Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

17 жастағы қазақстандық өнертапқыш халықаралық көрмеде жүлдегер атанды

17 жастағы қазақстандық өнертапқыш халықаралық көрмеде жүлдегер атанды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осы бағытта қазақстандық жас өнертапқыш Дана Қадырбек нақты шешім ұсынып жүр. 17 жастағы оқушы Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы штаб-пәтерінде өткен жасыл технологиялар көрмесінде Қазақстан атынан қатысып, жүлдегер атанды.

– Бұл жобаны қолға алуыма Қазақстанда су тапшылығы бар өңірлердің көптігі себеп болды. Көп аймақта су көзі тұрақсыз екенін көріп, осы мәселенің шешімін іздей бастадым. Соның нәтижесінде наноматериалдарға тоқталдым, – дейді жас ғалым Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген онлайн сұхбатында.

Ол ұсынған HydroTech Atm стартапы – наноматериалдарға негізделген құрылғы. Аппарат электр қуатын қолданбай-ақ ауадан таза ауыз су өндіре алады. Бұл технология су тапшылығы бар аймақтар үшін тиімді шешім ретінде қарастырылған.

– Құрылғы шағын қорапша тәрізді. Ішінде арнайы наноматериал орналасқан. Түнде құрылғының қақпағы ашылып, материал ауадағы су молекулаларын сіңіреді. Ал күндіз қақпағы жабылып, күн сәулесінің әсерінен конденсация процесі жүріп, нәтижесінде су түзіледі, – дейді Дана Қадырбек.

Өнертапқыш жобаның ерекшелігіне тоқталды.

– Бұл наноматериалдың басты ерекшелігі – уытсыз, қауіпсіз. Оның құрылымында ірі кеуектер бар, сол арқылы су молекулаларын өзіне жинайды, яғни губка сияқты жұмыс істейді. Тағы бір артықшылығы – ұзақ мерзімге жарамдылығы. Тіпті бес жылдан кейін де оны қайта қыздырып, бастапқы қасиетін қалпына келтіруге болады, – дейді ол.

Жоба Венада өткен Халықаралық энергетика және климат форумы аясында Global Cleantech Innovation Programme байқауында үздіктер қатарынан көрінді. Дана бұл бағдарламадағы ең жас қатысушы болды.

– Жоба аясындағы халықаралық шаралар маған үлкен әсер қалдырды. Оған оннан астам елден келген қатысушылар жиналды. Алғашқы күндері іс-шара БҰҰ ғимаратында өтті, питчинг-сессиялар да сол жерде ұйымдастырылды. Финалдық кезең Хофбург сарайында өтті. Осындай тарихи жерде өз жобаңды таныстыру ерекше әсер сыйлайды. Оның үстіне, өз идеяңды министрлік өкілдерінің алдында қорғау – үлкен жауапкершілік, – дейді Дана.

Қазіргі уақытта құрылғы Қазақстанда пилоттық кезеңнен өтіп жатыр. Зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оны тәжірибеге енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.

– Алдағы жоспарым – алдымен құрылғыны Қазақстанда толық сынақтан өткізіп, жетілдіру. Қазір әлі де тәжірибелер жүргізіліп жатыр, суды тексеру бойынша зерттеулер аяқталуы керек. Бұдан бөлек, Қазақстанның климаттық жағдайы әртүрлі болғандықтан, наноматериалдың әр аймақта тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз еткіміз келеді. Яғни бұл технология еліміздің барлық өңіріне пайдалы болуы тиіс. Қазіргі таңда министрлікпен меморандумға қол қойылды – бұл біз үшін маңызды қадамдардың бірі. Сондай-ақ қазір Сәтбаев университетінде су сапасына қатысты зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Осы сынақтар аяқталған соң, пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, – деп түйіндеді жас өнертапқыш.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дана Қадырбекпен кездесіп, меморандумға қол қойған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 22:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары