Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Зор мәртебе, ерекше құрмет!: Димаш Құдайберген жауапты қызметке тағайындалды

Зор мәртебе, ерекше құрмет!: Димаш Құдайберген жауапты қызметке тағайындалды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін, 8 желтоқсанда Женевада өткен жыл сайынғы сессия барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді. Бұл тағайындау Димаштың ұзақ жылдар бойғы қиын жағдайларға тап болған адамдарды қолдау ісіне деген адал қызметін білдіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

2024 жылы Димаш ХКҰ-ның өңірлік Ілгілік Елшісі болып тағайындалған еді. Ол өзіне тиесілі жаһандық платформа арқылы мигранттардың мәселелеріне қоғам назарын аударып, олардың интеграциясына жәрдемдесіп, сондай-ақ қаражат жинау шараларына қатысып, ұйымның жұмысына қолдау көрсетіп отырды.

2024 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстанға сапары аясындағы кездесуде Димаш гуманитарлық қызметін өзінің өнері арқылы ілгерілету жөніндегі көзқарасын білдірген болатын.

2025 жылы Димаш ХКҰ-мен ынтымақтастығын кеңейтіп, бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырды. Ол Рамазан айына орай ХКҰ-ның ақпараттық науқанына қатысып, бүкіл әлемдегі миллиондаған оқырмандарына мейірім мен жанашырлыққа үндеген үндеулер жолдап, адам саудасы мәселесіне және осал топтарды қорғаудың маңыздылығына да назар аударған болатын. Сонымен қатар, ол ХКҰ-ның Бас директорымен кездесіп, гуманитарлық дағдарыстардан зардап шеккен адамдарды қолдауға деген шынайы пейілін білдірді.

«Stranger» әлемдік туры аясында Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон және Берлин қалаларында өткен концерттерінде Димаш инклюзивтілік пен тұрақтылық идеяларын ілгерілетіп, көрермендерді ХКҰ-ның гуманитарлық қызметін қолдауға шақырды. Осы концерттер арқылы ол әлемнің 100 000-нан астам көрерменін қамтып, ХКҰ қызметінің танымал болуына және көпшіліктің назарын аударуға ықпал етті. Ең бастысы, оның еңбегі қиын жағдайда қалған адамдарға назар аудартуға мүмкіндік беріп, әрбір дағдарыстың артында өз өмірін қалпына келтіруге ұмтылған жандар тұрғанын еске салды.

2025 жылғы 8 желтоқсанда өткен сессия барысында Димаш ХКҰ-на мүше мемлекеттер делегациялары мен қызметкерлері қатысқан аудитория алдында өзінің «S.O.S d’un terrien en détresse» атты танымал туындысын орындады. Оның гуманитарлық қызметін бағалай отырып, ХКҰ Димашқа «Stranger» туры кезінде Ұйым миссиясын ілгерілетуге бағытталған қызметі, сондай-ақ қоныс аударған және осал топтармен ынтымақтастыққа шақырған үндеу-қаракеттері үшін алғысын білдірді.

«Димаш өз дауысын тек тыңдаушыларына ерекше әсер қалдыру үшін ғана емес, сонымен қатар қиындықтардан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, көмектесіп, сондай-ақ олардың мәдени ерекшелігін таныту үшін де пайдаланады», – деді ХКҰ бас директоры Эми Поуп.

«Оның музыкасы шекараларды бағындырса, ал қызметі назардан тыс қалатын адамдардың өміріне назар аудартады. Олардың өмірін халыққа таныстыра отырып, ол ХКҰ жұмысының негізіне айналған төзімділік пен инклюзивтілік рухын көрсетуге тырысады. Біз оны ХКҰ-ның жаһандық ізгілік елшісі ретінде көргенімізге қуаныштымыз, сондай-ақ, оның бұл іске ерекше үлес қосатынына сеніміміз мол».

Жоғары жиын алдында ХКҰ-ның жаһандық Ізгілік Елшісі Димаш Құдайберген сөз сөйледі.

«Құрметті Бас директор Эми Поуп ханым және бүгінгі кездесуге келген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Бүгін, дәл осы жерде сіздермен бірге болғаным үшін өте қуаныштымын және бұл мен үшін зор мәртебе. 2024 жылы ХКҰ-ның өңірлік Ізгілік елшісі ретінде қызметімді бастаған кезден бастап маған білдірген сенімдеріңіз үшін де өз ризашылығымды айтамын. ХКҰ-мен жұмыс істеу – менің өмірім мен шығармашылық жолымдағы ең маңызды бағыттардың біріне айналды. Әрбір науқан, әрбір бастама, әрбір әңгіме барысында бұл ұйымның белгісіздікке, көші-қонға және түрлі қиындықтарға тап болған адамдар үшін аса маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздім. Жаһандық Ізгілік елшісі атағын алу – ерекше құрмет. Бұл мәртебені үлкен кішіпейілділікпен әрі зор жауапкершілік сезімімен қабылдаймын. Жаһандық елші ретінде мен мигранттардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қауіпсіз көші-қон туралы қоғамның хабардарлығын арттыруды жалғастырамын. Инклюзивтілік пен тұрақтылық құндылықтарын ілгерілетуге де күш саламын. Сондай-ақ қаражат жинау және төтенше жағдайларға ден қою бағытындағы жұмыстарыңызды да қолдауды жалғастырамын. Сөзімді аяқтамас бұрын әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарыма – менің қымбатты Dears қауымына алғыс айтқым келеді. Олардың көпшілігі менің турым барысында өткен гуманитарлық бастамаларыма, соның ішінде ХКҰ миссиясына қатысты жобаларыма қолдау көрсеткен болатын. Олардың мейірімділігі мен өзгеге қолұшын беруге деген әзірлігі мені шынымен шабыттандырады. Енді ана тілімде бір ауыз сөз қосқым келеді. Мен үшін ХКҰ-ның жаһандық Ізгілік елшісі болу – ең алдымен үлкен жауапкершілік. Алайда осы миссия арқылы қауіпсіз көші-қонды қолдай отырып, мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, барлық қауымдастықтарды біріктіруге үлес қосқым келеді. Әрбір жүрек – бізді жақындастыратын жарық, сол жарық арқылы біз бір үлкен әлемді бірге құрып келеміз. Тағы да осы зор құрмет үшін алғысымды білдіремін. Мен ХКҰ отбасының бір мүшесі болғанымды мақтан тұтамын және сіздермен бірге осы маңызды жолды әрі қарай жалғастыруға әрқашан дайынмын», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Желтоқсан 2025 23:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары