Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Әділет партиясы кітапхана ісі мен кітап басып шығаруға қатысты жеке заң қабылдауды ұсынады

Әділет партиясы кітапхана ісі мен кітап басып шығаруға қатысты жеке заң қабылдауды ұсынады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жиында партия кітапханалар мен кітап басып шығару ісін қолдау, ғылымды дамыту, әлеуметтік қолдау көрсету және жас мамандарға жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Бұл туралы Aikyn.kz «Әділет» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесуде кітапхана саласы қызметкерлерінің жағдайы да сөз болды. Облыстық Абай атындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі Жанар Чушекова кадр тапшылығы мен еңбекақы деңгейіне назар аударды. Кандидаттар партияның кітапхана ісі мен кітап басып шығаруға қатысты жеке заң қабылдау туралы бастама көтеруді, сала қызметкерлерін қолдау тетіктерін жетілдіруді және кітапхана қорларын цифрландыруды жалғастыруды ұсынатынын айтты. Сайлауалды бағдарламада отандық кітап басып шығару ісін және балалар әдебиетін дамыту, қазақ тілін қолдау, кітап оқу мәдениетін насихаттау да көзделген.

Қатысушылар ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау мәселелеріне де тоқталды. Құрылтай депутаттығына кандидат Анар Фазылжанова ғылым саласындағы оң өзгерістердің саяси өмірге араласу туралы шешім қабылдауына себеп болғанын айтты. Ол атаулы әлеуметтік қолдау мәселесіне де арнайы тоқталды. «Әділет» партиясы Бірыңғай цифрлық әлеуметтік қорғау платформасын құруды және азаматтардан артық анықтама жинауды талап етпей, қолдау шараларын проактивті түрде тағайындауға көшуді ұсынады.

«Мен ғалым-лингвистпін және бұған дейін ешқашан саяси партиялардың мүшесі болған емеспін. Алайда соңғы жылдары ғылымға мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп келе жатқанын көріп отырмыз. Қазір біздің институттағы жас ғалымдарға баспаналы болуға мүмкіндік беріліп жатыр. Бұл өзгерістердің жалғасуы мен үшін маңызды. Сондықтан «Әділет» партиясына кіру туралы шешім қабылдадым», –  деді Анар Фазылжанова.

Өңірдің дамуы туралы сөз қозғаған Абай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алин Мұратқазы облыстың дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде қайта құрылуынан кейінгі оң өзгерістерді атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысын құру туралы шешімі өңірді одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Өткен жылдар ішінде облыста елеулі өзгерістер болып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын көріп отырмыз. Сондай-ақ «Абайға құрмет» бастамасының маңызы зор. Ол еліміздің өңірлерін Абай мұрасын сақтау және дәріптеу жолында біріктірді. Мұның бәрі Абай облысын дамытуға және оның тарихи-мәдени мұрасын сақтауға ерекше көңіл бөлініп отырғанының айғағы», – деді Алин Мұратқазы.

Құрылтай депутаттығына кандидат Дихан Қамзабекұлы Семейдің тарихи тұрғыдан елдің рухани әрі зияткерлік орталықтарының бірі болып қала беретінін, ал Абай, Шәкәрім және Алаш қайраткерлерінің идеялары қоғамдық бағдарларды қалыптастыруды жалғастырып келе жатқанын жеткізді.

«Президент әділет қағидатын мемлекеттік деңгейге көтерді. Бүгінде елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістер осы қағидатқа негізделеді. «Әділет» партиясы Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын қолдайды және жаңа Конституция ережелерін іс жүзінде жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл үдерісте тарихи жадыны сақтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын зиялы қауымның рөлі ерекше», – деді Дихан Қамзабекұлы.

Мәдениет саласының ардагері Құсміла Нұрқасым мен сот жүйесінің ардагері Мұқаш Кенжебаев та «Әділет» партиясын қолдайтынын айтты.

«Әділет» партиясы атауының өзі әр адамның жүрегіне жақын. Абай мен қазақтың ағартушылары әрдайым әділет жолын ұстанды. Біз Президенттің тарихи жадыны сақтауға және Құрылтай институтын дамытуға бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Абай елі «Әділет» партиясын шын жүректен қолдайды», – деді Құсміла Нұрқасым.

Кездесуді қорытындылаған партия Төрағасы Айбек Дәдебай Абайдың идеялары мен партия құндылықтарының өзара үндестігіне тоқталды.

«Ұлы Абай «Әділет жоқ жерде сенім де жоқ» деген. Бұл терең ой – халқымыздың мәңгілік рухани бағдарларының бірі. Тарихи жолымызды жалғастырып, ата-бабамыздан мирас болған ғасырлар бойғы құндылықтарға сүйене отырып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев дамудың негізгі бағытын айқындады: «Біз Әділетті Қазақстанды құрамыз». Жүргізіліп жатқан барлық реформалар әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізуге және экономиканы қарқынды дамытуға бағытталған. Мемлекеттілігіміздің тарихынан тамыр тартатын осы идеалдар «Әділет» партиясы философиясының негізінде жатыр. Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын нық қолдаймыз және жаңартылған Конституция нормаларының әрбір азаматтың игілігіне қызмет етуіне күш саламыз. Әділет пен заңдылық, адал еңбек пен тәртіп, прогресс пен патриотизм – мықты қоғам құру жолындағы берік іргетасымыз», – деді Айбек Дәдебай.

Абай облысының ақсақалдары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері айтқан ұсыныстар партия тарапынан талданып, алдағы заң шығару жұмысында ескеріледі.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram арнасынан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 15:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары