Жүрек қан тамыр ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 2050 жылға қарай 73 пайызға өсуі мүмкін
Qazaq24.com информирует, ссылаясь на сайт Informburo.KZ.
2050 жылға қарай жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 73 пайызға артып, 36 миллионға жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 16 миллионға көп. Бұл туралы Oxford Acaemic сайтында жаияланған зерттеуде айтылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, 2022 жылы жүрек-қан тамырлары ауруларынан 19,8 миллион адам көз жұмған, бұл әлемдегі жалпы өлім-жітімнің 32 пайызын құрайды.
Сонымен қатар, мүгедектікке бейімделген өмір жылдары (DALY) көрсеткіші бойынша өлшенген жалпы жүктеме 55 пайызға өседі деген болжам бар. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі әсіресе 2-типті қант диабеті бар науқастар арасында өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып отыр.
Қазақстанда 2013-2020 жылдар аралығында қан айналымы жүйесі ауруларының жалпы таралуы 40 айызға, ал бастапқы тіркелуі 32 пайызға өсті. Дегенмен, стандартталған өлім-жітім көрсеткіші шамамен 37 %-ға төмендеді, бұл профилактикалық бағдарламалардың және кардиологиялық орталықтарды дамыту шараларының тиімділігін көрсетеді.
"Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімнің өсуі дәрігерлерді де, бүкіл қоғамды да алаңдатып отыр. Жүрек саулығына қамқорлық жастық шақтан басталуы тиіс. Ондай шараларға салмақты бақылау, темекіден бас тарту, дене белсенділігін арттыру, тұрақты тексерулерден өту және бүйрек жағдайына назар аудару жатады Тек кешенді тәсіл мен жеке жауапкершілік алдағы онжылдықтарда миллиондаған мезгілсіз өлімнің алдын алуға мүмкіндік береді", – деді "Денсаулық" ұлттық қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары, дәрігер Гинтаутас-Юозас Кентра.
Другие новости на эту тему:
Просмотров:69
Эта новость заархивирована с источника 26 Ноября 2025 10:52 



Войти
Новости
Погода
Магнитные бури
Время намаза
Драгоценные металлы
Конвертор валют
Кредитный калькулятор
Курс криптовалют
Гороскоп
Вопрос - Ответ
Проверьте скорость интернета
Радио Казахстана
Казахстанское телевидение
О нас








Самые читаемые



















