Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әділет партиясы: Қарағандыда сайлауалды штаб өкілдері кәсіпорындарды жаңғырту керегін айтты

Әділет партиясы: Қарағандыда сайлауалды штаб өкілдері кәсіпорындарды жаңғырту керегін айтты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Республикалық сайлауалды штабтың мүшелері Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіпорындарды жаңғырту, кадрлар даярлау, жалақыны арттыру және индустриялық қалаларды дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Aikyn.kz «Әділет» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Qarmet» АҚ Болат департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі директоры Бауыржан Әлжанов өндірістегі жарақаттану деңгейінің жоғары екеніне назар салды. Оның айтуынша, жыл сайын өндірісте мыңдаған қызметкер жарақат алады. Осыған байланысты ол өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек қауіпсіздігін арттыру үшін «Әділет» партиясы қандай заңнамалық бастамалар ұсынып отырғанын сұрады.

Сұраққа жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Азамат Төлегенов партияның басты қағидаты жазатайым оқиғалардың салдарын жою емес, өндірістік тәуекелдердің алдын алу екенін атап өтті.

«Әділет» партиясының ұстанымы – жазатайым оқиғаларға ден қоюдан гөрі олардың жүйелі түрде алдын алу. Біз қауіпті өндіріс орындарында өндірістік қауіпсіздіктің цифрлық жүйелерін кеңінен енгізуді, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуді, осы талаптардың сақталуына тәуелсіз бақылауды нығайтуды, сондай-ақ қызметкерлерді тұрақты оқытуға, өндірістік тәуекелдерді бағалауға және кәсіпорындарды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуді ұсынамыз», – деді Азамат Төлегенов. 

Кездесу барысында өндірістік қауіпсіздікке ғана емес, өнеркәсіптік өңірлердегі әлеуметтік саясатқа қатысты да мәселелер көтерілді. Екатерина Смышляева тәуелсіз бақылауды дамыту, кәсіби тәуекелдерді міндетті бағалау, қызметкерлерді тұрақты оқыту және кәсіпорындарды қауіпсіз технологияларды пайдалана отырып жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтты. Вадим Басин лайықты еңбекақымен, әлеуметтік кепілдіктермен және қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілген бір миллион сапалы жұмыс орнын құру – партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін жеткізді.

Арман Қалықов жалақының тұрақты өсуі үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға және еңбек өнімділігін арттыруға бір мезгілде инвестиция салу қажет екенін айтты. Асхат Аймағамбетов инженерлік және жұмысшы кадрларды даярлау мәселелеріне тоқталды. Ал Никита Шаталов индустриялық қалаларды кешенді дамыту және олардың тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды таныстырды.

«Партия инженерлік желілерді жаңартуға, қолжетімді тұрғын үй салуға, заманауи медицинаны, білім беруді, қоғамдық кеңістіктерді және спорт инфрақұрылымын дамытуға көбірек инвестиция бағыттауды ұсынады. Жас мамандар өз келешегін тек өндіріс орнымен ғана байланыстырмай, кәсіпорыннан тыс өмірде де даму мүмкіндігін көре білуі керек», – деді Никита Шаталов.

Кездесу соңында Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айбек Дәдебай Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан реформалар отандық өнеркәсіптің дамуына жаңа мүмкіндік ашқанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық инвестор келгеннен кейін кәсіпорын жаңғыртудың жаңа кезеңіне өтіп, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді әрі біртіндеп отандық металлургия саласындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі өз орнын қайта қалпына келтіріп жатыр.

«Әділет» партиясы еңбек ұжымдарымен тұрақты диалогқа ерекше мән береді. Біз адам жетістігінің басты өлшемі – адал әрі жауапты еңбек екеніне сенімдіміз. Сондықтан сайлауалды бағдарламамыз азаматтардың нақты сұранысына сүйене отырып әзірленді. Онда экономиканы, өнеркәсіпті дамытуға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған 100-ден астам нақты шешім қамтылған», – деді Айбек Дәдебай.

Партия төрағасының айтуынша, бағдарламаның өнеркәсіпке арналған блогында келісілген өнеркәсіп саясатын жүргізу, шикізатты ел ішінде терең өңдеуді арттыру, ішкі өндірістік тізбектерді дамыту, қосылған құны жоғары заманауи өндірістерді құруды қолдау және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды дамыту көзделген. Мемлекеттік қолдау экспорттық әлеуеті жоғары, импортты алмастыруға ықпал ететін және жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларға бағытталуға тиіс.

Кездесу қорытындысы бойынша «Qarmet» АҚ өкілдері «Әділет» атауымен болаттың арнайы партиясын шығаратынын жариялады. Кәсіпорында бұл символдық қадам еңбек адамына деген құрметті, отандық металлургияның сабақтастығын және заманауи, қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті дамытуға деген ұмтылысты білдіретінін атап өтті.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 15:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары