Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Жемісті жеті жыл

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

170 миллион өтемақы Samsung көшірме жасады деп айыпталды

170 миллион өтемақы Samsung көшірме жасады деп айыпталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Швейцариялық Swatch холдингі Samsung Electronics компаниясын смарт-сағаттарға арналған фирмалық цифрблаттар дизайнын заңсыз пайдаланды деп айыптап, 170 миллион доллар өтемақы талап етті. Дау Omega, Tissot және Breguet брендтері үлгілерінен негіз алған 26 дизайн нұсқасына қатысты болып отыр, деп хабарлайды Tengri Life.

Financial Times мәліметінше, сот талқылауы 2022 жылдан бері жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде Swatch британдық соттарда өз пайдасына шешімдер шығаруға қол жеткізді: Samsung Англияның Жоғарғы сотында жеңіліп, кейін апелляциялық сатыда бұл шешімге дау келтіре алмады. Енді сот өтемақы тағайындалған жағдайда оның мөлшерін анықтауы тиіс.

Шағым мәні неде?

Swatch мәлімдеуінше, оның 26 сағат цифрблатының дизайны құқық иеленушінің рұқсатынсыз Samsung смарт-сағаттарына арналған қосымшаларда қайталанған. Ресми түрде қосымшаларды үшінші тарап әзірлеушілері жасаған, алайда талап арыз нақты Samsung компаниясына қарсы түсірілген.

Талапкер пікірінше, жауапкершілік оңтүстіккореялық компанияға жүктеледі, себебі қосымшалар дүкенде жарияланбас бұрын оларды дәл осы компания тексеріп, мақұлдайды. Сонымен қатар Swatch мәліметінше, Samsung даулы цифрблаттардың кейбірін өз құрылғыларын жарнамалау кезінде пайдаланған.

Swatch деректері бойынша, Ұлыбритания мен Еуроодақ елдерінде мұндай қосымшалар 2015 жылдың қазаны мен 2019 жылдың ақпаны аралығында шамамен 160 мың рет жүктелген.

Неге Swatch шығынды 170 миллион долларға бағалады

Компания өз сағат дизайнына, оны кім пайдаланғысы келетініне қарамастан, лицензия бермейтінін мәлімдеді.

"Компания өнімдерінің дизайнына, әлеуетті лицензиат экономиканың қай саласына жататынына қарамастан, лицензия бермейді", - деп атап өтті Swatch өкілдері.

Холдингтің пікірінше, беделді үлгілер цифрблаттарының электронды көшірмелерінің жаппай қолданылатын құрылғыларда пайда болуы танымал брендтер құндылығы мен бірегейлігін төмендетеді. Сондай-ақ талап арызда Samsung "құнды және мұқият қорғалатын сауда белгілерін жаппай иемденіп алғаны" айтылған.

Осы ұстанымды негізге ала отырып, Swatch келтірілген шығынды 170 миллион долларға бағалады.

Samsung ұстанымы

Samsung бұл айыптармен келіспейді. Компания өкілдері сұралған өтемақы мөлшерін тым асыра сілтелген және жағдайдың нақты ауқымына сәйкес келмейді деп есептейді.

Компания шағым түскеннен кейін бірден даулы цифрблаттар қосымшалар дүкенінен алынып тасталғанын алға тартты. Сонымен қатар Samsung оларды өз бетінше жарнамалаумен айналыспағанын мәлімдеді.

Компания деректері бойынша, даулы цифрблаттардың көпшілігі тегін таратылған. Оларды жүктеуден түскен жалпы табыс 1000 доллардан сәл ғана асқан, оның ішінде тікелей Samsung-қа шамамен 300 доллар тиген.

Ықтимал өтемақыны есептеу кезінде Samsung талапкер көрсеткен сомаға емес, Swatch-пен жасалуы мүмкін болған гипотетикалық лицензиялық келісім құнына сүйенуді ұсынады. Сондай-аө компания адвокаттары швейцариялық сағат өндірушісіне нақты зиян келтірілмегенін, ал Samsung бұл қосымшаларды таратудан іс жүзінде пайда таппағанын айтып отыр.

Әрі қарай не болмақ?

Англияның Жоғарғы соты ықтимал өтемақы мөлшерін анықтауы тиіс.

Талап арыз Ұлыбритания Еуропалық одақтан шыққанға дейін берілгендіктен, британ сотының қорытынды шешімі Біріккен Корольдікте ғана емес, ЕО елдері аумағында да орындалуға жатады.

Бұдан бөлек, ұқсас дау АҚШ-та қаралуы тиіс, алайда америкалық сот бұл іспен Ұлыбританияда шешім шыққаннан кейін ғана айналысады.

Еске сала кетейік, Samsung Дуа Липаға қатысты атышулы даудың ортасында қалған болатын. Әнші компания оның фотосуретін рұқсатсыз жарнамаға пайдаланғанын айтып, 15 миллион доллар өтемақы талап етті. Samsung бұл айыппен келіспей, заң аясында әрекет еткенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Microsoft Apple мен Sony-ден кейін құрылғылардың бағасын көтереді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 15:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары