Жол сапасын бақылауға жауапты 22 сарапшы жұмыстан босатылды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жыл басынан бері республикалық жолдардан 1 670 ақау анықтап, сапаға тиісті бақылау жүргізбеген 22 техникалық қадағалау сарапшысын жұмыстан босатты. Міндетіне салғырт қараған мамандарға жалпы сомасы 53,4 миллион теңге айыппұл салынды.
Жыл басынан бері ұлттық компания мамандары жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын анықтау үшін 50-ге жуық тексеру жүргізген. Тексеру барысында жолдағы шұңқырлар мен ойықтар, жарықтар, асфальтбетон жамылғысының ығысуы, жолтабандар және жолды пайдалануға кедергі келтіретін өзге де кемшіліктер тіркелді.
Қазіргі уақытта анықталған 1 670 ақаудың 831-і (49,8%-ы) толық жойылды. Қалған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әрбір анықталған дерек бойынша жауапты тұлғалар анықталып, тиісті жаза қолданылды.
«ҚазАвтоЖол» өкілдері ақаудың анықталуы жұмыстың қабылданғанын білдірмейтінін ескертті. Тексеруден өтпеген мердігер ұйымдар барлық кемшілікті өз есебінен жоюға міндеттелді.
Республикалық маңызы бар жол желілерінде сапаны тексеру жұмыстары әрі қарай да жалғасады.
Кеше, 15:09
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 08:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















