Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Сарғасқаев ұмытылмас, сарғайса да қағаздар

Сарғасқаев ұмытылмас, сарғайса да қағаздар

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Бар әдебиеттің бастауы – балалар әдебиеті» екені даусыз. Максим Горькийдің «Балалар жазушысы басқалардан сапалы жазуы керек. Анығында әдебиеттің бастау қайнары, әрі балаларды әдебиетке әкелетін шығармалардың сапасыз болуға хақысы жоқ» дегені бар. Демек, әдебиеттің бастауы болатын дүниенің салмағы да ауыр болары белгілі.

Балалар бағбаны

Сансызбай Сарғасқаев – қа­зақ балалар әдебиетінің жар­қын өкілі, бала болмысының нә­зік иірімдерін шынайы бей­не­ле­ген суреткер. Оның шығармалары ба­лаларды мейірім мен адалдыққа, ең­бексүйгіштік пен адамгершілікке үн­деді. Жазушының «балалық шақ­тың бал дәмін» суреттейтін туын­ды­ларында балғын өмірдің қуаны­шы мен мұңы жатыр. Ол бала ар­ма­ны­ның бейкүнә сырын көркем тілмен өр­нектейді. Сарғасқаевтың кейіп­кер­лері – өмірдің өзінен алынған қара­пайым да қайсар балалар. Олар оқырманды ізгілікке, еңбекқор­лық­қа, үлкенге құрмет, кішіге қам­қор болуға тәрбиелейді. Сансызбай Сар­ғасқаев – бала жүрегіне жылу ұя­ла­тып, балалықтың сәулесін мәң­­гілік сөзге айналдыра білген қа­лам­гер.

«Біз кішкентай үгітшілер едік, бри­гадалар мен фермаларды ара­лай­­тынбыз. Газет пен журнал оқып беретінбіз. Жауынгерлік листоктар шы­ғарып, концерт көрсететін едік. Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік. Жас бөбектер мен қарттарға жәр­дем­дестік. Мұны ешқашан да ұмы­та алмайсың» деп жазады жазушы ба­лалық шағы туралы. Сол бір ба­ла­лық шақтағы ұмытылмас дүние­лер кейін қағазға сыр боп төгілді. 

Алғашқы дүниесімен-ақ көп­ші­ліктің ықыласына ие болған жазу­шы республикалық «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Пионер» журналының тұ­рақ­ты авторына айналды. 1953 жылы оның «Достар» деген әңгімелер жи­нағы шықты. «Тәмпіш қара» по­весі 30-жылдардағы ауыл өмірін су­реттеген. Повесть тоғыз бөлімнен тұ­рады: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?» , «Өкі­ніш», «Теке қарт», «Не болды біз­ге?», «Бұдан кейінгі күндерде…», «Ойламаған жерден», «Үш күн қал­ғанда». Повестің негізгі ойы – жас жет­кіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу. 

Қаламгер 1954 жылы «Сәуленің жаңа достары», «Сұлутөрдің бала­лары» (1956), «Бір көшенің бойын­да» (1961), «Сынған тіс» (1963) атты повес­тер мен «Балалар» (1958), «Шын­дық» (1964) атты әңгімелер жи­на­ғын жарыққа шығарды. Жи­нақ­қа енген жиырмаға тарта шағын әң­гімесі тақырыптық тұрғыдан да, маз­мұны жағынан да байи түскенін бай­қауға болады. Әсіресе, «Өкі­ніш», «Көз», «Шатақ», «Сабақ», «Жі­­гіт» секілді әңгімелерінде сю­жет­тік желісі тұрғысынан ширай түскенін аңғарасың. 

«Адам – табиғат перзенті. Таби­ғаттың даму, өзгеру заңдылығы сияқ­ты адамның да сыры, мінезі, іс-әре­кеті әр алуан. Жазушы басты кейіп­керлерін табиғат көріністерін сурет­теуге байланыстыра гуманизм рухымен тоғыстыра білді». Бұл – әріп­тестерінің жазушыға берген шы­найы бағасы. 

«Атам тұнып тұрған тірі энциклопедия еді»

Қаламгердің келіні Фатима Сар­­ғасқаева – тіл маманы. Ұзақ жыл­­дар Кітап палатасында еңбек етті. Қазір зейнетке шыққан. Не­мере бағып отырған әже. Ә деген­нен-ақ Фатима апайға жазушы ту­ралы сұрағымызды жаудырған едік. Асықпай, байыппен, баппен атасы туралы әңгімелеп берді. 

– Қайын атам белгілі жазушы Сан­сызбай Сарғасқаевпен пікір­лесу мен үшін ғажап оқиға еді. Атам тұнып тұрған «тірі энциклопедия» бо­латын. Түсінбегеніңді сұрасаң, сол сәтте жауабы дайын тұратын. Ол кісі өз туындыларын оқығанда ұйып тыңдамасқа шараң қалмайды. Тек шабытты шақтарында жазуға отыр­ғанда еш мазаламауға тыры­сатын­быз. Балалар жан дүниесінің біл­гірі, тамаша жазушының «Сәу­ле­­нің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шын­дық», «Шыбық», «Жай­машуақ», «Тәмпіш қара», «Жұмбақ қыз» атты повестері мен әңгімелері ерте­ректе жарық көрген. Талай бал­дыр­ған атамның әңгіме, тақ­пақ­тарымен танысып, есейгені – біз үшін мақтаныш.

– Биыл балалар жазушысы Сан­сыз­бай Сарғасқаевтың туғанына 100 жыл толды. Балалар әдебиетінің көш ба­сында тұрған тұлғаның есімі «кө­мес­кіленіп», ұмытылып бара жат­қан секілді. Атаңызды есте қал­дыру үшін қан­дай іс-шаралар ат­қарылып жа­тыр?

– Биылғы атамыздың мерей­тойы­на орай, арнайы еске алу кон­фе­ренциясын өткіздік. Оралда не­мерелері тұрады. Сол жақта арнайы ашық сабақ өткізіп, көрме жасады. Ал­матыда тұратын немерелері де ата­сын еске алу мақсатында бір­қатар іс-шара өткізіп, тағзым етті. Газет-журналдарда атамыз туралы мақалалар жарық көрді. Ол кісінің шығармаларын жинақтап, таспалап қойдық. Ғаламторға «Сұлутөр» мен «Тәмпіш қараның» аудио нұсқасын шығардық. 

– Қоғам қазір әдебиеттен қол үзіп барады. Оның ішінде балалар әде­­биеті де бар. Бұрын балалар Соқ­пақбаевты, Гумеровты, Сарғас­қаев­ты және өзге де балалар әде­бие­тінің өкілдерін жақсы білетін. Қа­зір ше?

– Балалар жазушыларын мек­теп оқулықтарына, әсіресе бас­тауыш сынып оқушыларының оқу­­­­лықтарына енгізген жөн. Сонда оқу­шылар балалар әдебиеті өкіл­дерін жақсы танып, мағлұмат алып отырар еді. Тым құрыса, қысқаша өмір­баяндары оқулыққа енсе, қан­дай ғажап! Шығармаларын толық бе­ре алмайтыны түсінікті, үзінді­лерін салып отыруға болады. Жо­ғары сынып оқушылары үшін де оқулықтарға шығармаларын енгіз­геннің айыбы жоқ. Балалар әде­биетке құмартып, ақын-жаз­у­шы­ның көркем дүниелерімен танысып өсер еді. 

                                                                        коллаж: Елдар ҚАБА

– Талай балдырған атаңыздың өлең­дері мен көркем шығармаларын оқып өсті. Әлі күнге дейін атаның шы­ғармалары сұраныста бар ма?

– Иә, кейде кездесуге, оқу­шы­лармен жүздесуге шақырып тұрады. Ата­мыздың әлі күнге дейін есімі ұмытылмай, көркем дүниелері тал­қыланып жатады. Кейде бізге ха­бар­ласып, «қайта шыққан кітап­тары бар ма?» деп сұрайды. Сондай сәттерде балалар жазушысының әлі күнге сұраныста болғанына қуа­на­сың. Ата есімінің ұмытылмағанына шүкірлік етесің.

– Мектеп оқулықтарынан бөлек, жазу­шының шығармалары жеке жи­нақ болып, жиі жарық көре ме?

– Жоқ. Ол кісінің кітаптары тек кітапханаларда ғана бар. Жекелеп, жыл сайын қайта шығады деп айта алмаймын. Кейде студенттер де ха­барласып, шығармаларын сұрап жатады. Кітап дүкендерінен сирек кез­дестіресің, оның өзінде кейінгі жыл­дары шығып жүрген жоқ. Бу­кинистерде ескі жинақтарын табуға болар, оның өзі сирек. 

– Сіз келін болып түскенде, Сан­сыз­бай ата қанша жаста еді?

– Мен келін болып түскенде, атам­ның жасы қатты ұлғая қойма­ған кезі. 55 жаста ғана болатын. Ол кісінің көзін көріп, мазмұнды әң­гі­мелерін тыңдап өстік. Немерелері де аталарының әңгімесімен есейді. 

– Балалар әдебиетінің жоқтау­шы­лары көп пе? Атаңыз есімі қалай на­сихатталып жүр?

– Оқушылар мен студенттерден бөлек, мұғалімдер де кейде атамның еңбектерін сұрап жатады. Тіпті, кей­бірі «кітаптары неге аз, оқулық­тарда атаның шығармалары неге жоқ?» деген сауал қояды. Бала­ла­рым­­ның кішкентай кезінде оқу­лықтарда атаның шығармалары болды. Қазір оқулықтар да өзгерген. Жаңа бағ­дар­лама енгізілген. Мүмкін, сол се­бепті де атамыздың көркем дү­ние­лері енбей қалған шығар. Ми­нистрлік осыны ескерсе деймін: бала­лар әдебиетінің классиктерінің шығармалары оқулыққа енуі қажет. Сонда балалар әдебиетті, оның ішінде балалар әдебиетін оқитын еді, көңілге тоқитын еді. 

– Қоғам балалар жазушысын ұмыт­пау үшін не істеген абзал?

– Атамыздың соғыс жылдарын­дағы кезеңі көп айтыла бермейді. Ол кісі де соғысқа қатысқан, соғыс ардагері атанған жазушы. Ондай мағлұматтар өте аз, тіпті жоқтың қасы. Жазушының есімін ұмытпай, шығармаларын да, өмірін де жиі насихаттай бергеніміз дұрыс. 

– Атаңыз туралы еске алғанда не ойға оралады?

– Балалар атама қатты үйір бо­латын. Көршілердің балаларына дейін жақсы көрді. Мүмкін, сол се­бепті де балалар жазушысы бол­ған шығар. Айналасынан жыпыр­лап, балалар шықпайтын еді. Су­рет­ті де көркем салатын. Сол қа­­­­сиеті не­мерелеріне дарыды. Екі бір­дей немересі аталарының жолын қуды. Әсел Сарғасқаеваның сурет­тері Лондонда, Мәскеуде қойылып жүр. Алтынай Сарғасқаева да таны­мал сурет­ші, оның кітабын ЮНЕС­КО-дан шығарды. 

– Жазушының шығармасы да ұрпағы секілді аяулы, қадірлі. Бала­лары ата аманатына адал ма? 

– Ұрпағы бар да ата есімі ұмы­тыл­майды. Аталарының фами­лия­сын жалғаған немере-шөберелері бар. Олар атасының фамилиясын ал­­ғанын мақтан тұтады. Жыл сайын атасының туған күнінде ата­лары туралы сөз қозғап, естелік­терін ортаға саламыз. Балалар да, не­мерелер де атасының атына дақ түсір­мей, әлемге паш етіп келеді. Бұл да марқаятын, мақтаныш сезі­мін ұялататын дүние. «Ғалымның ха­ты, жақсының аты өлмейді» де­ген дана сөз – бүгін мен ертең ар­а­сын­дағы рухани байланыстың ал­тын көпірі дер едім. Жақсының аты, яғни атамыздың есімі ұмы­тыл­майды, мәңгі жасай бермек!

Гүлзина БЕКТАС

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 11:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see147

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see144

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see142

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see137

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see137

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see136

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see135

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see135

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see134

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see134

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see132

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары