Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Жоғалған бейнелер: революцияға дейінгі Гурьев фотошежірешілері

Жоғалған бейнелер: революцияға дейінгі Гурьев фотошежірешілері

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Орал қаласында XIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы фотографтарға, фотосурет ісінің қалыптасуы мен дамуына арналған альбом-каталог жарық көрді.

Революцияға дейін фотографтарды «жарықпен сурет салушылар» деп, ал фотографияны – «жарықпен сурет салу» деп жиі атаған.

Кітаптың авторы – өлкетанушы Денис Алёхин. Ол өңірде жарықпен сурет салудың пайда болуын егжей-тегжейлі әрі қызықты сипаттап, фотосурет өнерінің дамуын, жаңа жанрлар мен стильдердің қалыптасуын, оралдық фотоательелердің атрибутикасын талдайды, бұрыннан белгілі және мүлде беймәлім болып келген жарықпен сурет салушылар туралы баяндайды.

Айта кету керек, бұған дейін мұндай зерттеу жүргізілмеген. Осыған байланысты бұл көркем басылымның бірегейлігі ерекше. Жинаққа бүкіл Орал облысында түсірілген кәсіби, студиялық және әуесқой ескі фотосуреттер енген.

Автордың айтуынша, кітапқа қажетті ақпаратты (фотосуреттерді, тарихи деректерді, архивтік мәліметтерді) жинауға ол бес жылын арнаған.

«Мамандығым - инженер, бірақ бала кезімнен-ақ туған өлкеміздің тарихын зерттеуге қызықтым. Өлкетану мен үшін жай ғана хобби емес. Ол ондаған жылдар бойы өмірімнің қызықты әрі тартымды бөлігі болып келеді, – дейді Д. Алёхин. – Бір күні тұрғындардың революцияға дейінгі суреттерін, Орал қаласы мен Орал облысының көріністерін жинап, альбом жасау идеясы пайда болды. Әрбір оқырман біздің көне қаламыздың бай әрі алуан түрлі тарихын сезіне алсын дедім. Бұл альбомды қолына алған әр адам жаңа әрі қызықты дүниелер ашады деп үміттенемін».

Кітаптың бір бөлігі сол кезде Орал облысының құрамында болған Гурьев фотографтарына арналған. XIX–ХХ ғасырлар тоғысында небәрі 10 мыңдай тұрғыны бар шағын қалашықта тұтас бір топ фотосурет шеберлері еңбек еткен.

Революцияға дейінгі Атыраудың басты фотошежірешісі деп Владимир Нечаевты атауға болады. Ол қаланың көріністерін түсіріп, кейін олар пошта ашықхаттарында кеңінен таралған. Дәл осының арқасында біз, бүгінгі ұрпақ, ескі Гурьев көшелерінің қандай болғанын аз да болса елестете аламыз.

Фотографтар, әдетте, білімді адамдар болған, олар уезд орталығының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқан. Мәселен, 1917 жылы Владимир Нечаев қазан айында құрылған Гурьев музыкалық-драмалық үйірмесінің басқарма төрағасы болып сайланып, спектакльдерді қоюшы әрі әртүрлі рөлдерді орындаушы ретінде танылған.

Фотограф Павел Нечаев (мүмкін Владимирдің туысы) негізінен  отбасылық фотоальбомдар үшін студиялық түсірілімдермен айналысқан.

Михаил Поликарпов (1848, Гурьев – 1913, Гурьев) туралы көптеген өмірбаяндық деректер жинақталған. Ол дворян әулетінен шыққан, Орынбордағы Неплюев кадет корпусын тәмамдаған. Михаил Иванович өмірінің көп бөлігін мемлекеттік қызметке арнаған: орыс тілі мұғалімі, әскери шаруашылық басқармасында қызметкер, іс жүргізуші-хатшы, губерниялық хатшы болып жұмыс істеген. Сонымен қатар қайырымдылықпен де айналысқан.

Оның түсірген суреттері француз саяхатшысы Поль Лаббенің «Ресей жолдарымен. Волгадан Оралға дейін» атты кітабын көркемдеген. Лаббе Прикаспий өңіріне 1898 жылы келген.

Михаил Поликарпов көпес Федот Тудаковтың қызына үйленген. Федот Тудаков – Успен шіркеуінің негізін қалаушы. Поликарпов қайтыс болғаннан кейін сол шіркеудің қоршауында, храм қабырғасының жанында жерленген.

Сонымен қатар, Ресей мемлекеттік тарихи архивінің деректеріне сәйкес, Гурьевте фотосуретпен Павел Львов (Қазан губерниясының шаруасы), Алексей Пичугин (Нижегород губерниясының шаруасы), Дмитрий Шеин (Астрахан губерниясының шаруасы), сондай-ақ Д.Е. Крестов пен Максимов айналысқан.

Өкінішке қарай, фотошежірешілердің еңбектерінің бәрі бүгінгі күнге жеткен жоқ. Тіпті олардың бірде-бір фотопортреті сақталмаған.

Осы және басқа да көптеген тарихи, өлкетанулық деректерді жаңа кітаптан табуға болады. Ол кең оқырман қауымына, көне дәуірді сүйетін әрі бағалайтын барша жанға арналған.

Лев ГУЗИКОВ

Фотосуреттерді Д. Алёхин ұсынды, сондай-ақ автордың жеке архивінен алынды

Бүгін, 14:29

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Наурыз 2026 15:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see181

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see164

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see161

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see159

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see158

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see157

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see157

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see157

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see155

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see154

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see154

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see153

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see152

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see152

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see152

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see151
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары