Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Астанада апатты жағдайға арналған ерекше канал бар. Ол қалай жұмыс істейді?

АҚШ та 400 мыңға жуық қайтыс болған адам әлі де сайлаушылар тізімінде тұр

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

Павлодар маңынан төрт мың жылдық бірегей қорым табылды

Air Astana дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

Қауіп төндірді . Қазақстандықтардың шағымынан кейін қауіпті нысан бұзылды

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның креативті индустрия саласындағы ынтымақтастығы артады

Түркілер жаңбырды қалай шақырған: бұған қытайлар мен ацтектердегі нефритке табынудың қандай қатысы бар?

Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданды

Еліміздің өңірлерінде өндіріс қарқыны артып келеді

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша 22 үй бұзылады мекенжайлар тізімі

4 тонна алтын құрамды материал мен қару жарақ: Қазақстанда жасырын цех анықталды

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

Адал ақынның ұмытылмас сәттері

Адал ақынның ұмытылмас сәттері

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Суреттерде: ақын, азамат Шөмішбай; курстастар – Шөмішбай Сариев, Дәулет Сейсенұлы, Жақау Дәуренбеков және Мәди Айымбетов сол кездегі Горький саябағында.

Сол шақтың өзінде ұста­зымыз академик Зей­нол­ла Қабдоловтың «Озбау үшін көлеңкем, Күнге қарай жүремін» деп аяқталатын бір өле­ңімен-ақ жас ақынның бола­шағын болжай білгені есте қа­лып қойыпты. Бергіде ауыр дерт­тің салдарынан біраз уақыт тілсіз қалған ұстазымыздың радиодан сөзін Шөкең жазған әнді естіп қалып, бірауыз тілге келетіні ол кейінгі әңгіме. Соған орай академиктің жары Сәуле апай өзінің «Көрген түстей сағымдай» деп аталатын күн­делік кітабында былай деп жазыпты: «11 қараша. Бейсенбі күні түсте бардым. Көзі ашық, бәрін біліп жатыр. Бас жағында тран­зистор тұрған. Бір кезде Зекең­нің: «Шөмішбай» дегені. Жан-жағыма қарасам, ешкім жоқ. Сөйтіп, Зекеңнің тілі шықты. Қуан­дым. Бәрін түсініп жатыр... Реңі бұзы­лып, жасып қалды. Көп нәрсені ойлап жатыр ғой».

Әке-шешесі алғашқы перзент­те­рі шетінеп тоқтамаған соң осы өңірде ертеде өткен Шөміш әулие­нің атын қойған екен. Біз болсақ оған өзіңе өмірге келісімен бір көл, бір стансаның аты берілген қандай бақытты жансың деп әзілдейтінбіз. Десе де, оның болашақ жары Жұмагүлмен Шалқар деп танысатыны да, Шалқар Сарин деген есім сойды өзіне псевдоним етіп алғаны да рас.

Сол бұйрабас Шөмішбай-Шалқарымыз бакенбард қойып алған соң орыс әдебиетінің даныш­пан ақыны Александр Сергей­ұлы Пушкиннен аумай қал­ған. Көшеде қарсы кездескен бой­жет­кен­дердің оған қарап таңдана тұрып қалатыны да шындық. Ал Шөкеңнің өзі болса қай жатақ­ханаға көш­пейік, төсегінің бас жа­ғына Алексан­др «ағасының» суретін іліп қоя­тын. Бірақ солай болғанмен де оның бір өле­ңінде «Кейін­гі ал­дың­ғыдан аңсар мейі­рім,­ Әзілдеп, білдіргендей кәу­сар пейі­лін. Қояды ағаларым Пуш­кин­­бай деп, Мен енді Шөмішбай бо­­лып қалсам деймін» деп ойланып, тол­­ғана отырып жыр жазғаны да бар.

Иә, басында бір топта бірге оқы­ған жиырма бесіміздің де ақын бол­ғанымыз, ал оқу бітіріп жатқан ша­ғымызда содан ұлдан бір, қыз­дан бір ғана ақын қалғаны тағы рас. Және де поэзияға адал­ды­ғын сақтап қалған ол оқу бітір­ген­ше қалың оқырманға ойлы да сезімтал, ұйқастары шымыр жыр шумақтарымен танылып үл­герген. Осы орайда, бір айта ке­тетін жайт сол, Шөкеңнің тапқыр да ұтымды сөзге, орынды әзіл-қалжыңға бейімділігі студент кезден байқалып жатты. Ал оған дәлел керек болса айтайық.

Сол тұстағы студенттердің бас­қа емес, сессия басталып кеткенде, сонсоң оқып, тоқудан жалыққан шақта қолға карта алып жиырма бір деген ойынды ойнайтынымыз бар еді. Ал оған қосыла қоймаған Шөкең болса қашан ойын біткенше әлденені жазумен болған. Біз болсақ алдағы емтиханға дайындалып отырған болар деп оған мән бермеген едік. Енді ойынды аяқтап тұра бастағанда күлімсіреген Шөкең бәрімізге: «Сабыр сақтап, енді мынаны тыңдаңдар», дегені. Біз болсақ ол өлең оқитын шығар деп ойлағанбыз. Жоқ өлең емес, са­тиралық скетч екен. Сонда әр­қай­сымыз ойын барысында айтқан оғаш сөздерімізден өзімізді танып мәз болғанбыз.

Сөйткен Шөкең енді бірде фельетон курсынан дәріс оқитын темірдей қатты Темірбек Қожакеев деген ұстазымыздың өзін де, бізді де «Мұғалім қай жерін ұстады» деген шағын сатиралық әңімесімен күлкіге қарық қылған. Сол әңгіме­нің қысқаша ұзынырғасы мынадай: аудандық білім бөлімінен келген тексерушілер мектептің биология пәні мұғалімі өткізетін сабаққа қатыспақ болады. Сасқалақтаған мұғалім оқушыларға адам ор­га­низмі деген тақырыпқа орай «мен қай же­рімді ұстаймын, соған ден қойыңдар» дейді ғой баяғы. Соның ақыры «мұғалім қай жерін ұстады» деген жаппай сұраққа ұласып, кластың іші абыр-сабыр болып кеткенде не болғанын ұқпаған тек­серу­шінің көзі атыздай болған кө­рінеді. Сатирик ақын ретінде қабілетін ұштай түскен Шөкеңнің езу жидырмайтын скетчтері одан кейінде «Тамашаның» тарландары арқылы қалың көрермендерге жеткені де есте. Халықтың ыстық ықыласына бөленген аталған қойылымға ол бақандай оншақты жыл атсалысты. Ақыр соңында 30 мың данамен қалың оқырманға жол тартқан «Тамаша. Тамаша. Тамаша» деп аталатын сатиралық жинағын шығарған-ды. Мұны да қаламгердің бір қыры деп есепте­геніміз жөн болар.

Шөмішбай, Баққожа үшеуміз бір топта бірге оқығанымыз өз алдына, оқу бітіргенше бір бөлмеде бірге тұрдық. Бірде ертеңгісін ұй­қы­мыздан оянып, орнымыздан тұру­ға ерініңкіреп жатсақ, бізден ерте тұрып алған Шөкең бірдеңені сүйкек­тетіп жазып отыр екен. Бір уақытта өз-өзімен күліп мәз болды. «Бізге айтсаңшы, біз де күлейік» дейміз. «Жұмагүлге хат жазып, аяғын өлеңге ұластырдым, – деді ол, – соңында сәлеммен Шөмішбайың деппін ғой». Ұйқымызды әлі толық аша алмай отырған біз: «Оның несі күлкілі?», дейміз. Ол болса: «Мен әлі Жұмагүлдің байы емеспін ғой. Қой, хатты да, өлеңді де қайта жазайын. Болмаса Жұмагүл өкпелеп қалар», дейді. Міне, біздің Шөкең аңғал да, ақкөңіл жан еді ғой. Ақындық жаратылысына сай қалыптасады деген осы болар тегі!

Жоғарыда Шөкеңмен бір топта бірге оқыдық, бір бөлмеде бірге тұрдық дедім ғой. Мұның сыртын­да бесінші курстың соңына қарай бір мезгілде шаңырақ көтер­ген едік. Алдымен біз аэропорт жа­ғындағы Баймағамбетов көшесінен пәтер жалдап тұрып жаттық. Іле біз тұр­ған көшенің дәл қарсы жағы­нан қолайлы бір үй табыла кеткені. Шөкеңдер тездетіп сол үйге көшіп алды. Сонсоң кешкісін күнде дерлік бір-бірімізге қыдырып барамыз. Енді бірде жолдасым Кәден екеуміз «Шөкеңдердікінде кеше ғана болдық, тағы шақыра келсе бармайық, ұят болады» деп өзара шүң­кілдесіп отырғанбыз. Сөйтсек, ашық тұр­ған терезеден бізге қарап тұрған Шө­кең: «Әй, ұялшақтар, есеп­тес­пейік, жүрің­дер, шай ­дайын», дейді күліп. Бүгінде Жұмагүл жеңгеміз: «Осы үй бізге құт болды. Өзі тыныш жер, көктемгі гүлдің исі қандай десеңші! Шөкеңнің өлеңді өн­діртіп жазған бір кезі болды», деп сол шақты сағынышпен еске алады.

Бұдан соң мен офицер ретінде әскер қатарына шақырылып, Семейі­ме кеткенмін. Одан кейін облыс­тық газетке қызметке орналастым. Ал Алматыға келсем болды, алдымен, кешегі бірге оқыған Шөмішбайларды іздеймін. Бұл шақта Шөкең «Қазақстан» баспасында қызмет істеп жатқан-ды. Телефон шалып «Есік» деп аталатын қонақүйіне шақырсам, қазақы жолымен біздің үйге кеттік дейді. Қасымда жездем бар, осында әңгімелесіп отыра бермейміз бе десем, көнбейді. Ендеше, алдымен астыдағы мейрамханаға барып шөл ба­сып алайық деймін мен де бол­май. Соған келісіп төменге түс­сек, онда бір үстелде атақты ақын Мұ­қағали ағамыз жалғыз өзі отыр екен. Шөкең болса ол кісіге мына азамат бірге оқыған жол­да­сым деп мені таныстыра­ бас­тады. Ал ол кісімен бұдан біраз­ жыл бұрын жерлес інісі Бақ­қожа дәп осындай жағдайда та­ныс­­тыр­ған болатын. Бірақ содан­ бері біраз жыл өтіп кеткен соң Мұ­хаңа солай болып еді деп айтып жат­қан­ды артық көрген едім. Ал осы орайда Мұқағали сынды алып ақын­мен таныстырған Шөмішбай мен Бақ­қожа секілді курстас жолдас­та­ры­ма ризашылық білдіре оты­рып, мен бірді-екілі көрген Мұқағали ақын көз алдымда өз баға­­сын білетін сыртқы мол жара­тыл­ған тұл­ғасына орай, ішкі жансарайы да кең кісі ретінде мәңгі есімде қалыпты.

Мен Алматыға тағы бір кел­генім­де Шөкең М.Әуезов атын­да­ғы әдебиет және өнер институтында қызмет етіп жатты. Мұн­да кезінде екі жерде министр бол­ған, оның сыртында белгілі әде­биетші ғалым Мүсілім Базар­баев қазіргі ­поэзия тарихын, қазіргі ақын­дардың жанын ақын біледі деп арнайы шақыртып алған екен. Шөкең болса осында қажырлылықпен ең­бек ете жүріп, кандидаттық диссер­тациясын ойдағыдай дәреже­де қорғап шықты. Осылай­ша, ол біздің курстастар ортасынан шыққан жалғыз ғалым атанғаны да бар.

Бұл кезде Шәкәрім қажы­ның 150 жылдығы бүкіл ел көле­мін­де аталып өтілген болатын. Ме­нің бабамыз жөніндегі деректі кітабым соның алдында Аста­на мен Алматы баспалары­нан жарық көрген-ді. Енді соның Алматыдағы тұсаукесерін Әуезов инс­титутында қызмет етіп жатқан Серікқазы, Шөмішбай сын­ды тілектес азаматтардың сеп бо­луымен Әуезов музейінде өткіз­ген едім. Осы жиын соңында Шөкең­нің төрт-бес азаматты енді бір жерге барып дұрыстап шәй ішейік деп жол бастағанын қай­тіп ұмытайын! Оның тек адами қасиеттеріне тоқталып жатқаным да сондықтан. Болмаса Шөкеңнің биылғы сексен жылдығына орай оның «қос қанатты ақындығына» (Ғафу Қайырбеков) байланысты лайықты бағасын беріп жатқандар баршылық. Шындығында бес жүздей ән мәтінін жазу әркімнің қолынан келе бермейтін үлкен шаруа! Абайтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай айтқандай, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін жабырқаған көңілді сөзін Шөкең жазған Отан, ел туралы ән баршамыздың еңсемізді тіктеп кеткені рас.

Ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығы үкімет тарапынан да лайықты бағасын алды. Соның айғағындай, ол І дәрежелі «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұның сыртында халықаралық Франц Кафка алтын медалінің де иегері, «Алтын адам – Жыл адамы», «Платиналы Тарлан» және «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлықтарының лауреаты.

Жоғарыда ұлы Мұхаңның атын айтып жатырмыз ғой. Бірде Сол Мұхаңның ұлы Мұрат Әуезовтің жолы қандай себеппен екенін білмедік, Шөміш көліне түсіпті деседі. Алматыдан келген қонақтың тегін кісі емес екенін аңғарып, түйсінген жергілікті жеткіншектер оны қоршап алып сөз суыртпақтай келе одан «біздің Шөмішбай ағаны білетін боларсыз» депті. Сонда оларды сөйлеткісі келген Мұрекең «ондай ақынды естіп көрмеппін» деген екен. Оның бұл сөзіне әлгі жеткіншектер кәдімгідей шамданып, ренжіп қалғанын бірден аңғарған ұлының ұлы әңгіме тақырыбын жақсы мағынаға қарай аударғанда, олардың жүзі балбұл жанып нұрланып сала беріпті. «Мен де жас жеткіншектердің өзім жақсы танитын талантты ақын ­бауырымды мақтаныш тұтатынын айқын сезініп бір жасап қалдым», дейді Мұрат Мұхтарұлы.

Иә, бүгінде әдебиет пен өнерсүйер қауым Шөмішбай есімін қадір тұтады. Оның атақ-абыройы Шөміш көлінен, Арал айдынынан, Қызылорда шегінен асып, бүкіл ел көлеміне жайылып кеткелі қашан.

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,

журналист-жазушы

Алматы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:48
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

17 Шілде 2026 12:19see121

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

17 Шілде 2026 17:09see115

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

17 Шілде 2026 11:25see114

Астанада апатты жағдайға арналған ерекше канал бар. Ол қалай жұмыс істейді?

17 Шілде 2026 10:54see113

АҚШ та 400 мыңға жуық қайтыс болған адам әлі де сайлаушылар тізімінде тұр

17 Шілде 2026 23:10see113

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

17 Шілде 2026 15:35see112

Павлодар маңынан төрт мың жылдық бірегей қорым табылды

18 Шілде 2026 09:47see111

Air Astana дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

18 Шілде 2026 11:21see111

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

17 Шілде 2026 12:12see111

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

17 Шілде 2026 13:11see111

Қауіп төндірді . Қазақстандықтардың шағымынан кейін қауіпті нысан бұзылды

18 Шілде 2026 17:24see111

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

17 Шілде 2026 23:48see111

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

17 Шілде 2026 16:19see110

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның креативті индустрия саласындағы ынтымақтастығы артады

17 Шілде 2026 12:49see109

Түркілер жаңбырды қалай шақырған: бұған қытайлар мен ацтектердегі нефритке табынудың қандай қатысы бар?

17 Шілде 2026 12:01see109

Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданды

17 Шілде 2026 18:31see109

Еліміздің өңірлерінде өндіріс қарқыны артып келеді

17 Шілде 2026 12:07see109

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша 22 үй бұзылады мекенжайлар тізімі

18 Шілде 2026 10:09see109

4 тонна алтын құрамды материал мен қару жарақ: Қазақстанда жасырын цех анықталды

17 Шілде 2026 16:19see106

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

18 Шілде 2026 05:05see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары