Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

15 қыркүйек соңғы күн: кірістер туралы декларацияны кім тапсыруы керек

15 қыркүйек соңғы күн: кірістер туралы декларацияны кім тапсыруы керек

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

15 қыркүйекке дейін кейбір қазақстандықтар 270.00 нысаны бойынша табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруы қажет. 2026 жылы кімдер есеп беруге міндетті және қандай мәліметтерді көрсету керек екенін Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Гүлден Хасенова брифингте биыл қазақстандықтар табысы мен мүлкі туралы 2025 жыл үшін есеп беретінін айтты.

Декларацияны кімдер тапсыруы керек?

Хасенованың айтуынша, 270.00 нысанын азаматтардың бірнеше санаты ұсынуға тиіс.

Олардың ішінде:

мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары; заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент-жұбайлары; заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен қатысушылары (жарғылық капиталдағы үлесі 10 пайыздан асатындар) және олардың резидент-жұбайлары; банктердің, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары; нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар; шетелде мүлкі және шетелдік банктердегі шоттарында белгіленген шектен асатын қаражаты бар тұлғалар; цифрлық активтер иелері; 2025 жылы сомасы 20 мың АЕК-тен асатын мүлік сатып алған қазақстандықтар; салықты өз бетінше төлеуге тиісті табыс алған азаматтар; жекелеген салық шегерімін қолданған азаматтар.

Хасенова ірі сатып алуларға жеке тоқталды. Егер 2025 жылы адам 20 мың АЕК-тен асатын сомаға мүлік сатып алса, онда оған декларация тапсыру міндеті жүктеледі.

"Мәселен, егер ол 2025 жылы жылжымайтын мүлік - 70 миллион теңгеге пәтер және 15 миллион теңгеге көлік сатып алса, онда оның декларация тапсыру міндеттемесі бар. Бұл Қазақстан аумағындағы және одан тыс жерлердегі мүлікке де қатысты", - деп түсіндірді Гүлден Хасенова.

Тағы бір негіз - адам салықты өз бетінше төлеуге тиісті табыс алуы. Сарапшы бұған мысал ретінде автокөлік сатуды келтірді.

"Мәселен, ол 2025 жылы 10 миллион теңгеге көлік сатып алып, сол жылы оны 15 миллион теңгеге сатты делік. Онда оның өз бетінше салық салынуға тиіс мүліктік табысы пайда болады. Бұл тек жылжымайтын мүлік пен көлікке ғана емес, бағалы қағаздар мен басқа да активтерге де қатысты", - деді ол.

Декларацияда нені көрсету керек?

270.00 нысанында, жағдайға байланысты, өз бетінше салық салынуға тиіс табысты, салық шегерімін, белгілі бір дебиторлық және кредиторлық берешекті, сондай-ақ шетелдегі активтерді көрсету қажет.

Мәселен, егер 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша адамның шетелде мүлкі немесе шетелдік банк шоттарында заңмен белгіленген шектен асатын мөлшерде ақшасы болса, бұл мәліметтерді көрсету міндетті.

"Айталық, оның Түркияда пәтері бар немесе Швейцария банкінде 500 мың еуросы жатыр. Мұндай жағдайларда бұл декларацияда көрсетілуі тиіс", - деп мысал келтірді Хасенова.

Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін бөлек талаптар қарастырылған. Олар құнына қарамастан, мүлікті сатып алу және иеліктен шығару фактілерін көрсетуі керек.

"Мысалы, 2025 жылы олар 29 миллион теңгеге пәтер сатып алды. Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар мұны декларацияда көрсетуге міндетті. Бұл ретте олар шығысты жабу көзін де көрсетуі тиіс", - деп түсіндірді МКК өкілі.

Яғни, сатып алуға жұмсалған ақшаның қайдан келгенін көрсету қажет. Мысалы, соманың бір бөлігі бұрынғы пәтерді сатудан түсуі мүмкін, ал бір бөлігі ипотекаға немесе қарызға алынуы мүмкін.

"Егер ол біреуден қарыз алса, онда кімнен және қандай сома алғанын егжей-тегжейлі жазуы керек. Шығысты жабу көзі - мемлекеттік қызметші үшін мүлікті қандай сомаға сатып алғанына қарамастан міндеттеме болып саналады", - деп толықтырды Хасенова.

Басқа жеке тұлғаларға мүлік сатып алу кезінде қаражат көзін көрсету талабы 20 мың АЕК-тен (2026 жылы 86 500 000 теңгеден астам) асқан жағдайда қолданылады.

Егер мүлік сыйлыққа алынса, бұл да декларацияда көрсетіледі. Хасенованың айтуынша, оны сыйға тартқан адамның деректерін, сондай-ақ мүліктің құнын көрсету қажет.

15 қыркүйекке дейін үлгермесе не болады?

Декларация тапсырудың соңғы мерзімі - 15 қыркүйек. МКК өкілі мұны сағат 12:00-ге дейін іске асыру керек екенін нақтылады.

"Тағы бір рет ескертемін: декларация тапсыру мерзімі - 15 қыркүйектен кешіктірілмеуі тиіс. Соңғы мерзім - 15 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін. Декларация тапсыруға міндетті жеке тұлғалардың санаттары мұны сағат 12:00-ге дейін жасауы керек", - деп атап өтті Гүлден Хасенова.

270.00 нысанын тұрғылықты жері бойынша электрон түрде немесе қағаз жүзінде ұсынуға болады. Егер адам бұл тәсілдерді пайдалана алмаса, декларацияны пошта арқылы жіберуге болады. Хасенованың айтуынша, бұл жағдайда пошта штемпеліндегі күн 15 қыркүйектен кешіктірілмеуі тиіс.

Декларацияны уақтылы тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

"Бірінші рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса - 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге)", - деп хабарлады МКК өкілі.

Бұған дейін қазақстандықтарға техникалық іркіліс пен өсімпұлдың есептелуін болдырмау үшін есептілікті ұсынуды және төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауға кеңес берілді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 12:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары