Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

12 рет пышақ сұққан : Абай облысында 20 жастағы бойжеткенді бұрынғы жігіті өлтіріп кеткен

12 рет пышақ сұққан : Абай облысында 20 жастағы бойжеткенді бұрынғы жігіті өлтіріп кеткен

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Махаббат дастаны адам өлімімен аяқталды.  Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлованы өлтірді деген күдікке бұрынғы жігіті ілінді. Марқұмының әкесі қызының денесі 12 жерден пышақталғанын айтады. Ал сараптамада басынан да ауыр жарақат алғаны анықталған. Енді қара жамылған отбасы құзырлы органдардан қылмысты ауыр баппен саралауды талап етуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

20 жастағы Дильназ Жұмағұлова әулеттің жалғыз перзенті. Марқұм Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің II курсын бітірген. Ал оқиға 13 шілде күні болған. Қыз өзінің құрдастарымен кешке жиналып, жастар ауыл ішінде серуен құруға келіскен. Алайда оның замандастары сол күні үйінен шықпай қалған. Ал таңертең марқұмның денесі көшеден табылды.

Марқұмының әкесі қызының денесіне 12 рет пышақ сұғылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мойын тұсын орып түскен сәтте қыз қарсылық көрсетуге тырысқан. Алайда күдікті оны көшенің қақ ортасында сүйреп, пышақ сұққылай берген көрінеді. Ақыры шаршаған сәтте оқиға орынынан қашып кеткен. 

– Содан кейін тастаған. Үстіндегі курткасын шешіп алған. Соның бәрін алып, мына жақтағы орманға апарып, телефоны мен курткасын тығып тастаған, - дейді марқұмның әкесі Сабыржан Темірхан.

Қазір қаршадай қызды жер жастандырды деген күдікке бұрынғы жігіті ілінді. 20 жастағы азамат Бородулиха ауылындағы мектептердің бірінде, Дильназ екеуі қатарлас сыныпта оқыған.  

– Қызым ол жігітпен қарым-қатынасын тоқтатқанын айтқан еді. Алайда  замандастары олар биыл жаздан бастап қайта сөйлесіп жүргенін жеткізді. Негізі екеуі жасты, бір мектепте, қатарлас сыныпта оқыды. Екеуінің арасында қандай жанжал шыққанын білмеймін, – дейді марқұмның анасы Динара Атаева.

Қанды қылмыс болған жер. Қара жамылған отбасының айтуынша, күдікті бірнеше жерден пышақ жарақатын салып, денесін жасырмақ ниетпен 32 метр жерге дейін сүйреп барған көрінеді.

Сараптамада Дильназдың басынан ауыр жарақат алғаны анықталғанын айтуда. Ал ата-анасы бұл қылмысты аса қатыгездікпен жасалды деп санайды. Сондықтан олар істі ауыр баппен қайта саралауды және кінәлінің ең ауыр жаза алуын талап етуде. 

– Біз кінәлі адамның барынша ауыр жаза алғанын талап етеміз. Ол заң талабына сай, толық жазалану керек. Қазір іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Бұл асқан қатыгездікпен жасалған қылмыс. Сондықтан 99-баптың 2-тармағымен саралануы тиіс, – дейді Динара Атаева.

Сонымен қатар ата-анасы қолға түскен күдіктінің қылмыс жасаған пышағы мен киімі даладағы әжетханадан табылғанын айтты. Қазір отбасының заңгері  5-6 томнан тұратын қылмыстық істі бүге-шүгесіне дейін зерделеп жатыр. Ал полиция қызметкерлері адам өліміне қатысты тергеу аяқталғанын жеткізді.

– Күдікті ұсталып  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Процеске қатысушылар қылмыстық материалдармен тансуда. Танысу аяқталғанан кейін қылмыстық іс заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жолданады, – деді Абай облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ержан Телжанов.

Дильназ жоғарғы оқу орнында тарих, география мамандығы бойынша білім алған. Марқұм кәріс және ағылшын тілін жетік меңгерген. Енді зар жылаған отбасы қылмыскер ауыр жаза арқалауын талап етіп отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 20:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see122

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see122

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары