2027 жылға дейін 3 мың ауылға оптикалық желі тартылады Бағдат Мусин
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, телекоммуникация саласы қазір тек байланыс емес, барлық цифрлық трансформацияның негізін, яғни цифрлық инфрақұрылымды қалыптастырады. Бұл туралы ол республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафонында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бағдат Мусин цифрлық инфрақұрылымға жаңа байланыс желілері, деректерді өңдеу орталықтары және интернет сапасын арттыру жобалары кіретінін атап өтті.
«Қазақтелеком» 2027 жылдың соңына дейін 3 мың ауылға жаңа оптикалық желілер тартып, интернет сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызды автожолдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Цифрлық инфрақұрылым тек байланыс желілерінен тұрмай, деректерді өңдеу орталықтарын да қамтиды. Мысалы, Екібастұз маңында 170 гектар жерге үлкен деректер орталықтары салынып, онда суперкомпьютерлер мен бұлттық технологиялар орналастырылады. Бұл жобалар болашақтағы цифрлық трансформацияның негізін құрайды», – деп нақтылады ол.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Наурыз 2026 15:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















