Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

Цифрлық теңгеге көшуге мүмкіндік бар

Атырау облысының 160 тұрғыны кәсіп ашу үшін грант алды

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

Адамдар ұзағырақ өмір сүреді, бірақ аурусыз жылдар баяу өсуде зерттеу

​​​OpenAI бұрын соңды болмаған ТЖ жариялады: ЖИ өздігінен хакерлік шабуыл жасады

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола облысындағы көлдерден демалушылар мен балықшы эвакуацияланды

Астанада телефон сататын дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Білікті офицер мен сержант армия тірегі

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

Африкадан Аралға дейін: Құм жұтқан көлдерді қайтсек құтқарамыз?

Африкадан Аралға дейін: Құм жұтқан көлдерді қайтсек құтқарамыз?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай отырысында Арал ахуалын тағы да тілге тиек етті. «Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Мен бұл мәселе туралы халыққа Жолдауымда айттым. Жылдар бойы жүргізілген жұмыстың арқасында Солтүстік Аралды құтқарып қалдық. Қашқан теңіз қайтып, Кіші Аралдың қалпына келе бастағанына біраз жыл болды», дей келе бұл проблеманы халықаралық деңгейде көтеруге бағытталған жұмыс қолға алынғанын айтты. 

Былтырғы «Әділетті Қазақ­станның экономи­ка­лық бағдары» атты Жол­дауында Президент:  «Су – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес» дегені белгілі. Расында, жерінің жартысынан астамын шөл мен шөлейт басқан еліміз ХХ ғасырда Арал проблемасымен бетпе-бет келсе, енді Каспий теңізінің де деңгейі төмендеп, жаңа бір экологиялық апаттың қаупін аңғартып тұр.

Осы орайда Аралдың тартылуы секілді трагедия әлемнің өзге де бірқатар елінде болғанын айта кету керек. Мәселен, сонау Африканың қақ орта тұсындағы Чад көлінің тағдыры Аралмен өте ұқсас. Ол жерде қандай экологиялық апат болғаны, көлді айнала қоршаған елдер бұл проблемамен қалай күресіп жатқаны туралы деректерге бір көз жүгірткен артық болмас.

Бір қызығы, бір-бірінен айдалада жатқан екі көл бір уақытта, яғни өткен ғасырдың 60-жылдарынан тартыла бас­тапты. Ол кезде Чад – көлемі жөнінен Африкадағы төртінші ірі көл болса, Арал – әлемдегі төртінші ірі көл еді. Чадтың жалпы аумағы 26 мың шаршы шақырым, яғни біздің Аралдан шамамен екі есе кіші. Ал 2000 жылдардың басында айдын көлемі 90–95 пайызға дейін кішірейіп, қазір батпақты қопа 1 500 шаршы шақырымды әрең құрап отыр. Оның өзі жыл өткен сайы­н құмға жұтылып барады. Арал да осы уақыт аралығында 90–95 пайызға азайып, негізгі оңтүстік бөлігі түгелге жуық жойылып кетті.

Чад, Камерун, Нигер, Нигерия елде­рінің ортасында орналасқан Чад көлі кезінде айналасындағы құнарлы жерімен, балық шаруашылығымен миллиондаған адамды жұмыспен әрі сумен қамтамасыз етіп келген ірі табиғи тоған болатын. Қазір көлдің құрдымға кетуімен бірге әлемнің басқа ешбір жерінде кездеспейтін эндемикалық жануар – тұщы суда мекен ететін ламантиннің де тұқымы құрып кету алдында тұр. Біздің Сырдария мен Әмудария секілді Чадты да негізгі екі өзен – Шари мен Логоне сумен толтыратын. Алайда бұл өзендер ұзақ жыл бойы егістік жерлерді суғару мен бау-бақшаға шектен тыс көп пайдалану салдарынан, яғни адам факторының кесірінен көлдің құрғауына себепші болған. Қарап тұрсаңыз, Аралдың да түбіне адам жеткен еді ғой.

«Сахараның теңізі» деген бейресми атауы бар көгілдір көлді құтқарып қалу үшін қазір түрлі жоба ұсынылып жатыр. Соның бірі – Африканың басқа көлдері мен өзендерінен суды бұру. Мәселен, канадалық геологтер Конгоның ірі саласы – Убанга өзеніне үлкен бөгет салу арқылы оны кері қарай ағызуға, сөйтіп Чад көлімен байланыстыруға болатынын айтыпты. Бұл ой жүзеге асса, көлдің орнында Жерорта теңізінің жартысына тең үлкен су айдыны пайда болады екен.

Африканың ең суы мол өзені – Конго дариясының бір бөлігін Чадқа бағыттау жөнінде де жобалар бар. Бұл жоба орындалса, аймақтағы 30 миллион адамды сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, тіпті Сахараның бір бөлігін көгалдандыруға да болатыны болжанып жатыр. Мамандардың бір тобы аталған жобалар аймақтың экожүйесін құлпыртып, тіршілікке жаңа тыныс береді десе, екінші тобы мұндай радикалды шешімдер гидрологиялық жүйенің нәзік тепе-теңдігін бұзып, табиғи апатқа себепші болуы мүмкін деген қаупін де айтады. Осы тұста Чад көлін мекен ететін қоқиқаздар жыл сайын жазғы мезгілде Ақмола облысының «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығына ұшып келетінін айта кеткен жөн.

Енді Арал теңізінің тағдырына оралайық. Жоғарыда айтылғандай, көлдің тартылуы өткен ғасырдың 60-жылдары басталғанымен, оның айналасындағы экожүйенің өзгеріске ұшырап, өзге кішкене көлшіктердің тартылу үрдісі ХХ ғасырдың басында-ақ байқалғанға ұқсайды. Олай деуімізге газетіміздің 1927 жылғы қаңтарда, яғни осыдан тура 99 жыл бұрын шыққан бір нөмірінде (ол кезде «Еңбекші қазақ» деп аталды) Қызылорда облысының Қазалы уезіндегі Бірқазанды көлі туралы материал себеп.

«Ақтөбе болысында «Бірқазанды» деген үлкен көл бар. Ұзындығы 30 шақырым, ені 15 шақырым. Шығысы қолдан шабылған жарма, дариядан шығады. Алды барып Арал теңізіне құяды. Айналасында 20 шамалы арық бар, мың жарым үй шаруа суы­мен егін салатын еді. Кейінгі жылдарда көлдің суы азайып, арыққа су шықпайтын болды. Енді бәрібір көлдің суын көтеруге болмайды, онан да көлді құрғатып, орнына егін егудің әрекетін істеу керек» делінген мақалада. Біз интернеттен де іздеп, Сыр тұрғындарынан да сұрастырып, облыс аумағынан Бірқазанды деген көлді таппадық. Соған қарағанда Арал теңізіне дейін алдымен осындай кішігірім айдындар жоғалған болса керек.

Ал газетіміздің 1949 жылғы 1 мамыр­дағы санында «Сібір өзендері Арал теңізіне құяды» деген тақырыппен көлемді мақала жарияланған. Байқасаңыз, бұл – Аралдың әлі тартылмаған, керісінше кемеріне толып, толқыны тулап жатқан кезі. Сөйтсек, Сібір өзендерінің суын Орталық Азияға бұру жоспары Арал трагедиясы басталғанға дейін-ақ өмірге келген екен. Ондағы мақсат – Тұран ойпатына су толтырып, Аралмен қосып, ерте замандағы Сібір теңізін қалпына келтіру және оны жасанды арна арқылы Каспиймен жалғау. «Адамзат өмір сүргелі ешкім мұндай міндеттерді ойлауға батылдық еткен емес. Бірақ совет адамдары табиғатқа қарсы күреске шыққан жоқ па, бұл күресте талай рет жеңген жоқ па? Ақ теңіз бен Балтық теңізін су жолы арқылы қосу, асау Днепрді ауыздықтау... – мұның бәрі табиғатты жеңгендік емес пе?» деген сол кезге тән пафоспен әрленген мақалада аталған алып жобаның жай-жапсары егжей-тегжейлі баяндалады.

Қысқаша қайырар болсақ, мақала авторы, инженер Е.Ромашков Обь пен Енисей (Енесай) өзендерінің суын Аралға қарай бұруға болатынын, орта жолда Торғай қақпасы жатқанын, ол жерден үлкен арна қазса, Тұран ойпатын сумен толтыруға мүмкіндік мол екенін жазады. Ойпат суға толғаннан кейін көлемі Еуропаның жартысымен тең үлкен теңіз пайда болатынын, одан әрі құрғап қалған Узбой өзенінің арнасымен Арал мен Каспийді жалғау керек екенін, Каспий Аралдан төмен жатқандықтан, Сібір теңізінен шыққан су өз бетімен ағатынын алға тартады. Осылайша, Аралдың ащы суы Каспийге құйылып, Сібір теңізі тұщы сулы айдынға айналатынын, бұған қоса, Енисейдің төменгі жағында, Солтүстік мұзды мұхитқа таяу жатқан Игарка қалашығы мен Каспийдегі Баку арасында сан мыңдаған шақырымға созылатын кеме қатынасын жолға қоюға болатынын айтады. Сібір өзендерінің суы-ақ бұл теңіздердің деңгейін ұстап тұруға жеткілікті екенін, ал Арал мен Каспийдің негізгі қан тамырлары – Сырдария мен Әмудария, Еділ мен Жайық ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдаланылатынын жазады.

Соңында «Бұл мақалада айтылған­дардың бәрі әзірге техника жағынан дәлелденген идея ғана. Бұл идеяны жүзеге асыруға көп уақыт, көп еңбек – дүние жүзіндегі инженерлік құрылыстардың ең үлкеніне жұмсалғанынан да көп еңбек керек болады... Мұнда айтылған техникалық идея жүзеге асырылатынына сенеміз», деп сөзін тәмамдайды Е.Ромашков.

Арада он шақты жыл өткенде Әмудария мен Сырдариядан келетін судың азаюы салдарынан телегей теңіз деңгейі бірден төмендеп, жағалауы жырақтай бастағаны мәлім. Содан Сібір өзендерін бұру идеясы дереу қайтадан көтеріліп, бұл жолы Сібір теңізін қалпына келтіру емес, Аралды құтқару мақсатында жылдамдатып жүзеге асыру қолға алынған. Осылайша, 1962 жылы қазақтың энергетик ғалымы Шапық Шөкиннің жетекшілігімен Ертіс-Қарағанды арнасының құрылысы бас­талып, 1974 жылы толықтай аяқталады. Ұзындығы 458 шақырымды құрайтын бұл арна «Сібір өзендерін бұру» жобасының іске асырылған жалғыз ғана бөлігі еді. Өкінішке қарай, одан кейінгі жылдары жобаның экологиялық тұрғыда зиянды екені туралы пікірлер таразы басында ауыр тартып, ақыры 1986 жылғы 14 тамызда КОКП ОК Саяси бюросы бұл жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, 2002 жылы Ертіс-Қарағанды мен елорда маңындағы Вячеслав су қоймасының арасы жалға­нып, бүгінде Екібастұз, Қарағанды, Теміртаумен қоса, Астананың да халқы осы арнаның суын ішіп отыр.

90-жылдардың басында Аралдың тартылуы теңіз деңгейінің жай ғана құбылуы емес, құрдымға сүйреп бара жатқан нағыз трагедия екені анық байқалған соң, Сібір өзендерін бұру мәселесі баспасөз беттерінде жиі көтерілді. Біздің ел басшылары Ресеймен бір шаңырақ астында отырғанда аталған жобаны тезірек жасап қалуға тырысқаны байқалады. Бірақ 1991 жылы КСРО келмеске кеткеннен кейін жоба туралы әңгіме де кілт үзілді. Өйткені бір жағынан, елімізде экономикалық тоқырау жаппай белең алып, халықтың да, биліктің де күнкөрістен басқаны ойлауға мұршасы болмаса, екінші жағынан, бұдан былай Ресей бізге Сібір өзендерінен бір тамшы су да татырмайтыны түсінікті еді. Осылайша, жағалай ел қонған, соғыс кезінде майданға тонналап балық жіберіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан, түтінін будақтатып кемелер жүзген Орталық Азияның інжу-маржаны – Көк теңіз ақыры түгелге жуық тартылып, орнында шаңдауыт тұзды шөл ғана қалғаны белгілі. Көкарал бөгетін салудың арқасында біздің тарап Кіші Аралды ғана сақтап қала алды. Қазір Халықаралық Аралды құтқару қоры, аймақ елдері басшылары осы проблеманы қайта-қайта көтеріп жатқанына қарамастан, үлкен Аралды қалпына келтіруге бағытталған ешқандай нақты қадамды да, ұсынысты та көрмей отырмыз.

Дегенмен, өткен жылдың аяғында Ресейде Сібір өзендерінің арнасын Орталық Азияға қарай бұру жөніндегі кеңестік жобаның қайта қолға алынып жатқаны туралы ақпарат тарады. Ресей Ғылым академиясының Су мәселелері институтының директоры Виктор Данилов-Данильян Обь өзені суының бір бөлігін оңтүстікке қарай бағыттау көзделіп отырғанын, оның мақсаты, біріншіден, Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету болса, екіншіден, Аралды толтыру екенін айтыпты. Қазір жоба Ресейдің Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландыруды күтіп отырған көрінеді.

Бірақ РҒА мамандары ұсынған бұл жоба кезіндегі кеңестік жобадан сәл өзгерек екен. Бұрын Сібір суын жердің бетімен ағатын арна арқылы жеткізу көзделсе, енді жердің астымен құбыр арқылы айдау жоспарланып отыр. Мұның артықшылығы – ашық арнамен аққан судың бір бөлігі буға айналып, аспанға ұшып, бір бөлігі жерге сіңіп жоғалатын болса, құбырмен айдалған су шашау шықпастан діттеген жерге толық жетеді. Мамандар бұл жұмыс арна қазғаннан да арзанырақ әрі тиімді болатынын айтып отыр.

Әрине, бұл біз үшін жағымды жаңалық екені рас. Орталық Азиядағы мақта, күріш шаруашылықтарына мол су керек. Ең алдымен Аралды жартылай болса да қалпына келтірсек, соның өзі үлкен жеңіс болар еді. Ресей тарапы, әрине, суды тегін бермейтіні белгілі. Кейінгі жылдары әлемде ауызсудың құны барынша шарықтап, тіпті мұнай бағасына жетеғабыл боп қалғаны белгілі. Құрғақшылықтан көз ашпайтын Таяу Шығыс елдерінде, тіпті, тұщы­лан­дырылған қара су қара алтыннан да қымбат. Маман­дар болашақта біздің өлкеде де суға деген сұраныс шарықтайтынын ескертіп келеді. Қазақ «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаса керек.

Дегенмен Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасты есепке ала отырып, ұсынылып жатқан жобаның жүзеге асуы барлық тарап үшін де пайдалы болады деген үмітпен қараймыз. Оның үстіне Арал трагедиясына енді Каспий проблемасы қосылып, жығылғанға жұдырық боп жатқаны тағы бар. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің былтырғы Жолдауында тілге тиек еткен еді.

«Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны жұртты алаңдатып отыр. Тиісті шара қолданбасақ, бұл аса үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Каспий теңізі – бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан жұмылып әрекет ету қажет», деді Мемлекет басшысы.

Шын мәнінде, қазір біз Арал мен Каспийді құтқару үшін Сібір өзендерінің суын бұрудан басқа амал көріп отырған жоқпыз. Егер осы жоба сәтті жүзеге асып жатса, бұл бір жағынан біздің тізе қосқан үлкен жеңісімізді, екінші жағынан әлемдегі осындай проблеманы бастан кешіп жатқан өзге де мемлекеттерге тығырықтан шығудың керемет жолын көрсетер еді.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 09:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа талап: Енді смартфон сатушылар құрылғының сәйкестендіру кодын түбіртекте көрсетілуін тексеру керек

23 Шілде 2026 23:08see147

Астанадағы нөсерден кейін әкімдік ресми мәлімдеме жасады

23 Шілде 2026 19:06see117

Цифрлық теңгеге көшуге мүмкіндік бар

23 Шілде 2026 04:30see116

Атырау облысының 160 тұрғыны кәсіп ашу үшін грант алды

23 Шілде 2026 03:57see115

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

23 Шілде 2026 19:57see112

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

23 Шілде 2026 19:44see111

Ұялы телефоны верификациялаудан өтпегендер сатушыдан тауарды ауыстыруды талап ете алады

23 Шілде 2026 23:10see111

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мың адамға артты

23 Шілде 2026 18:43see109

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

23 Шілде 2026 19:45see108

“Мама Люба, давай“ көлікте клип түсіргені үшін блогер қыздарға айыппұл салынды

23 Шілде 2026 18:24see107

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топқа үкім шықты

23 Шілде 2026 19:43see105

ҚТК тиеуді тоқтатты: Қазақстанда мұнай өндіру азайды

23 Шілде 2026 18:03see105

Мектептер мен колледждердегі әдістемелік кабинеттер қалай жұмыс істеуі тиіс

23 Шілде 2026 18:10see105

Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

23 Шілде 2026 18:09see105

Адамдар ұзағырақ өмір сүреді, бірақ аурусыз жылдар баяу өсуде зерттеу

22 Шілде 2026 19:58see104

​​​OpenAI бұрын соңды болмаған ТЖ жариялады: ЖИ өздігінен хакерлік шабуыл жасады

23 Шілде 2026 03:59see103

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ақмола облысындағы көлдерден демалушылар мен балықшы эвакуацияланды

22 Шілде 2026 21:11see102

Астанада телефон сататын дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

22 Шілде 2026 18:54see102

Білікті офицер мен сержант армия тірегі

23 Шілде 2026 03:37see101

“Әкелердің көбі көре алмай қалатын сәттерге куә болдым“: Қазақстандық ерлер неге декретке шыға бастады?

23 Шілде 2026 18:05see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары