Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

692 мың теңгеге дейін немесе қамауға алу жалған медициналық анықтама сатып алғаны үшін қазақстандықтарға не қауіп төнеді

692 мың теңгеге дейін немесе қамауға алу жалған медициналық анықтама сатып алғаны үшін қазақстандықтарға не қауіп төнеді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

"Екпе паспортын қайдан сатып алуға болады? Балама үш жас... Соның кесірінен оны балабақшаға қабылдамай жатыр", - әлеуметтік желіде осындай хабарлама пайда болды. Сатып алынатын еңбекке жарамсыздық парағынан бастап, жүргізуші куәлігін алуға арналған жалған медициналық тексерістер мен бассейнге арналған анықтамаларға дейінгі мұндай сұраныстар сирек емес. Бірақ мұндай мәмілелер үшін тек дәрігерлер ғана емес, сатып алушылардың өздері де жауапқа тартылуы мүмкін. Мән-жайды Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

"Анықтаманы қайдан сатып алуға болады?"

Жақында Қарағанды тұрғыны үш жасар ұлына екпе туралы анықтама сатып алуға болатын жерді табуға көмек сұрап пост жариялады. Әйел вакцинацияны жалғастыруды әзірге жоспарлап отырмағанын және екпенің жоқтығынан ұлын балабақшаға қабылдамай жатқанын айтқан.

"Вакцинация туралы анықтаманы қайдан сатып алуға болады? Кім көмектесе алады?!" - деп сұрады ол.

Пікір қалдырушылар әйелге оның заң бұзып жатқанын жазғаннан кейін автор жазбасын өшіріп тастады. Бірақ бұл жалғыз оқиға емес.

Қазақстандықтар желіден не іздейді?

Әлеуметтік желі қолданушылары ресми процедураларды айналып өту жолдарын ашық іздеп, бассейнге, жұмысқа, оқуға, жүргізуші куәлігіне және басқа да мақсаттарға арналған медициналық анықтамаларды қайдан алуға немесе сатып алуға болатынын сұрайды.

Сатып алушылардың негізгі уәжі - уақыт үнемдеу немесе заңды шектеулерді айналып өту:

"Жұрттар, көмектесіңіздерші, өткен күнмен аурухана парағын, анықтаманы қайдан сатып алуға болады? Емхана нұсқа емес, қандай да бір жеке ұйым, стоматология немесе соған ұқсас жер болса да бәрібір, өте шұғыл керек", - деп жазады Павлодар тұрғыны.

Скриншоттар: Threads

Тек жалған анықтама толтырған адам жазаланбайды

Қазақстанда мұндай әрекеттер үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын анықтауды жөн көрдік.

Қарағанды тұрғынының сұранысына қатысты пікір алу үшін біз хабарласқан Қарағанды облысының полиция департаменті жалған құжат сатып алу тек оны дайындағандар үшін емес, оны сатып алып, пайдаланғандар үшін де нақты қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

"ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, құқық беретін немесе міндеттерден босататын медициналық картаны, анықтаманы немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасағаны үшін ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлігі - "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Ресми құжатты қолдан жасау, жалған бланкілер мен мөрлерді дайындау немесе өткізу үшін мынадай жаза қолданылады:

2 000 АЕК-ке дейінгі (8 650 000 теңге) айыппұл немесе дәл сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру.

"Бұл ретте сот белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан төрт жылға дейінгі мерзімге айыру түріндегі қосымша жазаны тағайындауы немесе тағайындамауы мүмкін", - деп нақтылады Қарағанды облысының ПД.

Полицияның баспасөз қызметі сатып алынған құжатты пайдаланудың өзі үшін де қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігіне сәйкес, көрінеу жалған құжатты пайдалану келесі жазаларға әкеп соғады:

160 АЕК-ке дейінгі (692 000 теңге) айыппұл немесе дәл сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, немесе 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

Осылайша, егер адам медициналық анықтаманың жалған екенін біле тұра, оны бәрібір пайдаланса, жауапкершілік оған да жүктелуі мүмкін.

Бірақ іс жүзінде мұндай құжаттарды сататын және пайдаланатын адамдарды табу және жауапқа тарту қаншалықты мүмкін? Біз бұл сұрақты заңгер Сергей Уткинге қойдық.

Жалған анықтама сатушыларды жауапқа тартуға не кедергі?

Маманның айтуынша, заң тұрғысынан жалған анықтаманы дайындаушыны немесе сатушыны да, мұндай құжатты біле тұра пайдаланған адамды да жауапқа тартуға болады.

Бұл ретте, анықтамада медициналық ұйымның нақты мөрі, қолы немесе деректері тұруы мүмкін екендігі маңызды емес, деп атап өтті ол.

Егер адам іс жүзінде тексерістен өтпесе, ал құжат медициналық қызмет көрсетілмей рәсімделсе, мұндай құжат жалған деп танылуы мүмкін.

Бірақ негізгі қиындық адамның шынымен тексерістен өтпегенін және медицина қызметкерінің құжатты жалған толтырғанын дәлелдеуде туындайды, деп түйіндеді Уткин.

"Тіпті құқық қорғау органдары интернеттен мұндай хабарландыруларды тапқан күннің өзінде, сатушыны жауапқа тарту оңайға соқпайды. Мәселен, полицейлер сатып алушы ретінде әрекет етіп, дайындаушыны анықтаса, бұзушылық дерегін дәлелдеу жеңілірек болады. Ал егер сатушы мен тапсырыс берушінің кінәсін бірдей дәлелдеу қажет болса, қиындықтар туындауы мүмкін", - деп түсіндіреді заңгер.

Маман мысал келтіреді. Айталық, құқық қорғау органдары жалған анықтама сатушыны тауып, оның қызметіне кімдер жүгінгенін анықтауға тырысады делік. Мұндай жағдайда сатып алушының өзі емханаға барып, тексеруден өткенін алға тартуы мүмкін. Медицина қызметкерлері де осыны растауы ықтимал.

Онда тергеуге адамның іс жүзінде медициналық мекемеде мүлдем болмағанын бөлек дәлелдеуге тура келеді. Заңгердің айтуынша, дәл осы дәлелдемелерді жинау мұндай істердегі басты қиындықтардың біріне айналуы мүмкін.

Әрине, бұл жайттарды медициналық ұйымдағы бейнебақылау камералары немесе телефонның орналасқан жері туралы деректер арқылы қадағалауға болады.

"Егер адамға анықтама рәсімделді делінген уақытта, ол шын мәнінде медициналық мекемеден, мысалы, бес шақырым жерде болса, мұны анықтауға болады. Бұл деректер оның емханада болмағанына айғақ бола алады", - деп толықтырды сарапшы.

Егер сатушыларды "ұстауға" мүмкіндік болса, неліктен әлеуметтік желілер әлі де мұндай хабарландыруларға толы?

Уткиннің сөзінше, адамды жауапқа тарту үшін біреудің арыз жазуы немесе құқық қорғау органдарының ықтимал заң бұзушылықты өздері анықтауы қажет.

Мұндай анықтамалар қанша тұрады?

Айта кетейік, ашық платформалар мен әлеуметтік желілерден біз қазақстандықтарға түрлі мақсаттар үшін медициналық анықтамаларды сатып алуды ұсынатын бірнеше хабарландыруды оңай таптық. Олардың бағасы негізінен төрт мыңнан жеті мың теңгеге дейін өзгереді.

Скриншоттар: Threads

Сондай-ақ біз Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне жалған екпе паспорттары мен медициналық анықтамаларды пайдаланудың анықталған жағдайлары туралы деректер бар-жоғын білу үшін сауал жолдадық.

Министрлік дайын деректер жоқ екенін айтты. Қажет болған жағдайда мамандар өңірлерге сұраныс жіберіп, тиісті ақпаратты жинай алады.

Жалған тіркеулер мен қызметтер: МӘМС-тегі жымқыру бойынша 14 қылмыстық істің мән-жайы айтылды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Медицина

анықтама

жалған құжат

Айыппұл

Қамау

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 12:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see127

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары