Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

Қоқыстан қайтсек құтыламыз?

Қоқыстан қайтсек құтыламыз?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Маңғыстау облысында қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге төккен жүк көліктері анықталды. Елді мекендердің айналасына құрылыс материалдары мен тұрмыстық қалдықты тастап кеткен 25 көліктің иесіне айыппұл салынды.  

Өңірде табиғатты ластайтындар азаймай тұр. Күл-қоқысты арнайы полигонға апармай, кез келген жерге лақтыра салатындар көп. Былтыр қоршаған ортаға зиян келтіру дерегі бойынша 22 мыңнан астам әкімшілік шара қолданылған. 

Жаңа шағын ауданның бірінде белгісіз жүк көлігі рұқсат етілмеген орынға құрылыс қалдығын төгіп жатқан жерінен ұсталды. Полицейлер хаттама толтырып, құқық бұзушыға айыппұл салды. Былтыр облыс аумағында қоршаған ортаны ластаған 27 тұрғын анықталған.

Ғалымжан Тоқтарбаев, ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

- Облыс көлемінде 22 мыңнан астам әкімшілік жауапкершілікке тұлғаларды тарттық. Сонымен қатар 27 ауыр жүк көліктерін ұстап, оның 25-і айыптұраққа қамалған болатын. 505-бап бойынша, яғни қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 16 мыңнан астам адамға хаттама толтырылған болатын.

Кей ауылда әр жерге төгілген қоқыс тау болып үйіліп қалған. Былтыр облыс орталығында ғарыштық мониторинг арқылы 17 заңсыз полигон анықталып, жойылды. Қаланың өндірістік аймағынан 180 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. 

Жастілек Асхатов , «Ақтау қалалық ТҮКШ» ММ бас маманы:

- 17 нүктені толықтай жойып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан Баянды полигонына апарылды. Заңсыз қоқыс төгілген жерлерге камера бағаналары орнатылып, енді іске қосылуда. Алдағы уақытта заңсыз төгу жұмыстарының алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, бақылау рейдтері мен сенбіліктер экологиялық мәселені толық шешпейді. «Полигондағы қоқысты күшті жел ауыл мен қалаға қайта ұшырып әкеледі» - дейді. Өңірде тұрмыстық қалдықты қайта өңдейтін кәсіпорын атымен жоқ. Ең ірі полигон Мұнайлы ауданында орналасқан. 25 гектардің жердің жартысы қоқысқа толып кеткен. 

Нәдірхан Қылышмағанбетов, «Маңғыстау жылу» МКК директоры

- Өмірзақ ауылы, Қаражанбас, Жетібай кенорындарынан сосын іргелес Ақтау қаласынан, Сайын, Ақшұқыр ауылдары Түпқараған ауданының және осы Мұнайлы ауданының барлық қоқысы осы жерге жиналады. Тәулігіне 1300-1400 текше метрге дейін қоқыс келеді. 

Ербол Панғалиев, эколог:

- Қазақстанда тұрмыстық және өндірістік қалдықтар арнайы полигондарға жиналады. Алайда бұл полигондардың көпшілігі талапқа сай келмейді. Жапония, Скандинав Елдерінде тұрмыстық қалдықтардың 100 пайызы демесек те, 99 пайызы кері өңделіп немесе жойылып отыр. Сондықтан мұндай зауыттар міндетті түрде болуы қажет.

Негізі аудандарын айтпағанда, Ақтаудың өзі – елдегі таза қалалардың бірі. Ғарыштан жиі мониторинг жүргізіледі. Десек те үнемі тексеріп, бақылауды күшейтпесек, заңсыз қоқыс полигоны лезде пайда болады- дейді жауаптылар. Жалпы қаланың тазалығына әрбір тұрғынның үлесі қажет. Мысалы, «TazaQazBot» цифрлық платформасы бұл жұмысты жеңілдетер еді. Оған ластанған жерлердің фотосы немесе видеосын жолдап, заңбұзғандарды тәртіпке салуға болады. Алайда түсінгеніміз платформа туралы жұрттың білетіні аз. 

Бұл ақпараттық-түсіндіру жұмысының кемшілігін көрсетсе керек. Салдарынан «TazaQazBot» цифрлық платформасының тиімділігі де төмендейді. Былтыр облыста 61 заңсыз қоқыс орны анықталды. Олардың орнын әлі тазалап жатыр. Қоғамдық орынға қоқыс тастаған 22 мың адамға 109 млн теңге айыппұл салынды.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев, Саламат Бекбаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 18:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

15 Қазан 2026 08:27see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары