Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Абай университеті Ұлыстың ұлы күнін өте жоғары деңгейде атап өтті

Абай университеті Ұлыстың ұлы күнін өте жоғары деңгейде атап өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін ұлттық рухты жаңғыртқан, мазмұны бай әрі тағылымы терең дайындықпен, өте жоғары деңгейде атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұхтар Әуезов атындағы университет стадионында киіз үйлер тігіліп, ән-күй мен жырға көмкеріліп, түрлі ұлттық спорт сайыстары, дефиле мен жәрмеңке, көрме мен ойындар  болып, ұлық мейрамға мыңдаған адам қатысты.

Жаңару мен жасампаздық, мейірім мен ынтымақ символы саналатын бұл мереке – күн мен түн теңеліп, табиғат пен тіршіліктің қайта түлейтін айрықша мерейлі шағы. Қазақтың тұңғыш университеті биыл Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өткенін айта кетуміз керек.

Университет ұжымы мен студенттері бұл мейрамды ашық аспан астындағы кең стадионда этно-ауыл форматында атап өтті. Сап түзеген ақ шаңқан киіз үйлер, буы бұрқыраған дәм мен ұлттық киім киген қауымның жүзіндегі қуаныш бұл аумақты қазақтың байырғы дәстүрі мен заманауи жастық жалыны тоғысқан үлкен думан ошағына айналдырды. Мерекелік іс-шара студенттердің шығармашылық әлеуетін көрсетуге, ұлттық дәстүр мен өнерді дәріптеуге, білім ордасының рухани байлығын арттыруға мүмкіндік берді.

Әз-Наурыз шымылдығы «Гәкку» би ансамблі мен «Қағанат», «Үркер» студенттік театрларының қатысуымен қойылған «Мерейлі Наурыз – Жаңару бастауы» атты композициямен ашылды. Өнер факультеті студенттерінің кәсіби шеберлігі алаңдағы жұртты бірден баурап алып, көрерменді ұлттық мифология мен тарих қойнауына жетелеп әкетті.

Ұлыс тойын салтанатты түрде ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп жүрекжарды лебізін білдірді.

– Ғасырға жуық тарихы бар, қазақ білімінің қарашаңырағы – Абай университеті үшін Наурыз мейрамы айрықша мәнге ие. Бұл – тек табиғаттың жаңаруы емес, рухтың жаңғыруы, адам бойындағы ізгі қасиеттердің қайта түлеуі. Біз бұл мерекені ұлттың бірлігі мен татулығын айшықтайтын, болашаққа деген сенімді нығайтатын ерекше кезең ретінде бағалаймыз. Сондықтан да біздің ұжым жыл сайын Наурызды ұлттық дәстүрмен сабақтастыра отырып, кең көлемде атап өтуді игі дәстүрге айналдырды, – деді Болат Анапияұлы.

Содан кейін Университет қызметкерлерінің 4-9 жас аралығындағы бүлдіршіндерінің арасында өткен «Мерейлі Наурыз» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары ән, би және көркемсөз номинациялары бойынша марапатталды. Сахнаға шыққан елдің ертеңгі үміттері көңілге әсерлі қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, ректор медиа кеңістіктегі университеттің беделін арттыруға атсалысқан оқытушылар мен студенттерге арналған «Abai Media Awards» медиа байқауының жеңімпаздарын марапаттап, үздіктерге ел алдында арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Ұлттық сән мен өнердің үндестігі де назардан тыс қалмады. «Гүлназ Жексенбек» брендінің «Мұра» топтамасы ұсынылған дефиле мен «Әуен – Tribe» дуэтінің өнері қазақы нақыштың заманауи асылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал қазақ эстрадасының жұлдыздары – Құдайберген Бекіш, Алмас Кішкенбаев және «МузАрт Life» тобының әуезді әндері ашық алаңды әсем саз бен шаттыққа бөледі.

Мерекенің тағы бір ерекшелігі – ұлттық спорт ойындарынан «Алтын сақа» апталығының басталуы болды. Қазақ күресі, арқан тартыс, қошқар көтеру, қол күрес және асық ату сынды т.б. ұлттық ойындарға қатысушылар күш-жігері мен ептілігін, төзімділігі мен дәлдігін сынға салды.

Алаңда қыран бүркіттер мен жүйрік тазылардың көрсетілімі ұйымдастырылып, қазақ халқының саятшылық өнері кеңінен насихатталды. Сәйгүлік жылқылардың әкелінуі де мерекенің көркін одан әрі арттырып, көшпелі мәдениеттің айрықша белгісін айшықтай түсті. Шара барысында алып батырлар образындағы өнерпаздардың қатысуы да ерекше әсер қалдырды. Ұлттық киімдегі батырлардың көрінісі арқылы ел қорғаған ерлердің рухы дәріптеліп, көрерменге тарихи сабақтастық пен отансүйгіштік құндылықтар тереңінен жеткізілді.

Тағы бір айта кететін дүние, Ұлыс тойында Абай университетіне «БанкЦентрКредит» қаржылай демеушілік көрсетіп, 16 орындық «JAC Sunray» маркалы заманауи шағын автобусын сыйға тартты.

Қорыта келгенде, бұл күн – Абай университетінің бірлігін бекемдеп, қазақы салт-дәстүрді жаңа қырынан жаңғыртқан, кең алаңда еркін тыныстаған ұлттық рухтың мерекесі ретінде есте қалды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 15:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары