Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Абай облысында сот шешіміне күмән: туыстар әділдік іздейді

Абай облысында сот шешіміне күмән: туыстар әділдік іздейді

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Судьяға сеніміміз жоғалды», – деген сотталғандардың туыстарының жанайқайы біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне жолданды.

Олардың айтуынша, бауырлары Абай облысында «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын жартылай өтеп, жәбірленушінің пайдасына өндірілген 2 000 000 (екі миллион) теңге сомасын төлеп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанына қарамастан, «Н» және «А» есімді азаматтар кейін қайтадан 10 жылға сотталып кеткен.

Бұл шағым бойынша «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі ақпараттың шынайылығына көз жеткізу мақсатында журналистік зерттеу жүргізіп, төмендегі мән-жайларды анықтады.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А. Бесеева 2024 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы атынан үкім шығарып, «Н» және «А» есімді азаматтарды ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігінің 3-тармақшасында көзделген («билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы») қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысын үш жылға бас бостандығынан айырған.

Наразы тараптардың апелляциялық шағымдарына сәйкес, 2024 жылдың 11 маусымында Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (төрағалық етуші – алқа төрағасы Н. Е. Есенжолов, судьялар Е. Б. Берекбулов, Н. С. Абдуалиева) алдыңғы үкім мен жекеше қаулыларды өзгеріссіз қалдырған. Сол күннен бастап үкім заңды күшіне енген.

Алайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (төрағалық етуші – Н. М. Рахметуллина, судьялар Р. Қ. Жакудина, Н. Ө. Жолдасбеков, прокурор Д. С. Аубакиров қатысқан) 2025 жылдың 3 маусымында үкім мен қаулылардың күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа қайта қарауға жолдаған.

Осыдан кейін сотталған азаматтар жазасын жартылай өтеп, шартты түрде босатылғанымен, қайтадан сот залына оралып, «тағдыр тауқыметін» екінші рет бастан өткеруге мәжбүр болды.

Біз – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – судьяның әрекетіне немесе шығарылған сот актілеріне баға беруден аулақпыз. Дегенмен, Конституциямызда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, ал оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Осы тұрғыдан алғанда, біз де қоғам секілді «неге?» деген сұраққа жауап іздеуге және ақпаратты анықтауға құқылымыз.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысынан кейін Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г. И. Балғожина 2025 жылдың 17 маусымында істі өз өндірісіне қабылдап, бұрын сотталған «Н» және «А» есімді азаматтарға қатысты қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 380-бабы 6-бөлігінің 4) тармағы бойынша қайта саралап, сот талқылауын бастаған.

Айта кетерлігі, бұл азаматтар бұған дейін де ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігінің 3-тармақшасы бойынша айыпталған болатын.

Сот талқылауы барысында істің қарау мерзімі үш рет ұзартылған:

2025 жылдың 14 шілдесінде судья Г. И. Балғожина істі қарау мерзімін 1 айға, яғни 2025 жылдың 14 тамызына дейін ұзарту туралы қаулы шығарып, оған 22 шілдеде қол қойған;

2025 жылдың 14 тамызында сот алқасының төрағасы Н. Е. Есенжолов мерзімді тағы 1 айға, 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы қаулы шығарып, оған тек 6 қазанда қол қойған;

2025 жылдың 12 қыркүйегінде дәл осы төраға Н. Е. Есенжолов мерзімді тағы 1 айға, 2025 жылдың 13 қазанына дейін ұзарту туралы қаулы шығарған, бірақ оған да 6 қазанда қол қойған.

Бізді және қоғамды мазалаған сұрақ: егер қаулы 14 тамызда шығарылған болса, оған 6 қазанда, яғни екі ай өткеннен кейін қол қою – заңды әрекет пе?

Сонда «қарау мерзімін ұзарту туралы қаулы» уақтылы қол қойылмаса, ол қаншалықты күшінде деп саналады? Бұл сұрақ жауапсыз қалып отыр.

Әрине, «сот айтса – орындалуы керек» деген қағидаға мойынсұнған қоғам болғандықтан, азаматтар әділдікке сеніп келеді.

Ақыры Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (төрағалық етуші – облыстық соттың төрағасы Қ. М. Чақпантаев, судьялар Р. З. Байжуманова, К. А. Төбелбасова) Қазақстан Республикасы атынан 2025 жылдың 7 қазанында апелляциялық үкім шығарып, оған 9 қазанда қол қойған.

Үкімнің мазмұны бойынша:
«Н» және «А» есімді азаматтар ҚР ҚК-нің 380-бабы 6-бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 (он) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2025 жылғы 23 маусымдағы Заңының 3-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы негізінде жаза алтыдан бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті жаза 8 (сегіз) жыл 4 (төрт) ай болып бекітілген.

Осылайша, бұрын 3 жылға сотталып, жартылай жазасын өтіп, шартты түрде босатылған екі азамат енді түпкілікті 8 жыл 4 ай жазасын өтеуге кетіп отыр.

Туыстары мен жақындары бұл шешімге наразылық білдіріп, адвокаттар арқылы кассациялық сотқа, тіпті БҰҰ мен Еуропарламентке дейін шағым жасауға ниетті.

Сардар Әбдіжақия

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 04:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары