Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Кимешекке көмкерілген тарих

Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгерді

Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгерді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2026 жылғы 28 қазаннан бастап өтініш пен құжаттардағы қателерді түзетуге үш жұмыс күніне дейін уақыт беріледі.

Жаңа тәртіпке сәйкес, өтініште немесе ұсынылған құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталса не олардың нысаны мен мазмұны талаптарға сай келмесе, қызмет көрсетуші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Бұл жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама беріледі. Ал ұсынған құжаттары, соның ішінде түпнұсқалары өзіне қайтарылады.

Өтініш беруші анықталған кемшіліктерді түзетіп, құжаттарын белгіленген мерзім ішінде қайта тапсыруы керек. Қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі алғаш жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайды.

Кемшіліктер уақытында түзетілсе, өтініш пен құжаттар алғаш жүгінген күні қабылданған болып есептеледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін есептеу кемшіліктер түзетілген сәттен бастап жалғасады.

Ал кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе, өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Әлеуметтік төлем тағайындау үшін мансап орталығына жүгінген кезде өтінішті қабылдайтын маман "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы сұрау жібереді.

Осы сұрау негізінде "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" жүйесінде мына жағдайлар тексеріледі:

- жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік тәуекел туындаған айдың алдындағы соңғы 24 айда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін әлеуметтік аударымдардың төленбегені;- қатысушының Кодекске сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің алты айдан аз болуы.

Цифрлық жүйеден мәліметтер алынғаннан кейін немесе жүйедегі мәліметтер сәйкес келмеген не болмаған жағдайда өтініш беруші қажетті құжаттарды ұсынған соң, мансап орталығының маманы оған түскен әлеуметтік аударымдар туралы хабарламаны танысу үшін береді. Содан кейін өтінішін қабылдап, қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің жыртылмалы талонын табыстайды.

Өтініш беруші өтініш бланкісін толтыру кезінде түскен әлеуметтік аударымдар туралы хабарламамен танысқанын растайды.

Өтініштен, цифрлық жүйеден алынған мәліметтерден және өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінен тұратын электрондық өтінім өтініш қабылданған күні Мемлекеттік корпорацияның қалалық немесе аудандық бөлімшелеріне жіберіледі.

Құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішті қабылдаған маманның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Адамның әлеуметтік төлем тағайындатуға құқығы туындаған кезде, ұялы телефон нөмірі порталда тіркелген болса, оған қызмет проактивті түрде көрсетіледі.

2026 жылғы 28 қазаннан бастап мынадай тәртіп қолданысқа енгізіледі:

Екінші деңгейдегі банктің цифрлық нысаны арқылы әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген кезде өтініш беруші өтінішті автоматты түрде қалыптастыру үдерісін бастайды. Осы кезде оған өтініш бланкісінде көзделген міндеттемелер мен шарттар туралы хабарланады.

Электрондық өтінішке қол қоймас бұрын өтініш беруші банктің мобильді қосымшасында түскен әлеуметтік аударымдар туралы хабарлама алады. Бұл хабарлама "Е-макет" автоматтандырылған цифрлық жүйесінде белгіленген нысан бойынша қалыптастырылып, танысу үшін ұсынылады.

Өтініш нысанында көзделген мәліметтерді банктің цифрлық нысаны "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне сұрау жіберу арқылы алады.

Мәліметтер алынғаннан кейін банктің цифрлық нысаны "Е-макет" жүйесіне қосымша сұраулар жібереді. Бұл сұраулар арқылы әлеуметтік төлемнің бұрын тағайындалмағаны және төленбегені, оны тағайындауға өтініш берілмегені немесе проактивті қызмет арқылы келісім ұсынылмағаны, сондай-ақ өтініш берушінің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатыны туралы мәліметтер алынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген фактілер болмаған және өтініш берушінің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатыны расталған жағдайда, мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде электрондық өтініш қалыптастырылады. Өтініш беруші онымен танысып, өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.

Екінші деңгейдегі банктің цифрлық нысаны электрондық өтінішті "Е-макет" автоматтандырылған цифрлық жүйесіне жібереді. Жүйеде ұсынылған мәліметтердің толықтығы тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін өтінім азаматтардың әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініштерін тіркеуге арналған электрондық журналда автоматты түрде тіркеледі. Содан соң өтініш берушіге банктің мобильді қосымшасы арқылы өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

"Е-макет" жүйесінде электрондық іс макеті және Қор филиалының әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімінің жобасы автоматты түрде қалыптастырылып, Қор филиалына жолданады.

Әлеуметтік төлем азаматтың кәсіптік оқудан өтіп жатқанына қарамастан, оны алуға құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады. Алайда төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғаннан кейін төленбейді.

Төлемнің тағайындалу мерзімі әлеуметтік аударымдар төленген кезеңге байланысты:

- 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар төленсе – бір айға;- 12 айдан 24 айға дейін төленсе – екі айға;- 24 ай және одан көп уақыт төленсе – үш айға тағайындалады.

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 45%-ынан аспауға тиіс. 2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды.

Қайта жүгінген жағдайда әлеуметтік төлем соңғы рет төлем алған айдан кейінгі 12 күнтізбелік ай өткен соң тағайындалады. Бұл ретте бұрын әлеуметтік төлем алынған әрбір ай үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен 12 ай шегеріледі.

Жұмыссыз азамат кәсіптік оқудан өткен жағдайда әлеуметтік төлем тоқтатылмайды.

Қағидаларға өзге де өзгерістер енгізілді.

Бұйрықтың жекелеген абзацтарын қоспағанда, қалған ережелері 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 16:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see128

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see123

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see113

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see109

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see109

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see109

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары