Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

3 заң мен 11 нормативтік құқықтық актінің қабылдануы: 5 000 нан астам баланың құқығы қорғалды

3 заң мен 11 нормативтік құқықтық актінің қабылдануы: 5 000 нан астам баланың құқығы қорғалды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2025 жылы бала құқығын қорғау саласында заңнаманы жетілдіру мен бақылауды күшейтуге айрықша басымдық берілді. Жылдың ең басты нәтижесі – 3 заң мен 11 нормативтік құқықтық актінің қабылдануы. Бақылау шараларының арқасында 5 000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 10 ақпандағы заңмен жетім балаларға тәлімгер болуға ниет білдірген азаматтарды міндетті сертификаттау енгізілді. Аталған рәсім қатаң тәртіппен жүзеге асырылады: үміткерлер тәлімгерлік ұйымдарында арнайы дайындықтан өтіп, оны міндетті тестілеумен аяқтайды. Тәлімгер сертификаты тек емтиханды сәтті тапсырғандарға ғана беріледі. Бұл талап бала жанында кездейсоқ адамдардың болуына жол бермей, олардың психологиялық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Айта кетейік, бүгінде елімізде 360 мыңнан астам азамат жетім балаларға тәлімгер атанып отыр.

2025 жылғы 14 шілдедегі заң аясында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге орналастыру тәртібі өзгерді. Енді қорғаншылық органдары баланы алдымен медициналық тексеруге жіберуге міндетті. Бала үш күн ішінде кешенді тексеруден өтеді. Бұл шара бала интернатқа түспей тұрып-ақ, оның денсаулығындағы кінәраттар мен зорлық-зомбылық іздерін анықтап, дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар  заңды өкілдерге қойылатын талаптар күшейтілді. 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы қауіпсіздік шараларын қатаңдататын заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қорғаншылар мен асырап алушы ата-аналардың соттылығы пайда болса немесе олар психикалық денсаулық орталықтарында есепке алынса, бала тәрбиелеуден дереу шеттетіледі. Сондай-ақ олар енді жыл сайын өздерінің сенімділігін растауға міндеттелді.

Заңнамалық реформалармен қатар, бала құқықтарын қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың қызметіне 120-дан астам тексеріс жүргізілді. Осы шаралардың нәтижесінде жүйелі заңбұзушылықтар анықталып, 5 000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді және 40-қа жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

«Жалпы, 2025 жылы жұмыс бағыты талапты қатайтып, бала өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті күшейтуге негізделді. Бұл қабылданған шаралар бізге профилактикадан бастап сүйемелдеуге дейінгі әр кезеңде бала мүддесіне кепілдік беріп, оқиғаның салдарымен күресу емес, алдын ала әрекет етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Саланы дамытудың алдағы стратегиясы «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында айқындалады. Құжатты 2026 жылдың қаңтарында бекіту жоспарланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 13:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары