Жұмысымнан көрмеген жақсылықты халықтан көрдім : 33 жыл бойы мал баққан қарияға кәсіпкер үй сыйлады (видео)
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
33 жыл бойы мал баққан Рахат Сәрсеновтің отбасына жергілікті кәсіпкер Ақтөбе қаласынан баспана сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осы істі зерттеуге кіріскен журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде видео жариялап, қуанышты жаңалықты бөлісті.
«Жұмысымнан көрмеген жақсылықты халықтан көрдім» деп, Рахат ата көз жасына ерік берді. Қиын сәтте қолдау көрсеткен кәсіпкерге және барша қазақ еліне Алла разы болсын! Ал іске келер болсақ, заңгерлік жұмыстар басталып кетті. Қажетті арыздар дайындалып, құқықтық тұрғыда күрес жалғасып жатыр. Біз бұл істі соңына дейін бақылап, барлық тараптың пікірін YouTube арнама жариялаймын», - деп жазды Руслан өтепбай.
Айта кетейік, 33 жыл бойы жылқы баққан 60 жастағы азамат Рахат Сәрсеновтің ісі қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ол 100 жылқы ұрлады деген айыппен 7 жылға сотталған. Алайда апелляциялық сот істі қайта қарап, оны сот залынан босатты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 22:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















