге» трансформацияланады. 

Әзірге eGov-та мемлекеттік қызметтердің 91%-ы онлайн қолжетімді. Порталда қазірдің өзінде азаматтарға арналған ЖИ-көмекшісі (ИИ-ассистент) енгізілді. Ал 2026 жылы, ЖИ министрлігінің хабарлауынша, eGov QazTech көмегімен жаңа архитектурада құрастырылатын болады. Қалай болғанда, биылғы жылы ірі өзгерістер жоспарланып отыр. Олар қаншалықты табысты іске асырылып, елге қандай игілік (әлде қиындық) әкеледі, оны тәжірибе көрсетеді.

Айхан ШӘРІП

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 09:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see151

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see146

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see144

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see144

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see142

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see140

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see139

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see137

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see130

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see124

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see122

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see121

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see121

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see118

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see115

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see115

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see112

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see112

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары