Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

Анасы емдеу сапасын тексеруді сұрады : Жаңаөзенде бір ай комада жатқан бала көз жұмды

Тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниеттіміз Ердоған

Абай университетінде 10 000 студент қатысқан Таза Қазақстан апталығы аяқталды

Абай университетінде 10 000 студент қатысқан Таза Қазақстан апталығы аяқталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында арнайы өткізілген экологиялық апталық өз жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Апталыққа қара шаңырақтың 10 мың ерікті студенті қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Оған шетелдік білім алушылар да қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап» деген болатын. Осындай игі құндылықтарды мақсат еткен апталық өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ студенттерді ортақ іске жұмылдырып, қоғамдық жұмыста белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауда құлшынысты арттыруға шақырды.

Апталықтың жабылуына Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аға мемлекеттік инспекторы Салтанат Амантайқызы арнайы қатысып, жастардың экологиялық белсенділігін жоғары бағалады. Университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау аталған жобаның Жаңа Конституцияға негізделгенін, қауіпсіз, дамыған және таза қоғамды қалыптастыруға бағытталғанын алға тартты.

– «Таза Қазақстан» акциясы Президентіміздің бастамасымен жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен бұл науқан айналамызға жанашырлық танытып, табиғатты құрметтеуді үйретеді. Апталық барлық факультетте ұйымдастырылып, бүгінгі қорытындысына бес факультеттің білім алушылары жиналды. Осындай бастамалар арқылы студенттер университет қабырғасында кәсіби білім ғана емес, патриоттық ұстаным мен жауапкершілігін де қалыптастырады, – деді проректор.

Республика күні мерекесіне байланысты ұйымдастырылған экологиялық апталық 30 қазанға дейін білім ордасының барлық кампустарында апта бойы жалғасып жатты. Бүгін университет бас ғимаратының алдына жиналған білім алушылар бірнеше оқу корпусы алаңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларды ағаш жапырақтары мен қоқыстардан тазартты.

Айта кетейік, Абай университетінде «Таза Қазақстан» акциясын қолдау бағытында өткізілетін сенбіліктер мен іс-шаралар мұнымен толастамайды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жыл бойы жалғасын таппақ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:37
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 20:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see158

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see149

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see148

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see148

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see147

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see144

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see144

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see143

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see142

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see140

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

30 Қазан 2026 07:21see131

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

30 Қазан 2026 12:12see129

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29 Қазан 2026 18:59see128

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

30 Қазан 2026 04:23see128

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

30 Қазан 2026 02:40see124

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

30 Қазан 2026 12:31see122

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

30 Қазан 2026 02:40see119

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

30 Қазан 2026 02:41see116

Анасы емдеу сапасын тексеруді сұрады : Жаңаөзенде бір ай комада жатқан бала көз жұмды

30 Қазан 2026 18:14see113

Тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниеттіміз Ердоған

28 Қазан 2026 23:58see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары