Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер артты

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер артты

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елде қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері артты. Базалық және ынтымақты зейнетақы 10 пайызға өсті.

Мемлекеттік жәрдемақылар көлемі де ұлғайды. Биыл әлеуметтік көмек саласында тағы қандай өзгеріс бар? 

Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 4 325 теңгеге жетті. Былтыр ол 3932 теңге еді. Сәйкесінше, елде жәрдемақы мен түрлі әлеуметтік төлемдердің көлемі артты. Енді мемлекет әрбір жаңа туған балаға 149 416 теңгенің орнына 164 350 теңге төлейді. Екінші және үшінші туған балаға осындай көлемде жәрдемақы қарастырылған. Төртінші және одан кейінгі баланың туылуына 272 мың теңгеден астам біржолғы төлем төленеді. Сондай-ақ көпбалалы отбасыларың ай сайынғы жәрдемақысы былтырға қарағанда көбейді. Жаңа жылдан бастап барлық топтағы мүгедектігі бар адамдардың жәрдемақысы да артты.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

1, 2, 3 балаға -  ₸149  416 - ₸164 350

4 бала және одан кейін - ₸247  716 - ₸272  475

Көпбалалы отбасыларға ай сайын жәрдемақы

4 бала - ₸63  030 -  ₸69 330

10 бала - ₸157  280 - ₸173  000

Жақсыбек Жиеналиев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы, әлеуметтанушы:

- Қазіргі кезде мемлекетпен бекітілген 42 әлеуметтік төлемнің түрі бар. 2025 жылы 6,5%-ға өссе, бүгінгі таңда бұл төлемдердің пайыздық көрсеткіші 10 %-ға өсіп отыр. Бұл бірінші кезекте ішкі инфляцияға байланысты соған сәйкес жыл сайын индексацияланып отырады осы төлемдер. Қазақстандағы әлеуметтік төлем азаматтардың базалық өмірлк қажеттіліктерін өтеуге бағытталған.

Биыл әлеуметтік төлем тағайындау процесінде ауқымды цифрлық реформа күтіледі. Бір жағынан қағазбастылық азайса, екінші жағынан ашықтық артады. Бұған дейін анықталып жүрген заңсыздықтарды тыйып, әлеуметтік осал топтарды тиісті қолдаумен қамту көзделіп отыр.

Жақсыбек Жиеналиев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы, әлеуметтанушы:

- Біздерде көбісі шатастырып жатады. Жалпы әлеуметтік төлемдерді мұқтаж адамдарға берілетін бұны қосымша табыс көзі деп қарайтындар көбейіп кетті. Бұл олай болмауы керек. Бұл уақытша азаматтарға қиын жағдайда қалған уақытша жәрдемдесу, олардың әрі қарай жұмыс істеп кетуіне, олардың кәсіби тұрғыдан өзін дамытуына, білімін, біліктілігін арттыруына жұмсалуы керек ақша. Мемлекеттік ресурсты жауапты органдар тиімді жауапкершлікпен пайдаланса өзінің нәтижесін береді. Санға емес, сапаға бағытталуы керек жұмыс.

Президент таяуда Түркістан газетіне берген сұхбатында: Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру үшін, ең алдымен, мәселені шешу жолдарын өзгерту қажет, - деді. Мемлекет көмекке шын мұқтаж адамдарға ғана тікелей, атаулы өтемақы төлеу арқылы қолдау көрсетуге міндетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және мәдениет саласына қатысты барлық міндеттеме толық орындалады. «Сырт көз – сыншы» деген сөз бар. Шетелдіктер, әсіресе, көрші мемлекеттердің тұрғындары біздің елдегі әлеуметтік қызметтің соншалықты дамығанына қызыға да, қызғана да қарайды. Соның ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек және азаматтарға арналған көптеген жеңілдік бар.

Айта кетерлігі, биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көлемі де 10 пайызға артты. Оның нақты сомасы отбасының жан басына шаққандағы кірісіне, отбасы мүшелерінің еңбекке қабілеттілігіне, балалар санына және өңірдің ең төменгі көнкөріс деңгейіне сай белгіленеді. Төлемді былтыр ел бойынша 54 мың шаңырақ алып, қазынадан 30 млрд теңге жұмсалды. Ал 66 мың отбасыға құжаттың дұрыс болмауы, талапқа сай келмеуіне байланысты атаулы көмек тағайындаудан бас тартылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары