Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Биыл еліміздің ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,1%-ға өсіп, 9,2 трлн теңгеге жетті. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы өсім экспортқа рекордтық көлемде өнім жеткізуге мүмкіндік берді. 2026 жылы цифрлық трансформация мен жаңа инфрақұрылымдық жобалар агросектордың одан әрі дамуына жол ашады.

2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,1%-ға артып, 9,2 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Үкіметтің бір жылдық қызметінің қоры­тын­дыларына арналған бас­па­сөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Өсімнің негізгі драйвері егін шаруашылығы болды, онда өндіріс көлемі 7,6%-ға артып, 5,8 трлн теңгені құрады. Мал шаруашылығында көрсеткіштер 3,5%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгеге жетті.

«Бұл көрсеткіштер сала­ның нақты көлем индексі 113% болған былтырғы жоғары базадан бастау алған өндірістің нақты өсімін көрсетеді. Бұл бүгінде агросекторда өткен жылдарға қарағанда едәуір көп өнім өндірілетінін біл­діреді», деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кетерлігі, биыл экс­портқа рекордтық көлем­де­гі 13,4 млн тонна астық жіберілді, бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жемдік ұнды қоса алғанда, мұндағы көлем 15 млн тоннадан асты. Ал жаңа орылған егіннен бүгінде 3,9 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға артық. Еліміздің жалпы экспорттық әлеуеті 13 млн тоннаға бағаланады. Отандық диқандардың өнімі 45 мемлекетке жеткізіледі.

«Қарқынды экспорт ішкі нарықты тұрақтандыруда шешуші рөл атқарады. Өйткені елімізде астық ішкі қажеттіліктен 2-3 есе көп жиналатындықтан, оның артығын экспорттау ел ішіндегі баға қысымын жеңілдете түседі. Жоғары экспорт дегеніміз – тек имидж ғана емес, бұл тіке­лей экономикалық пайда. Елімізге одан ұлттық валюта бағамын қолдайтын валюталық кіріс түседі. Диқан­дар сыртқы нарыққа астық сатудан түскен табысын техниканы жаңартуға және өндірісті дамытуға инвестициялай алады», дейді министр.

Агротехнологияларды сақ­тау мен уақтылы мемле­кет­тік қолдау көрсету ауыл шаруашылығы көр­сет­кіш­терінің сапалы өсуін қам­та­масыз етті. Егер 2023 жылы орташа өнімділік 11 ц/га болған болса, 2025 жылы ол 17 ц/га-ға дейін өсті, ал озық шаруашылықтарда 40 ц/га-ға дейін жетті. Мұнда егін егу мен егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыру (750 млрд теңге, 8,5 млн га алқап) шешуші факторға айналды. Бұл ретте мемлекет 2026 жылғы егін егу науқанын қаржыландыруға қазан айынан бастап кірісіп кетті.

«Бүгінде 230 млрд теңгеге 1,3 мыңнан астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 81 млрд теңгеге 750-ден астам ауыл шаруашылығы тауа­рын өндірушілер қаржы­ландырылды. Қол жет­кізілген нәтижелерді тыңайт­­қыштарды енгізу көле­­­мінің 3 есеге (1,8 млн тон­наға дейін) артуымен және ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80%-дан 70%-ға дейін төмендегенінен көруге болады», дейді Ауыл шаруашылығы министрі.

Егіс алқаптарын белсенді әртараптандыруға әрі дән­ді емес дақылдардың жоға­ры өнімділігіне байланысты еліміздегі сақтау инфра­құ­рылымын жаңғырту қажет­тілігі туындады.

«Егін шаруашылығында сақтау инфрақұрылымының жеткіліксіздігі – өсімге кедергі келтіретін фактор болып отыр. Осыған байланысты элеваторларды кеңейту, жаң­­ғыр­ту жобаларына арнал­­ған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленуде, оны 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр», деді А.Сапаров.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, саланы дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру 2026 жылдан басталады.  Министр келтірген өзекті деректер бойынша ірі қара мал саны 8,3 млн басқа, қой мен ешкі 21,3 млн, жылқы 4,4 млн басқа жеткен. Әрі қарай өсу үшін құжат айналым қаражатын толықтыруға, асыл тұқымды мал сатып алуға, шалғай жатқан жайылымдар инфрақұрылымын дамытуға жеңілдікпен несие беруді көздейді. Сондай-ақ етті мал шаруашылығындағы аустралиялық тәжірибені жергілікті жерге бейімдеу бойынша қанатқақты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Министрдің сөзінше, мал шаруашылығын қолдау көлемін келешекте арттыра отырып, кемінде 200 млрд теңге қаржы бөлу жоспарда тұр. Аталған қаражат сонымен қатар қарқынды өсімге негіз болатын аналық мал импортына жұмсалады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 2025 жылдың қыркүйе­гінде 144 бизнес-үдерісті цифр­ландыруды көздей­тін АӨК цифрлық трансфор­ма­ция­сы­ның жаңартылған картасы бекітілді.

Бүгінде салада Gosagro.kz, Ауыл шаруа­шы­лығы жануар­ларын сәйкес­тендіру, «Бірыңғай автомат­тан­ды­рыл­ған басқару жүйе­сі» және E-Fish сияқты ақпа­рат­­тық жүйелер белсенді жұ­мыс істейді. Gosagro.kz жүйесінде мемлекеттік қол­дау шараларын қамтитын 200 мыңнан астам пайдаланушы бар. Бір жыл ішінде жүйе арқылы 188 мыңнан астам өтінім берілді. Сонымен қатар ауылшаруашылық карталарын ашық форматта цифр­ландыру аяқталды.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары