365 ке жуық: Алматыда ақылы автотұрақтың саны артты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы әкімдігі қалада жаңа ақылы қоғамдық тұрақтардың қай жерде пайда болатынын анықтайтын қаулы жобасын дайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тізімге тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық тұрақтар орналастырылатын 338 көше, сондай-ақ алаң түріндегі 27 тұрақ енді. Көшелердің толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Жобаға сәйкес, құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімдігі қала тұрғындарына тұрғылықты жері маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігін беруді көздейтін жоба әзірлеп жатыр.
Бұған дейін тұрақтарды пайдаланудың тегін уақыт аралығын енгізу ұсынылып, жол жиегіндегі тұрақтарда 5 минут, ал алаң түріндегі тұрақтарда 10 минут тұруға болатынын жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 08:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















