Абай облысында прокуратура базар иелеріне қойылған заңсыз талаптардың күшін жойды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Абай облысында прокуратура базар иелеріне қойылған заңсыз талаптардың күшін жойды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Анықталғандай, аудан әкімдігінің "Мақаншы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысымен базар иелеріне сауда объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін өтеусіз негізде беру міндеті негізсіз жүктелген.
Аталған талаптар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қосымша негізсіз міндеттемелер туындатқан.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде әкімдіктің заңсыз қаулысының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласқаны үшін нормативтік құқықтық актіні әзірлеген кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 11:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















