Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

2025 жыл: мәдениет саласында 64 мың адамның жалақысы көтерілді

2025 жыл: мәдениет саласында 64 мың адамның жалақысы көтерілді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда өңірлік театрларды дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты Астана қаласында «Жастар» театры ғимаратын жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Қуыршақ театрына жаңа ғимарат салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алдағы жылдары Семей, Қонаев және Ақтөбе қалаларында жаңа драма театрлары бой көтермек.

Сонымен қатар Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Саладағы  маңызды бағыттардың бірі – инфрақұрылымды жаңарту. Биыл Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бас корпусы қайта жаңарды. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына арналған жаңа жатақхана құрылысы басталды. Бұдан бөлек, ірі қалаларда үш жаңа өнер мектебінің инфрақұрылымын жаңарту мәселесі пысықталуда.

Айта кетейік, 2025 жылы барлығы 61 мәдени нысан салынды. Өңірлерде 251 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ елорда тарихын зерттеудің маңызды орталығына айналатын «Бозоқ» археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасып жатыр.

Министрлік мәдениет қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше мән береді. Азаматтық қызметкерлердің кей санаттары бойынша жалақы кезең-кезеңімен көбейтіледі. 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет және архив ұйымдарында жұмыс істейтін 64 мың қызметкердің жалақысы жыл сайын 20% артты. Мемлекет өнер саласында  қызмет ететін мамандарды стипендиялар мен марапаттар арқылы қолдап келеді. Жыл басында 75 мәдениет қызметкері мемлекеттік стипендияға ие болды. Президент Жарлығына сәйкес бірқатар азамат Қазақстан мәдениетін дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Солардың қатарында елімізді әлемге танытып жүрген опера әншісі Мария Мудряк бар. 2025 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

«Мен үшін өз Отаным – Қазақстанның марапатқа лайық санағаны – үлкен құрмет. Президентімізге алғыс білдіремін. Биыл шығармашылығыма 28 жыл толды. Мен Қазақстанды әлемнің ең ірі опера сахналарында зор мақтанышпен таныстырып, алдағы уақытта да ел игілігі үшін аянбай қызмет етемін», – деді әнші.

Осы өзгерістерден бөлек бірқатар жетекші мәдениет мекемелеріне «Академиялық» мәртебесі берілді. Атап айтсақ, Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы драма театры, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Жамбыл облыстық А. Тоқпанов атындағы қазақ драма театры, Батыс Қазақстан облыстық Ғ. Құрманғалиев атындағы филармониясының мәртебесі өзгерді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 10:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see156

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see140

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see138

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see137

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see137

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see136

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see135

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see135

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see133

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see133

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see133

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see133

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see132

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see131

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see131

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see131

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see130

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see130

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see130
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары