Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресей мен АҚШ тың Украина бойынша келіссөздері бейбітшілікпен аяқталуы мүмкін Орбан

Қайран, Майра... : Асанәлі Әшімовтің ешқайда жариялмаған суреттері жарыққа шықты (ФОТО)

Әлеуметтік желіде Kinder өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат тарады

Шағын бизнестен түсетін салықтар әкімдіктердің қарамағында қалады Бектенов

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

Боксшы Дулат Бекбауов шаңырақ көтерді

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

Қазақстанда микробизнеске салықтық қысым азаяды: жаңа шекті сомалар енгізіліп жатыр

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс жалғасуы мүмкін

2026 жылы Ресейге жұмыс істеуге 40 мың үндістандық келеді

1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал

1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңа жылмен бірге жаңа Салық кодексі де күшіне енеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық жүйесі түбегейлі жаңарады. Бұл бір мезетте қабылданған шешім емес. Айлар бойы Үкімет, депутаттар мен бизнес өкілдері қатысқан талқылаулардың нәтижесі. Алайда қоғамды алаңдатқан басты сұрақ: Жаңа салық реформасы базардағы бағаны қаншалықты өзгертеді?

Фото: Ерлан Омар

Арнайы салық режимі: кеңейген тізімнен қысқарған шешімге дейін

Салық реформасы аясында арнайы декларацияға негізделген салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізімінің кеңейтілуі жоспарланды. Үкімет, Мәжіліс депутаттары және бизнес өкілдері қатысқан талқылаулар ұзаққа созылды. Қыркүйек айында депутаттар тыйым салынуы мүмкін қызмет түрлерінің саны шамамен 1000 ЭҚТЖЖ-ге жетуі ықтимал екенін хабарлады.

Кейін Ұлттық экономика министрлігі арнайы декларацияға негізделген салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерінің тізімін бекітетін үкіметтік жобаны жариялады. Онда 1111 ОКЭД-тің 795 түрі қамтылып, бұл салық төлеушілердің шамамен 30%-на тең екені айтылды. Бұл дерек кәсіпкерлер арасында алаңдаушылық тудырды.

Қазан айында Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың шағын және орта бизнеске кері әсерін азайту үшін бірқатар шешім қабылдады. Соның нәтижесінде арнайы декларацияға негізделген салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерінің саны қазіргі заңнамаға сәйкес бар болғаны 44-ке дейін қысқартылды.

Үкімет уәжі: уақытша ауыртпалық – ұзақмерзімді нәтиже

Үкімет өкілдері бұл өзгерістерді уақыт талабы деп түсіндіреді. Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, салық жүйесін жаңғырту көлеңкелі экономиканы азайтып, адал кәсіпкерлерге тең жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Министр қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өсуі инфляцияға әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда бұл ықпал шамамен 2-3% деңгейінде және уақытша сипатта болады деген есеп бар.

«Мұндай маңызды салада тәжірибе жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл – кофемен бал ашу емес. Біз бір жыл бойы бизнес пен қоғаммен ашық талқылау жүргіздік. Мен бұл реформаның үйлестірілуі мен нәтижесі үшін жауаптымын», деді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы мөлшерлемелерін қайта қарау – әлемдік тәжірибеде кең тараған қадам. Сонымен қатар салық берешегі бар кәсіпкерлерге қарызын кейінге қалдыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады

Салық берешегінің шекті сомасы: бизнесті «тиын-тебенмен тұсау» доғарыла ма?

Салық реформасы мөлшерлемелермен ғана шектелмейді. 2026 жылдан бастап салық борышы үшін кәсіпкерлердің шоттарын бұғаттау тәртібі өзгереді. Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев салық берешегінің шекті сомасын көтеру туралы маңызды мәлімдеме жасады.

Салық берешегінің шекті сомасы: Мәди Такиев бизнеске жеңілдік жасаудың себебін түсіндірді

Министрдің айтуынша, бұған дейін салық пен әлеуметтік төлемдер бойынша нақты төменгі шек болмағандықтан, тіпті тиын-тебен үшін де микро және шағын бизнес субъектілерінің шоттары бұғатталып келген.

«Борышкерлердің шамамен 72%-ның мойнында 6 айлық есептік көрсеткішке, яғни шамамен 26 мың теңгеге жетпейтін қарыз бар. Соның салдарынан шығыс операциялары тоқтатылып, бизнес уақытынан да, қаржысынан да айырылып отыр», деді Мәди Такиев.

Жаңа ережелерге сәйкес, 87 мың теңгеге дейінгі (20 АЕК) салық берешегі үшін шот бұғатталмайды. 87 мыңнан 195 мың теңгеге дейінгі (20-45 АЕК) қарыз кезінде шығыс операциялары тек өтелмеген борыш сомасы көлемінде ғана уақытша тоқтатылады. Ал 195 мың теңгеден асқан жағдайда (45 АЕК-тен жоғары) мүлікті тізімдеу, сату және дебиторлық берешек есебінен өндіріп алу сияқты қатаң шаралар қолданылады. Әлеуметтік төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алудың төменгі шегі де шамамен 26 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады

Сонымен қатар Үкімет басшысы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі жергілікті әкімдіктердің иелігінде қалатынын атап өтті. Бұл өңірлердің кәсіпкерлерді жазалауға емес, қолдауға мүдделі болуына жол ашпақ.

Кәсіпкерлер дабылы: бағаны ұстап тұру қаншалықты мүмкін?

Реформаның әлеуметтік салмағы өңірлерде ерекше сезіледі. Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімін 33 позицияға дейін кеңейту бастамасына алаңдаулы.

«Үй жанындағы дүкендер жоғары өзіндік құн жағдайында жұмыс істейді. Ал 33 позиция бойынша сауда үстемесін 10–15 пайызға шектеу шығынды жабуға мүмкіндік бермейді. Бұл дүкендердің жабылуына әкелуі мүмкін», деді Палата директоры Қайрат Мамырбаев.

Ал Палатаның құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Айжан Жәңгірханова әкімшілік жүктеменің артатынын ескертеді.

«Дүкендер бағаны қалыптастырмайды, бірақ жауапкершілік соларға жүктеледі. Бұл тапшылық қаупін арттыруы мүмкін».

Отандық тауар өндіруші – «Тәп-тәтті» компаниясының қаржы директоры Абдуллаев Марат Сайлаубекұлы салық реформасының өндіріс саласына әсерін былай сипаттайды:

«Біздің компания отандық тауар өндіруші болып саналады. Салық кодексінде отандық өндірушілерге белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған. Алайда бағаны ұстап тұру мердігерлерге тікелей байланысты. Себебі олар шағын және орта бизнестің өкілдері әрі жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейді», деді.

Оның айтуынша, жаңа Салық кодексі жағдайды күрделендіруі мүмкін.

«Жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істейтін субъектілер кейбір шығындарды есептен шығара алмайды. Соған қарамастан біз бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Кем дегенде жаңа жылдың бірінші тоқсанында бағаны өсіру жоспарланған жоқ», Марат Сайлаубекұлы.

Кәсіпкер салық жүктемесінің артуы екі түрлі салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Біріншісі – экономикалық рецессия, яғни ішкі жалпы өнімнің азаюы. Екіншісі – экономикалық құлдырау. Біз өндірісті арттыру жолын таңдап отырмыз, яғни бағаны мүмкіндігінше ұзақ ұстап тұруды көздейміз. Алайда экономикалық конъюнктура бәрін өзгертуі мүмкін», деді ол.

Инфляцияның ішкі және сыртқы себептері

Экономист Қайырбек Арыстанбеков қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өсуі бағаның қымбаттауына ықпал ететінін ашық айтады.

«Әлбетте, 2026 жылдан бастап күшіне енетін қосылған құн салығының мөлшері елде бағаның көтерілуіне әсер етеді. Біз базардағы тауарларды екі санатқа бөліп қарауымыз керек: азық-түлік тауарлары және азық-түлік емес тауарлар. Халықтың қалтасына ең қатты әсер ететіні – азық-түлік бағасы», деді ол.

Оның айтуынша, баға өсімі сыртқы және ішкі факторларға байланысты.

«Біріншіден, бұл – сыртқы факторлар. БҰҰ зерттеулеріне сүйенсек, бүкіл әлемде азық-түлік қымбаттап жатыр. Екіншіден, ішкі факторлар бар. Ол – Үкімет пен Ұлттық банктің экономикалық саясатының сапасы, деді экономист.

Экономист көлеңкелі экономиканың үлесіне де тоқталды. Сонымен бірге, ол Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тәуелділікті атап өтті:

«Біздің деректер бойынша көлеңкелі экономиканың салмағы ішкі жалпы өнімнің шамамен 20-25 пайызын құрайды. Демек, сол көлемнен мемлекет салық жинай алмай отыр. Ресейдегі ішкі нарықтық бағалар Қазақстаннан жоғары. Сондықтан көрші елдегі баға өсімі бізге бәрібір ықпал етеді. Бұл – экономикалық тәуелділіктің бір көрінісі», деді.

Бағаның «таза механикасы» және күтудің психологиясы

Экономист Андрей Чеботаревтің айтуынша, қосылған құн салығының өсуі бағаға бір реттік тікелей әсер етеді:

«Таза есеп тұрғысынан алғанда, түпкілікті бағаға бір реттік ең жоғарғы әсер шамамен 3,6 пайызды құрайды. Яғни баға «негіз × 1,12»-ден «негіз × 1,16»-ға өзгереді», дейді.

Алайда ол нақты өмірде бұл өсім біркелкі болмайтынын айтады. Экономист баға өсімінің психологиялық қырына да назар аударды.

«Іс жүзінде баға өсімі әртүрлі сегменттерде әрқалай байқалады. Кейбір компаниялар ҚҚС өсімін өз маржасы есебінен жабады, кейбірінде ұзақмерзімді келісімшарттар әсер етеді. Күтулер нақты факторға айналады. Кәсіпкерлер бағаны алдын ала көтереді, ал тұтынушылар «бәрібір өседі»  деген оймен соған бейімделеді. Бұл екінші айналымды инфляцияны тудырады», дейді сарапшы.

Осылайша, салық реформасына қатысты пікірлер сан алуан. Бірі – көлеңкелі экономиканың қайта жандануынан қауіптенсе, екіншісі – ашық нарыққа өтудің алғышарты деп санайды. 

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет

Президент • Кеше

Президент: Мемлекеттің табанды жұмысы арқылы елордаға газ құбыры тартылды

Инфрақұрылым • Кеше

Алматыда үлкен айналма метро желісі мен LRT іске қосылуы мүмкін

Алматы • Кеше

Қозыбаев атындағы университет жыл өткен сайын жаңғырып жатыр

Ғылым • Кеше

Атырау көшелеріне майдангерлер мен полицейлердің есімі берілді

Қоғам • Кеше

Мал іздеп шыққан ер адамның денесі табылды

Қоғам • Кеше

Астанада музейлердің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды

Мәдениет • Кеше

Биыл Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам жауынгерлік даярлық іс-шарасы өтті

Әскер • Кеше

Абайлықтар баспаналы болды

Аймақтар • Кеше

Тасашылықтардың қуанышын тасытты

Құрылыс • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астанада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-пен стратегиялық диалогы: Қазақстанның халықаралық беделінің жаңа кезеңі

Сұхбат • Кеше

Президент Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді

Президент • Кеше

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салынуы мүмкін

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 00:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресей мен АҚШ тың Украина бойынша келіссөздері бейбітшілікпен аяқталуы мүмкін Орбан

23 Желтоқсан 2025 15:45see107

Қайран, Майра... : Асанәлі Әшімовтің ешқайда жариялмаған суреттері жарыққа шықты (ФОТО)

23 Желтоқсан 2025 12:10see106

Әлеуметтік желіде Kinder өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат тарады

23 Желтоқсан 2025 15:45see105

Шағын бизнестен түсетін салықтар әкімдіктердің қарамағында қалады Бектенов

23 Желтоқсан 2025 12:00see104

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

24 Желтоқсан 2025 22:19see104

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

25 Желтоқсан 2025 02:32see104

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

24 Желтоқсан 2025 04:05see104

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

24 Желтоқсан 2025 15:49see104

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

24 Желтоқсан 2025 14:44see103

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

24 Желтоқсан 2025 22:20see103

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

25 Желтоқсан 2025 02:42see103

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

24 Желтоқсан 2025 15:21see103

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

24 Желтоқсан 2025 18:33see103

Боксшы Дулат Бекбауов шаңырақ көтерді

23 Желтоқсан 2025 16:56see103

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

24 Желтоқсан 2025 14:46see102

Қазақстанда микробизнеске салықтық қысым азаяды: жаңа шекті сомалар енгізіліп жатыр

23 Желтоқсан 2025 12:00see102

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

24 Желтоқсан 2025 04:05see102

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

24 Желтоқсан 2025 05:16see102

Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс жалғасуы мүмкін

23 Желтоқсан 2025 14:36see102

2026 жылы Ресейге жұмыс істеуге 40 мың үндістандық келеді

23 Желтоқсан 2025 09:08see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары