Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Агроөнеркәсіп өнімінің көлемі 6,1% ға артты

Агроөнеркәсіп өнімінің көлемі 6,1% ға артты

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға артып, 9,2 триллион теңгеге жетті.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Айдарбек Сапаров өсімнің негізгі драйвері егін шаруашылығы болғанын атап өтті. Онда өндіріс көлемі 7,6%-ға артып, 5,8 триллион теңгені құрады. Ал мал шаруашылығында көрсеткіштер 3,5%-ға өсіп, 3,3 триллион теңгеге жеткен. 

Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Еліміз экспортқа рекордтық көлемде астық жіберді.  Ұнды қоса алғанда мұндағы көлем 15 млн тоннадан асты. Ал жаңа орылған егіннен бүгінде 4 млн тоннаға тарта дақыл экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға артық. Диқандарымыздың өнімі 45 мемлекетке жеткізілді. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорттың жаңа бағыттарын ашу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жоғары экспорт дегеніміз – тек имидж ғана емес, бұл тікелей экономикалық пайда. Елімізге одан ұлттық валюта бағамын қолдайтын валюталық кіріс түседі. Диқандар сыртқы нарыққа астық сатудан түскен табысын техниканы жаңартуға және өндірісті дамытуға инвестициялай алады.

Биыл 7 елмен келіссөз жүргізіліп, 16 ветеринариялық сертификатқа қол қойылды. Жаңа нарықтарға қолжетімділіктің арқасында 10 айда сиыр етінің экспорты 30,2 мың,  ал қой еті – 25,5 мың тоннаға жетті. Биыл Әзербайжан , Моңғолия, Марокко, Иран  және ЕО нарықтары ашылды.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- 7 елмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 16 ветеринариялық сертификатқа қол қойылды. Қазіргі уақытта Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, БАӘ елдеріне ет пен сүт жеткізу мәселесі пысықталуда. Қатар мен Ұлыбританиямен бал экспорты, ал Эквадормен бірге артемия асшаян уылдырықтарын жеткізу талқылануда. 

Егін - бітік, мал - қоңды. Шаруалар мұны мемлекет мезіретімен байланыстырып отыр. Биыл оларды қолдауға рекордтық 1 трлн теңге бөлінді. Соның әр тиыны ақталды. Мысалы, көктемгі дала және жиым-терімге 700 млрд теңге берілді. Нәтижесінде диқандар 27 млн тонна астық жинады. Малды бордақылауға 50 млрд теңге үлестірсді, кейін малшылар 800 мың тонна ет өндірді. Өңдеу өнеркәсібіне берілген 70 млрд теңге де өзін ақтады. Күнбағыс майы, құс еті, жұмыртқа өндірісі өсім көрсетті. Келесі жылы мемлекет осы қолдауды күшейте түседі. Оны Астанадағы форумда Қ. Тоқаев баса айтты.

Көктемгі дала және жиым-терім - ₸700 млрд 

Астық - 27 млн тонна

Мал бордақылау - ₸50 млрд

Ет - 816 мың тонна

Өңдеу өнеркәсі - 70 млрд

Жұмыртқа - 3,41 млрд

Құс еті - 276,2 мың тонна

Күнбағыс майы - 757,1 мың тонна  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

Еліміз жайылымдық жер аумағы бойынша әлемде 6-шы орын алады. Ал егіс алқабы бойынша 8-орында тұр. Демек қолымызда қажетті ресурс бар, тек соны тиімді пайдалануымыз қажет. Соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен астам өсті. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есе арттыруымыз керек. Бұл біздің қолымыздан келетін шаруа. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, саланы дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру келер жылдан басталады. Министрлік мал шаруашылығын қолдау көлемін келешекте арттыра отырып, кемінде 200 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлауда. Қаражат қарқынды өсімге негіз болатын аналық мал импортына жұмсалады. Жауаптылар осылай дейді. 

Әлішер Әли

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 16:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары