Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әдебиетімізді әлемге қалай танытамыз?

Әдебиетімізді әлемге қалай танытамыз?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Aудaрмa неғұрлым көп болсa

Ашур ӨЗДЕМІР:

– Қaзaқ әдебиетi, ауыз әдебиетімен бірге түркі әле­мiнiң ең бaй әдебиетi деп ойлaймын. Өкiнiшке қарaй, жүз­деген жылдық дәстүрi бaр бұл бaй әдебиет дү­ние­жүзiнде, тiптi түркі әле­мiнде лaйықты деңгейде тaнылмaды, оқылмaды. Әлбетте iстелiп жaтқaн жұмыс бaршылық, бірақ әлі де жеткiлiксiз. Әдебиеттi нaсиxaттaудың бiрiншi қaдaмы aудaрмa екенi дaусыз. Олaй болсa, бұл тұрғыдa не iстеуге болaды? Бiрiншiден, қaзaқтың  сонaу жырaулaр поэзиясынaн бaстaп мaңдaйaлды шығaрмaлaры әлемнiң бaсты тiлдерiне aудaрылуы керек. Туын­дыны екi тiлдi де жетiк меңгерген кәсiби aудaрмaшы аударғаны жөн. Тiл бiледi екен деп көлденең көкaттылар шала aудaрмa жасаса, әдебиетке де, мәдениетке де, жaзушығa дa, шығaрмaғa дa қиянaт.  

«Қазақ әдебиетінен қaй шығaрмa­лaр­ды aудaру керек?» деген са­уал алдымыздан шығады. Негiзiнен әр шығaрмaны шет тiлiне aудaруғa болaды, бұғaн ешқaндaй кедергi бол­мaуға тиіс. Aлaйдa мемлекет тaрa­пынaн қaржылaндырылaтын жобa­лaрдa, әрине, мемлекеттiң мәдениет сaясaты шешушi рөл aтқaрaды. Өйткенi xaлықтың aқшaсын xaлықтың игілiгiне ғaнa жұмсaу қaжет. Aл жеке aдaмдaр мен мекемелер кез келген шығaрмaны шет тiлiне aудaртa aлaды. Бұның ешқaндaй зияны жоқ. Себебi кейде өз елiнде еленбеген кейбiр шы­ғaрмaлaр бaсқa бiр елде бaғaлaнуы әбден мүмкiн. Қысқaсы, aудaрмa не­ғұр­лым көп болсa, әдебиеттiң тaнылуы да соғұрлым жaқсы деп aйтуғa болaды. 

Aудaрылғaн кiтaптың тaрaтылуы – бaс­ты мәселе. Қомақты қaржыға aудa­рыл­ғaн шығaрмa оқырмaнның қолынa жетпесе, еңбектің зaя кеткені. Сол себеп­ті aудaрылғaн шығaрмa беделдi бiр бaспaдaн шықпaсa, көбiне оқырмaн қолынa жетпейдi. Бұғaн aсa мән беру қaжет. Тaғы бiр мәселе –  шығaрмaның нaсиxaттaлуы. Қaзiр жaрнaмa жaсaу қиын емес. Жaрнaмaның әлеуметтiк желiден бaстaп көптеген жолы бaр. Оның үстiне отaндық бaспaлaр, әдебиет ұйымдaры, aгенттер xaлықaрaлық кiтaп көрмелерiне қaтыспaсa, қaзaқ әдебиетiнiң дүниежүзiлiк нaрыққa шығуы екiтaлaй. Отaндық бaспaлaр мен әдебиет ұйымдaры беделдi xaлық­aрaлық көрмелерде бой көрсеткен сaйын әлем жұртшы­лығының қaзaқ әдебиетiне деген қызығушылығы aртa түседi.

Сондай-ақ қaзaқтың ұялмaй әлем жұрт­шылығынa ұсынaтын Aбaй Құнaн­бaйұлы, Мaғжaн Жұмaбaй, Бейiмбет Мaйлин, Мұxтaр Әуезов, Тaxaуи Axтa­нов, Әбiш Кекiлбaйұлы, Дулaт Исaбе­ков, Мұxтaр Мaғaуин, Тынымбaй Нұрмaғaмбетов, Розa Мұқaновa сияқты aқын-жaзушылары баршылық. Тек олардың шығармала­рын тaныту мәселесi кенже қaлып отыр. Қaзaқ әдебиетi – aлдымен қaзaқ­қa, онaн кейiн бүкiл әлемге қaжет құндылық. Бұл шындықты мойын­дaмaйыншa, iстеген жұмыстың ешқaн­дaй берекесi болмaйды.

Әдебиет кітапта ғана өмір сүрмейді

Тинка ГАРДЕНГИ:

 – Бірнеше жылдан бері Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шы­­ғарма­ла­­рын зерттеп жүрмін. Осы орайда Мұхтар Әуезовтің шы­ға­р­ма­ла­ры­мен, дәлірек айт­­сам, оның испан тілі­не ауда­рылған «Абай жолы» романы­мен таныстым. Менің ойым­ша қазақ әдебиетін әлемге таныту бір ғана бағытпен жүзеге асатын шаруа емес. Бұл – жүйелі ойластырылған, ұзақмерзімді мәдени стратегияны қажет ететін үлкен қозғалыс. Біріншіден, сапалы аударма ауадай қажет. Әлем қазақ әдебиетін тек аударма арқылы таниды. Бірақ аударма жай ғана сөз алмастыру емес, рухты жеткізу болғаны жөн. Мұхтар Әуезовтің психологиялық тереңдігін, Шыңғыс Айтматовтың философиялық кеңістігін басқа тілде дәл жеткізе алатын кәсіби аудармашылар қажет. Әсіресе ағылшын, испан, француз сияқты әлемдік тілдерге сапалы аударма – басты міндеттердің бірі. Екіншіден, ортақ адамзаттық тақырыптарды алға шығару. Қазақ әдебиеті әлем оқырманына тек этнографиялық қызық ретінде ұсынылмауға тиіс. Ондағы сағыныш, махаббат, еркіндік, жалғыздық, тағдыр – бүкіл адамзатқа ортақ ұғымдар. Мысалы, «Абай жолындағы» рухани ізденіс, адам мен табиғат арасындағы байланыс – кез келген оқырманға түсінікті әмбебап құндылықтар. Әлем оқырманы қазақ әдебиетін оқығанда өз өмірін, өз сезімін таба алуы керек. Үшіншіден, әдебиеттің жаңа формаларын пайдаланған жөн. Әлемде әдебиет тек кітап бетінде ғана өмір сүрмейді. Кино, театр, анимация, подкаст, тіпті әлеуметтік желілер – бәрі әдебиеттің жаңа алаңы. Мұхтар Әуезов сияқты даңқты қазақ қаламгерлері шығармаларын фильм­дерге бейімдеп, оны үлкен тілдерге аударып, әлемдік аудиторияға ұсынса, үлкен насихат болар еді. Қазір әлем әдебиеті осы салада жан-жақты дамып келеді. Қазақ әдебиетін де осы бағытта дамыту қажет. Романдарды сериалға, әңгімелерді қысқаметрлі фильмдерге, поэзияны визуалды форматтарға айналдырып, оқырманға ұсынған дұрыс. Халықаралық әдеби байланыс­тарды күшейту де – күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Әдеби фестивальдар, кітап жәрмеңкелері, бірлескен антологиялар – әдебиеттің ең тиімді «жұмсақ күші». Осы бағытта да қазақ жазушылары халықаралық кеңістікке белсенді шығуға тиіс. Әдебиет өнер ғана емес, ол – мәдени дипломатия. Тағы бір айтарым, бұл салаға ақпараттық және институционалдық қолдау қажет. Мемлекеттік және жеке бастамалар арқылы арнайы аударма қорларын құру, әдеби агенттерді дамыту, шетелдік бас­палармен жүйелі жұмыс істеу маңызды. Әлемдік нарықта әдебиет те – бәсекеге түсетін өнім. Мысалы, Испания сияқты ірі мәдени кеңістікте Орталық Азия әдебиеті туралы түсінік өте шектеулі. Көп жағдайда Шыңғыс Айтматов есімі белгілі болғанымен, Мұхтар Әуезов сияқты алып тұлғалар­дың шығармалары испан тіліне то­лық аударылмаған. Әдебиетімізді жүйелі түрде өзіміз танытпасақ, оны ешкім келіп әлемге таныс­тырмайды. Тағы бір көкейкесті жайт оқырман қалыптастыру стратегиясы болмақ. Әлемдік аудито­рияға жету мақсатында тек кітап шығару жеткіліксіз, оны оқитын орта қалыптастыру маңызды. Университеттердегі курстар, әдеби клубтар, онлайн платформалар арқылы қазақ әдебиетін танытуға болады. 

Мақсат, ниет және әрекет

Сау ШҮЙ:

– Қазақ әдебие­тімен жақын жыл­дары таныс­тым. Меніңше, бір ұлттың әде­биетін әлемге танытудың бас­тауы – оның ұлт­тық тамы­рын дұрыс түсі­нуде. Әдебиет – белгі­лі бір халықтың тарихи жады, дүниетаны­мы, таби­ғатпен байланысы, рухани болмысының көрінісі. Зерделеп көрсек, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында кең дала, көшпелі өмір салты, табиғатпен етене тіршілік ерекше көрінеді. Осы ерек­шелікті жоғалтпай, керісінше, соны айқын көрсете білу – халықаралық деңгейде танылудың алғашқы шарты. Әлем оқырманына қызық нәрсе – дәл осы өзгешелік пен шынайылық. Сапалы аударма – әдебиеттің шекара асуындағы ең маңызды көпір. Әдеби туындыларды ағылшын, испан, араб, француз, орыс тілі сияқты ірі тілдерге кәсіби деңгейде аудару қажет. Аударма жасағанда түп­нұс­қаның рухын сақтай отырып, оны басқа тілде қайта «тірілту» аса маңыз­ды. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі бүкіл адам­затқа ортақ тақырыптарды айқын­дай білу маңызды. Махаббат, уақыт, еркіндік, тағдыр, туған жерге деген сағы­ныш – бұл ұғымдар барлық халыққа түсі­нік­ті. Егер ұлттық бояу­ды сақтай оты­рып, осы әмбебап құндылықтарды көрсете алсақ, қазақ әдебиеті әлемдік әдеби үдерістің толыққанды бөлігіне айналады.

Мен аударған ақын Ұлықбек Есдәулет­тің «Дала жырлары» шы­ғармасы «Боао» халықаралық поэ­зия сыйлығын алды. 2024 жылдың соңында Қытайдың Боао қаласында ақынмен кездесіп, бірге марапат алып, теңіз жағасында өлең оқыдық. Бұл сәт маған аударманың тек сөз емес, екі мәдениеттің үндестігі екенін тағы дәлелдеді. Қазір Ұлықбек ақынның «Киіз үйдегі ән» атты жинағын қытай тіліне аударып жатырмын. Болашақта оның шығармаларын ағылшын, орыс, араб, испан, француз тілдеріне аудару жоспарда бар. Сапалы аударма мен терең шығармашылық байланыс арқылы ғана қазақ поэзиясы әлемге танылады. Өткен жылы Сиань қаласында бірге болып, оқырмандармен кездесу өткіздік. Ақын Ұлықбек өлеңдерін оқыды, тыңдаушылар тілін түсінбесе де, сезім арқылы қабылдады. Бейжіңдегі халық­аралық поэзия кинофестива­лінде оның өлеңдері бейнежобаға айна­лып, үлкен аудиторияға жетті. Бұл – поэзияны жаңа деңгейде тарату жолы. Қысқаша айтқан­да, әдебиетті әлемге таныту үшін ең алдымен мақсат, ниет және әрекет керек.

Әзірлеген –

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары