Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жылу беру маусымындағы өрт: құтқарушылар елордадағы жер үйлерге рейд жүргізіп жатыр

Жылу беру маусымындағы өрт: құтқарушылар елордадағы жер үйлерге рейд жүргізіп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Акция аясында қалада 50 дана көмірқышқыл газының датчигі орнатылды.

ТЖМ мен қалалық ТЖД қызметкерлері, волонтерлер, полиция өкілдері, әкімдік қызметкерлері және «Астана-РЭК» ЖШС мамандары Сарыарқа ауданы бойынша үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. Атап айтқанда, түтін мұржаларын тазарту, көмірқышқыл газы датчиктерін орнату және пеш жабдықтарын пайдалануда сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

«Акцияның мақсаты – өрттің пайда болу қаупін азайту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың үй жағдайындағы қауіпсіздік ережелері тұрғысынан хабардарлығын арттыру.

Ерекше назар қарт адамдар тұратын үйлер мен көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ пешпен жылытылатын тұрғын үйлерге аударылады», — деді Астана қаласы ТЖД ӨҚҚБ инженері Ерназар Қаршыға.

Астана қаласы ТЖД деректеріне сәйкес, өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде тіркеледі.

«Талдау нәтижелері көрсеткендей, өрттің негізгі себептері – электр құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (73%), пешпен жылытқанда отты абайсыз қолдану (13%), сондай-ақ халықтың өрт қауіпсіздігі талаптары туралы жеткілікті ақпараттанбауы болып отыр.

Азаматтар көбіне істен шыққан немесе қолдан жасалған жылыту құрылғыларын қолданады, электр желілерін шамадан тыс жүктейді, пеш пен түтін мұржаларының жағдайын тексермейді», — деп түсіндірді мамандар.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті әкімдікпен бірлесіп 2025-2026 жылдардың жылыту маусымына арналған тұрғын секторда өрттің алдын алу шараларының жоспарын әзірледі.

«Жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын сектор бойынша 80 рейд жүргізілді, қаланың 31 000 үйінің ішінен 4 437-і қамтылды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың шамамен 8 000 дерегі анықталды. Департамент есебінде әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын 1 738 отбасы бар, олардың 704-і жеке тұрғын үйлерде тұрады. Бұл отбасылардың барлығы профилактикалық жұмыстармен толық қамтылды, ал олардың тізімдері мекенжайлық көмек көрсету үшін уәкілетті органдарға жолданды», — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы төрт жылда әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне 3 000-нан астам көмірқышқыл газы датчигі орнатылды. Биыл аудан әкімдіктерімен бірлесіп тағы 233 отбасы датчиктермен қамтылды. Сонымен қатар, оннан астам үйде пештер мен электр сымдары жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді.

Бүгінде қалада барак үлгісіндегі 497 жалдамалы үй тіркеуде тұр. Полиция және әкімдік қызметкерлері 175 жоспардан тыс тексеру жүргізді, ал 2024 жылы 165 мәрте тексерілген. Тексеру нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1 045 дерегі анықталды.

Құтқарушылар өрт пен көмірқышқыл газымен улану жағдайларын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы да еске салады:

электр құралдарын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз; электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз; тек жарамды құралдарды пайдаланыңыз және пеш пен түтін мұржаларын үнемі тексеріңіз; жылыту құралдарының үстіне киім немесе мата кептірмеңіз; сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз; көмірқышқыл газы және түтін датчиктерін орнатыңыз.

Өрт немесе түтін сезілген жағдайда бірден «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Айта кетейік, Астанада цех отқа оранды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 18:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары