Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

12 сәуір Ғылым қызметкерлерінің күні

12 сәуір Ғылым қызметкерлерінің күні

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанда 12 сәуір – ғылымға ғұмырын арнаған жандардың кәсіби мерекесі. Бұл  – атаулы дата ғана емес, елдің интеллектуалдық әлеуеті айқындалған күн. Жоғары технологиялық зертханалар, халықаралық жобалар, тың жаңалықтар, яғни бүгінде ғалым бейнесі озық дамудың символына айналды. Ал отандық зерттеуші қанша табыс табады? Ғылыми саланың дамуына мемлекет қалай қолдау көрсетіп отыр? Осы сауалдарға шолу жасап көрейік, деп жазады Egemen.kz.

Тарихы терең мереке

Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні 2011 жылдан бастап 12 сәуірде тойланады. Бұл дата кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл осы күні қазақтан шыққан тұңғыш академик, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келген.

Ол Қазақстандағы ғылым жүйесінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. КСРО Ғылым академиясы бөлімшелерінің ашылуына, ғылыми-зерттеу институттарының құрылуына ықпал етіп, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалады.
Сондықтан 12 сәуір – ғылымға өмірін арнаған жандарға көрсетілер құрметтің белгісі.

Ғалымдарға құрмет – елге құрмет

Бұл күні елімізде дәстүрлі түрде салтанатты іс-шаралар өтеді. Ғылыми жетістіктерімен ерекшеленген мамандар мемлекеттік марапаттарға ие болады.

Атап айтқанда, ғалымдар:

• «Парасат»,

• «Құрмет» ордендері,

• «Ерен еңбегі үшін» медалі,

• сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағымен марапатталады.

Жоғары оқу орындарында ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, жас зерттеушілер өз жобаларын таныстырады. Бұл – ғылымдағы жаңа буынның қалыптасуына жол ашатын маңызды алаң.

Қазіргі ғылым: Даму мен жаңғыру кезеңі

Қазақстанның ғылыми саласы соңғы жылдары тұрақты даму динамикасын көрсетіп келеді. Мемлекеттік қолдау мен қаржыландырудың артуы ғылыми зерттеулердің санын көбейтіп, халықаралық ынтымақтастықты күшейтті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ғылым саласы жеткілікті қолдау көрмей, ғалымдар саны үш есеге азайғаны белгілі. Бұл елдің интеллектуалдық әлеуетіне кері әсер етті. Алайда бүгінде жағдай өзгеріп жатыр.

• Үш жыл бұрын Ғылым академиясын жаңғырту басталды

• 2024 жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды

• Инфрақұрылым мен кадр даярлау ісіне басымдық берілді

Бұл қадамдар ғылымды жүйелі түрде дамытуға бағытталған.

Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны

Сандар сөйлесін

Соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге өсті.

Бүгінде:

• Елде 25 мыңнан астам ғалым жұмыс істейді;

• Оның жартысына жуығы 40 жасқа дейінгі жастар;

• Ғылыми мекемелер 40 миллиард теңгеден астам табыс тапқан;

• Мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам салық төленген;

• 14,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылған;

• 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Бұл – ғылымның экономиканың маңызды драйверіне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Президент бастамалары және жаңа мүмкіндіктер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауы ғылым саласына тың серпін берді.

Соңғы жылдары:

• Гранттардың жаңа түрлері енгізілді (жас ғалымдарға, жеке жобаларға, коллаборацияға арналған);

• Магистратура мен докторантураға түсу толықтай электронды форматқа көшті;

• 50 үздік ғалымға жыл сайын 5 млн теңге сыйақы тағайындалды;

• 500 ғалым шетелдік ғылыми орталықтарға;тағылымдамаға жіберу жобасы басталған;

• «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді.

Бұл шаралар ғылымдағы ашықтық пен бәсекелестікті арттыруға бағытталған.

Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?

Ғалым табысы: Нақты көрсеткіштер

Қазақстанда ғылыми қызметкерлердің орташа жалақысы бүгінде шамамен 257 мың теңгені құрайды.

Алайда бұл көрсеткіш:

• 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеруі мүмкін;

• Лауазымға, ғылыми дәрежеге және гранттарға байланысты.

Салыстыру үшін айтқанда, 2024 жылдың І тоқсанында орташа жалақы 382 279 теңге болған.

ЖОО қызметкерлерінің жалақысы – 160,7 мыңнан 350 мың теңгеге дейін, Ұлттық университеттерде 228,8 мыңнан 400 мың теңгеге дейін.

Қосымша үстемақылар:

• PhD немесе ғылым кандидаты – 25 АЕК (92 300 теңге);

• Доцент – 42 АЕК (155 064 теңге);

• Профессор – 50 АЕК (184 600 теңге).

Өсу динамикасы

Ғалымдардың табысы жүйелі түрде өсіп келеді:

• Бұрын орташа жалақы 152 мың теңге болған;

• Қазір 257 мың теңгеге жетіп, 69%-ға артты.

Базалық қаржыландыру жүйесі реформаланып, 1200 жетекші ғалымның жалақысы тұрақтандырылды.

Ғылымды қаржыландыру: Жаңа деңгей

2019-2024 жылдар аралығында ғылымға жұмсалатын шығындар:

• 82,3 млрд теңгеден 219,7 млрд теңгеге дейін өсті.

Ал 2024-2026 жылдарға арналған бюджет:

• 703,6 млрд теңге.

Сонымен қатар:

• 250 ғылыми ұйым халықаралық дерекқорларға қосылған;

• 2297 ғылыми жоба жүзеге асып жатыр;

• 299 ғылыми-техникалық бағдарлама іске қосылған.

Жас ғалымдар – болашақ кепілі

Ғылымға келіп жатқан жастар саны артып келеді. Білім беру бағдарламалары, халықаралық тәжірибе алмасу және гранттық жобалар – осының бәрі жаңа буынның қалыптасуына ықпал етіп жатыр.

Мысалы, «Жас ғалым» бағдарламасы аясында постдокторанттар ай сайын шамамен 500 мың теңге табыс таба алады.

Түйіндей айтқанда, ғылым саласының қызметкерлері қажырлы еңбектерімен, тың жоба-бастамаларымен, батыл идеяларымен және бірегей зерттеулерімен ел дамуына зор үлес қосып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Ғылым • Бүгін, 11:22

Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?

Ғылым • Бүгін, 11:11

Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны

Ғылым • Бүгін, 11:01

Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер

Ғылым • Бүгін, 10:20

Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 10:03

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:38

Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:20

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Президент • Кеше

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

Президент • Кеше

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды

Президент • Кеше

Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді

Президент • Кеше

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады

Білім • Кеше

Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді

Спорт • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары