Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астық тасымалдауға арналған субсидияның 60% ін өз адамдары алған тергеу нәтижесі

Ұлыбританияда алапат дауыл соқты

Пайдаланылғанына 25 жылдан асқан лифтілерді ауыстыру және жөндеу жол картасы әзірленеді

Баламыз науқас : Астанада алаяқтықпен айналысқан ерлі зайыптыға сот үкімі шықты

Ақтөбе соттары бір жылда мыңнан астам қылмыстық істі қарады

Қайрат Нефтчиден ойсырай ұтылды

Әскерге жарамдылық туралы анықтаманы eGov тан алуға болады

АҚШ та шекарашылар оқ атып, екі адам жараланды

Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілді

Иран 12 сағат бойы интернетсіз қалды NetBlocks

Әнші Айдана Меденованың хиджабсыз ән айтқаны желіде қызу талқыға түсті

KAZAKH INVEST индустриялық аймақта инвестиция тартудың жаңа тетігін іске қосады

Қазақстанда медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу қарқыны күшейді

Түркиядағы жылжымайтын мүлік сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті

Қытай 2027 жылға қарай ірі көлемді өнеркәсіптік жасанды интеллект экожүйесін құрмақшы

Президент: Жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

АҚШ Кариб теңізінде тағы бір мұнай танкерін басып алды

Еркебұлан Тоқтар жанкүйерлеріне ерекше жаңалық айтып қуантты

Қаңтар ҰБТ сы басталды: абитуриенттердің 75% ы қазақ тілінде тестілеуден өтеді

Ахмет Тоқтабай, этнограф: Жылқы қазақ өркениетінің өзегі

Ахмет Тоқтабай, этнограф: Жылқы қазақ өркениетінің өзегі

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Осылай­ша, көшпенділер өркениетіне қазақтың қосқан үлесі айрықша. Жылқы тек қазақтың емес, жиырмадан астам ұлттың қасиетті жануары болып саналады. Нау­рыз айынан бастап, жылқы жылы енетінін ескерсек, биылғы жылдың айрықша қасиеті, асылтұқымды жыл­қы­ның ерекшеліктері, ат үстінде басталған өркениет төңірегінде белгілі тарихшы, ғалым, этнограф Ахмет Тоқтабаймен тілдестік.

– Ахмет аға, әңгімеміздің әл­қис­сасын ұлттық бірегейліктен бастасақ. Тарихшылар көшпе­лі­лер мәдениетін «ат үстіндегі өр­кениет» деп сипаттайды. Жалпы, қазақ тарихының қатпарларында жылқының орны қандай?

– Біз – ат үстінде өмір сүрген халықпыз. Басқа кейбір халық­тар жаяу жүріп, жаяу тіршілік кешкен болса, біз ат үстінде жер­дің барлығын жаулап, жүздеген, мыңдаған километрлерді еркін бағындырдық. Сондықтан ата-бабаларымыздың ақыл-ойы ұшқыр, жоғары, ой өрісі кең болды. Жылқы бізге тек көлік қана емес, сүт, ет, өмір көзі бол­ды. Ал жаяу жүрген халық табан­ның астына қарайды, табанның астынан не көрсе, содан қорқа­ды. Сөйтіп, қорыққан жануары­на табынатын да болған. Ат үс­тіндегі арғы ата-бабаларымыз аттың үстінен жұлдыздарға, айға, күнге қараған. Сондықтан Тәңірге, Аллаға табынып, біздің Жаратушымыз деп сенді. Шы-н­ында да солай ғой.

«Ат үстіндегі өркениет» деген түсініктің мәні де осы – өрке­ниеттің негізін салған аттылы адам болды. Көкжиектің арғы жағына, зеңгір көктің сырына көз тігіп, астрономиялық білімге ие болып, халық денсаулығын, өмірін нығайтты. Гендерлік тең­дік мәселесі де, бүгінгі түсінік бойынша алсақ, дәл сол көшпелі замандарда, 6 мың жыл бұрын біздің жерімізде белгілі болған. Ат үстінде өмір сүрген көшпен­ді­лер құрлықтарды, мыңдаған шақырым аралықтарды бағын­дырып, бір өркениетті екінші­сіне жалғап отырды. Сол үшін аттылы адам – нағыз өркениеттің күші, ой мен ерліктің символы болды.

Ұлы даланың егіз ұғымы

– «Қазақ пен жылқы – егіз ұғым» деген тәмсіл әдемі теңеу емес, үлкен тарихи ақиқат екені даусыз. Осы екі ұғымның біте қай­насып кетуіне қандай тарихи-антро­пологиялық негіздер әсер етті?

– Аттың үстіне мінген адам жермен аттың төрт аяғы арқылы ғана байланысты. Бізді «кентавр» деп атайтыны да сондықтан. Көш­пенді аттың үстінде туды, ат­тың үстінде ержетті, аттың үс­тінде о дүниелік болды. Сондық­тан біз жылқымен бірігіп кет­кенбіз. 7 мың жыл бұрын атты қолға үйреттік, сөйт­іп ХХ ғасырға сол атпен бірге ендік. Барлық шаруа, бар­лық харекет аттың үстінде ат­қарылды. Қазақ пен жылқы егіз дейтініміздің де түбірі – осы.         

Бүгінде жылқы мәдениетін жүйелі түрде насихаттау ісі бізде кенже қалып отыр. Қазақ жылқы­сының тұқымдары 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін белгілі бір деңгейде хатқа түскенімен, кейін бұл тақырып екінші қатарға ысырылды. Ал XIX ғасырдың соң­ындағы 1877–1878 жылдардағы орыс-түрік соғысы кезінде қазақ жылқысының ерекшелігі айқын байқалған. Атап айтқанда, Пат­ша­лық Ресейдің ішкі губер­ния­ларынан келген полктердің жыл­қылары Дунайдан өту барысында қырылып қалса, Жайық казак­тарының алты полкіндегі бірде-бір жылқы шығынға ұшырамаған. Мұның себебі де түсінікті: ресей­лік жылқылар қорада бағуға, дайын жем-шөпке үйренген еді, ал олардың азығын әскердің ар­найы бөлімдері тасымалдап отырған. Ал кең далада еркін жайылып, өз қорегін өзі табатын қазақ жылқысы еуропалықтарды таңғалдырмай қоймаған. Жылқы­ның ұлт тарихындағы рөліне ал­ғаш болып арнайы тоқталған­дардың бірі – өзіммін. Бұған дейін де жылқы жайында кітаптар жаз­ыл­ды, алайда олардың дені анато­миясы, физиологиясы, шаруа­шылықтағы тиімділігі секілді тар аяда қалды. Мұндай еңбектерді негізінен мамандар ғана оқиды. Ал менің «Қазақ жылқысының тарихы» атты еңбегім 50 баспа табақтан тұрады. Отыз жылдық зерттеудің нәтижесінде жылқы­ның қазақ тарихындағы, дүние­танымындағы орнын барынша қамтуға ұмтылдым. Өйткені жыл­қы – қазақтың болмысы, ұлттың жаны мен ұлттық коды.

– Бүгінде әлемдік ғылым Ботай мәдениеті арқылы жылқының ал­ғаш осы Ұлы далада қолға үйретіл­ген деп мойындағанын өзіңіз де біле­сіз. Бұл жаңалық біздің төл тарихымызды жазуда және ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруда қандай бетбұрыс жасады?

– Жылқыны қолға үйрету – үлкен тарихқа бетбұрыс жасады, прогресс болды. Мысалы, адамзат от жағуды ойлап тапқаннан кейін бұрынғыдай тоңып жүрмей жыл­ынды. Етті тамақтарды пісіретін болды. Жылқыға мінген, жылқы­сы бар халық сол замандарда басқалардан әлдеқайда жоғары тұрды. Әлеуметтік, қоғамдық статусы да жоғары болды. Себебі жаяу халыққа кез келген уақытта жау шауып жаулап алатын. 

                                                                          коллаж: Елдар ҚАБА

Қазақстанда жылқы малына қатысты оның қан айналым жүйе­сі, анатомиялық дамуы немесе экономикалық тиімділігі жөнінде жазылған еңбектер аз емес. Алай­да мұндай зерттеулер негізінен тар аяда қалып, көпшілік оқырманға жете бермейді. Ал жылқының мәдени-тарихи, этнографиялық болмысын кешенді түрде қарас­тырған ғалымдар некен-саяқ деуге болады. Өз басым жылқы тақырыбына бала кезімнен қыз­ықтым. Себебі әкем елу жыл бойы мал шаруашылығымен айна­лысты, соның жиырма жылға жуығын жылқы бағуға арнады. Мен сол ортаның тәрбиесін көріп өстім. Студенттік шағымда-ақ ғылыми конференцияларда баян­дама жасап жүрдім. Оқуымды аяқтаған соң тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау саласында қызмет еттім. Дегенмен жылқы тақы­рыбы санамнан ешқашан кеткен емес. Сол жылдары да жылқыға қатысты деректерді жүйелі түрде жинауды тоқтат­падым. Араға он жылдай уақыт салып, жылқы тақырыбына қайта оралдым. Осы бағыттағы бірқатар ғылыми мақалаларым шетелдің беделді ғылыми журналдарында жарық көрді және әлі де жария­ланып келеді. Кембридж универ­ситетінің ғалымы Наталья Библа менің «Қазақ жылқысы» атты кітабыммен арнайы таны­сып, қажетті бөлімдерін ағылшын тіліне аударып алғанын айтты. Сол кездесуде ол бұл еңбекті тол­ықтай ағылшын тіліне тәржіма­лауға кеңес берді. Ғалымның пікірінше, жылқы мәдениеті мен этнографиясына арналған мұндай көлемді әрі кешенді зерттеу әлемдік ғылымда сирек кездеседі. Соңғы алты жыл бойы осы кітап­тың аудармасымен айналыстым. Нәтижесінде, өткен жылдың соңында аудармашы Раушан Байғожаеваның көмегімен еңбек ағылшын тілінде жарық көрді.

Жойылып кеткен жылқы тұқымы көп

– Тарихқа көз жүгіртсек, Кеңес дәуіріндегі ұжымдастыру науқаны жылқы шаруашылығына үлкен соққы болып тиді. Сол кезеңдегі саяси шешімдер қазақы жылқының гендік қорына әсер етті ме?

– 1928 жылы ұжымдастыру басталғанда санақ бойынша қазақ­тың қолында 4,5 миллион жылқы болды. Қазақтың санының өзі 6 миллионнан асып тұрды. Ұжымдастырудан кейін кәмпес­келеу басталды, сөйтіп қолындағы бар малын тартып алды. Тартып алғаннан кейін қазақ қиналып қал­ды. Сөйтіп, 1969 жылғы санақ­та 4,5 миллион жылқыдан 300 мың жылқы қалды. 6,5 миллион Алаш баласынан 2,3 миллион-ақ қалды. Қалғаны аштан қырылды. Осыдан-ақ ұжымдастырудың, аштықтың қазақты неге алып келгенін байқауға болады. Осы цифрларды салыстырудың өзі жетіп жатыр. Толып жатқан жыл­қы тұқымдары сол кезде құрып кетті. Осының бәрі шаруашы­лықтың кей түрлерінің күйреуіне алып келді. Қазақ аттан түсіп, жаяу күн көрді, содан бастап, халықтың рухы өшті, тақыр кедейленді. 

Жылқы мәдениетін 30 жылдан бері зерттеп келе жатырмын деп отырмын. Осы уақыт аралығында қазақтар қоныстанған бірқатар шет мемлекеттерді аралап, тың деректер жинадым. Соның ішін­де, жылқының түсіне қатысты 380-нен аса атау, жылқы сынына байланысты 200-ге тарта ұғым және әбзелдерге қатысты 100-ге жуық сөздік қор бар. Көпшілікке таныс торы, жирен, күрең, шаб­дар, құла секілді негізгі түстермен қатар, олардың негізінде жасалған туынды атаулар да бар. Мәселен, керторы, құлажирен, құлагер тәрізді күрделі түстер қолданыста кең таралған. Тіпті, кейбір түстік атаулар адам есімдері мен жер-су атауларына да ұласқан. Сайқан­торы, Шұбалаңкері секілді атау­лар – соның айғағы. Мұндай құ­бы­лыс әлем халықтарының тіл­ін­де кездесе бермейді. Жылқы түсіне қатысты осыншалықты бай әрі жүйелі лексика бірде-бір елде жоқ деуге болады. Сондықтан мен мұны қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан айрықша үлесі ретінде бағалаймын. Тарихта бұ­ған дәлел болатын деректер де бар. 1960 жылдары неміс жазу­шысы роман-герман тілдеріндегі жылқы түстеріне қатысты атау­лар­ды жинақтаған екен. Нәтиже­сінде, бүкіл Еуропаның жиырмаға жуық елінен небәрі алпысқа жуық атау ғана анықталған. Кейін араб елдеріндегі жылқы түстерін фран­цуз генералы Дюма зерттеп, он жыл бойы араб даласын арала­ғаны­мен, бар болғаны отыз шақты атау тапқан. Бұл деректер қазақ халқының жылқыны тек көлік немесе шаруашылық нысаны ретінде ғана емес, тұтас мәдени құндылық ретінде қабылдағанын аңғартады. 

Әлемде жылқыға байланысты осындай бай әрі нақты термино­логия қалыптастырған халық некен-саяқ. Қазір жапон ғалымы Такишимен бірлесіп, қазақ және жапон тілдеріндегі жылқы түсіне қатысты атауларды салыстырмалы тұрғыда зерттеп, ғылыми баян­дама дайындап жатырмыз. Бұған дейін бұл бағыт жүйелі түрде қарастырылмаған болатын.

– Бүгінде ұлттық жылқы тұ­қым­дарын сақтауда қандай әре­кеттер істеп жатырмыз? 

– Кеңес үкіметі кезінде ет өнімдеріне байланысты біраз жылқы тұқымдарын шығарды. Мұғалжар жылқысы, Көшім жыл­қысы сияқты тағы басқалары – ет-сүт бағытында керек еді. Ал арғы қазақ жылқыларының тұ­қым­­дары Арғымақ, Қазанат, Қарабайыр, бұлардың көбі құрып кетті. Рудың атымен аталған жыл­қы­лар болды: Адай, Найман, Шекті, Жағалбайлы. Қазір ру атымен аталған екі-ақ жылқы қалды, ол – Адай мен Найман. Басқа әр рудың, әр ұлыстың жылқысының тұқымы болды. Олардың қазір аты да аталмайды.

Қазақ жылқысы әртүрлі тұқым­дарға бөлінеді. Елдің кең жер көлемі мен табиғи ерекше­ліктеріне байланысты жылқының да сан алуан түрлері қалыптасқан. Дегенмен сол әр аймаққа ортақ бір негізгі түр бар – ол жабы жыл­қысы. Қазақ даласындағы жабы жылқысы дүниежүзіндегі жылқы­лардың «ана түрі» деп танылуы мүмкін. Ботай қонысында жүргіз­ілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектері мен тұрпаты осы жабымен тығыз байла­ныста екені анықталған. «Жабы» атауы, менің ойымша, «жабайы» сөзінен шыққан болуы мүмкін. Бұл ұғым жылқының әуел баста қолға үйретілмеген, жабайы жануар болғанын меңзейді. Уақыт өте келе ауызекі тілде сөз жеңіл­деп, лексикалық өзгеріске ұшыр­ап, тек «жабы» деп аталып кеткен. Жабы жылқысының өзіне тән қасиеттері бар: шыдамды, мойы­майтын мінезі, қалың әрі ұйысқан құйрық жалы, сырт көзге қораш­тау көрінісі тән. Кейін бұл жылқы­лар басқа тұқымдармен, әсіресе араб-парсы жылқыларымен будан­дастырылды. Кей тұқымдар­дың атауы ру атауларына да ұқсас болып келеді. Мысалы, қазаққа жеткен ең танымал тұқымдардың бірі – Адай жылқысы. Оның шығу тарихына қатысты аңыз бар: 1725 жылы Адай руы Маңғыстау түбегінің бір бөлігін түркімен­дерден босатқан кезде, түркімен­дер қазақ даласына бір сұлу қыз бен бір айғыр қалдырған. Сол айғырмен жергілікті жабы жы­лқы­­сының будандастырылуынан Адай жылқысы пайда болған деседі. Алайда бұл тұқымның қалыптасуы – ұзақ жылғы селек­циялық жұмыстардың нәтижесі.

Сонымен қатар орыс ғалым­дарының еңбектерінде Шекті, Жағалбайлы, Найман секілді жылқы тұқымдарының қазақ дала­сында ертеректе болғаны де­рек­термен дәлелденген. Өкінішке қарай, тарихи және географиялық өзгерістерге байланысты бұл тұ­қым­дардың көбісі бүгінге жетпеді. Жалпы, жылқының жаңа селек­циясын алу үшін орта есеппен жиырма жылдай уақыт қажет екені белгілі.

Бізде жылқы музейі жоқ

– Қазақ дүниетанымында жыл­қыны неліктен «киелі түлік», «ер қанаты» деп ерекше қастер­леген?

– Себебі жылқысыз күні жоқ. Жылқысыз бір адым аттай алма­ды. Барлық жұмысы ат үстінде еді. Сондықтан да киелі жануарға теңеді. Әрі жылқы – басқа жан­уар­ларға қарағанда есті жануар. Халық арасында оны «Тілі жоқ адам» деп бағалады. Аттың қыра­ғылығы сондай, түнде келе жат­қан­да бидайдай нәрсені бір-екі шақырым арыдан көре алады екен.

– Атқа мінгізу, тай жарыс, бәй­ге секілді дәстүрлер – үлкен тәрбие мектебі. Бұл салттардың көшпелі қоғамдағы әлеуметтік мәніне тоқ­талып өтсеңіз. Қазіргі жаһандану заманында осы айтылған дәстүр­лердің ішкі мазмұнын сақтап отыр­ған сияқтымыз. Негізгі маңызын ұмытып бара жатқан жоқпыз ба?

– Ат бәйгелерінің болғаны дұрыс, ол жас ұрпақты тәрбие­лейді. Төлеген Айбергенов: «Бала күн­нен тартып мінсең Ат жалын, онда сенің көкірегің От жалын», – дейді. Жылқы деген тәрбие құра­лы ғой. Тай жарыс, көкпар, қысқасы ат ойындарының бар­лығы адамды батырлыққа, ер­жүректілікке тәрбиелейді. Сон­дықтан ондай жарыстарды кө­бірек ұйымдастыра беру керек. Қазір «жаппай көкпар» деген шықты. Оны ұйымдастыратын жігіттер бүкілхалықтық көкпар деп сипаттап жүр. Сондықтан бү­кіл­халықтық көкпар болса, онда ұйым­дастырушылар да нағыз көк­паршы, батыл, ержүрек жігіттер болып тұр ғой. Сондықтан көкпар ойындары да футбол ойындары сияқты қазақтың денешынықтыру сабақтарының бәрінде өтуі керек деп ойлаймын. Әсіресе, ауылда көбірек қолға алынса құба-құп. 

– Бүгінгі урбанизация, яғни қалалану үдерісінде қазақтың «ат жалындағы» рухы әлсіреген жоқ па? Технология дәуірінде жылқы мәдениетінің болашағын қалай болжаймыз?

– Әрине, әлсіретеді. Аттан түскеннен кейін рухымыз да бір­шама түсті ғой. Ол үшін бала­бақшадан бастап, мектептерде балаларға жылқы мәдениетін оқытатын сабақ болғаны дұрыс. Моңғолияда болдым, оларда «төрт түлік мал шаруашылығы» деген 5-6 сыныпта оқытатын пән бар. 2017 жылға дейін Қытайға жыл сайын барып тұрдым. Үрімжі университетінде қазақтың жылқы мәдениетіне арналған арнайы дәрістер де оқыдым. Бүгінде көр­шілес елдің жылқытану саласында бізден біршама ілгері кеткенін мойындау керек. Онда жылқышы мамандығы жеке кәсіби бағыт ретінде оқытылып, жылқыға қа­тысты ғылыми-зерттеу институт­тары мен мамандандырылған орталықтар жүйелі түрде жұмыс істейді. Сол сияқты бізде де сон­дай пән оқытылуы керек. Сонда жылқының жас мөлшеріне қарай атауларын, түр-түстерін, жылқы тарих­ын ұмытпаймыз. Менің «Қазақ жылқысының тарихы» деген еңбегім кезінде 7 мың тара­лыммен шықты. Соның бәрін халық өз ықыласымен алып кетті. Ол – балалар оқуына болатын кітап. Орыс тіліндегі еңбекті халықаралық сайтқа енгіздік, сонда жарты жылдың ішінде 2 300-дей адам қарап, 400-дей адам көшіріп алған екен. Өркен­иет дамыған сайын жанжануар­ларға, оның ішінде жылқыға деген құмар­лық, қызығушылық әлде­қай­да артып келеді. 

– Қалалық ортада өсіп жатқан бүгінгі жастардың жылқы мәден­иетіне деген қызығушылығын қалай бағалайсыз? Олардың санасында атқа міну – тек демалыс па, әлде терең тамырмен байланыс па? 

– Иә, қаланың шетінде атқа міне­тін клубтар өте көп. Бұл да жастардың жылқыға деген махаббатын оятады.

– Қазір жылқы шаруашылы­ғында қандай проблема бар деп ойлайсыз?

– Жылқы шаруашылығы қазір бәрі жекеменшіктің қолында. Проблема да көп. Ең бірінші, бұрынғы тұқымдарын қалпына келтіріп, жүздеген метрлерге дейін ат бәйгелерін жасау керек. Ең өкініштісі, Қазақстанда асыл­тұқымды жылқылардың санын өсіретін бұрынғыдай зауыттар жоқ. Қайта қалпына келтіру қажет.

– Көптеген ел өздерінің сим­вол­дарын әлемдік деңгейдегі брендке айналдырды. Жылқыны тек ауыл шаруашылығы нысаны емес, Қазақстанның туристік және мәдени визит карточкасы (бренді) ретінде дамыта аламыз ба?

– Дамыта аламыз, әрине. 30 жылдан бері жылқы музейі жай­ында да жазып жүрмін. Англия, Франция, Испания, Ресей секіл­ді елдерді қоса алғанда әлемнің 37 елінде жылқы музейі бар, бірақ бізде жоқ. Кейбір елдерде үлкен комплекстер бар. Мыса­лы, Жапонияда жылқы музейі бір емес, екеу. Жылқының Отаны саналатын Қазақстанда жоқ. Ғалымдардың ортақ тұжы­рымына сүйенсек, дүние­жүзін­дегі 65 миллионға жуық жылқы­ның 250-ден астам тұқымы қазақ­тың жабы жылқысынан тараған. Осыны ескерсек, Қа­зақ­станда қазақ жылқысына арналған дербес музей ашу – уақыт талабы. Мұндай музей тек мәдени нысан ғана емес, ұлттық брендке айналуға тиіс. Оның үстіне, сөз жалпы жылқы музейі емес, дәл қазақ жылқысының тарихы мен болмысын айқын­дайтын кешен туралы болып отыр. Өйткені бүгінгі жетісті­гіміздің басым бөлігі жылқымен тығыз байланысты. 

Қазір адамзаттың жараты­лысынан бастап ХХІ ғасырға дейінгі нәрсені қамтитын алып ғимарат болған музейлердің заманы өткен. Ол XVIII-XIX ғасырларда болды. Қазір Батыс елдерінде өнердің, кәсіптің бір саласына байланысты музейлер, мамандандырылған мұражайлар бар. Қазір сондай музейлердің заманы. Осыған байланысты сол музейлерге қандай экспонаттар қойылғанын зерделедім. Енді солай етіп, қазақ жылқысына арналған музей ашылса, қазақ­тың ең бай дүниелерін көрсетуге болады. Мысалы, ағылшынның жылқы тарихына 300-ақ жыл бол­ды. Жақында Мәскеуде екін­ші жылқы музейі ашылған екен. Іссапармен барғанымда сол музейге соқтым. Егер біз де жыл­қы музейін ашсақ, әлемді таң­дан­дырып, келген туристер табан тіремей кетпейтін керемет жер болады. Қазақ жылқысының тарихы 7 мың жылға кетіп бара жатыр. Соның бәрін қамтитын болашақ музейдің экспози­циялық планын да жасадым. Қазір менің қолымда өмір бойы жинаған жылқы музейіне арналған 200-ден аса экспона­тым бар. Кімнің қолында қандай жәдігер бар екенінен де хабарым бар.

Сол үшін де үнемі жылқы музейін ашу керек деп бастама көтеріп жүрмін. Егер бұл ұсыны­с­ым жүзеге асып кетсе, қазақ үшін де, жылқы сүйетін халық үшін де ең қажетті дүние болары сөзсіз. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Гүлзина БЕКТАС,

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 07:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астық тасымалдауға арналған субсидияның 60% ін өз адамдары алған тергеу нәтижесі

09 Қаңтар 2026 22:09see108

Ұлыбританияда алапат дауыл соқты

10 Қаңтар 2026 13:55see108

Пайдаланылғанына 25 жылдан асқан лифтілерді ауыстыру және жөндеу жол картасы әзірленеді

09 Қаңтар 2026 11:50see108

Баламыз науқас : Астанада алаяқтықпен айналысқан ерлі зайыптыға сот үкімі шықты

09 Қаңтар 2026 14:09see108

Ақтөбе соттары бір жылда мыңнан астам қылмыстық істі қарады

10 Қаңтар 2026 04:23see107

Қайрат Нефтчиден ойсырай ұтылды

10 Қаңтар 2026 14:06see107

Әскерге жарамдылық туралы анықтаманы eGov тан алуға болады

09 Қаңтар 2026 20:11see106

АҚШ та шекарашылар оқ атып, екі адам жараланды

09 Қаңтар 2026 07:40see106

Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілді

09 Қаңтар 2026 20:11see106

Иран 12 сағат бойы интернетсіз қалды NetBlocks

09 Қаңтар 2026 11:26see106

Әнші Айдана Меденованың хиджабсыз ән айтқаны желіде қызу талқыға түсті

10 Қаңтар 2026 18:13see106

KAZAKH INVEST индустриялық аймақта инвестиция тартудың жаңа тетігін іске қосады

09 Қаңтар 2026 15:12see106

Қазақстанда медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу қарқыны күшейді

09 Қаңтар 2026 17:53see106

Түркиядағы жылжымайтын мүлік сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті

10 Қаңтар 2026 06:54see106

Қытай 2027 жылға қарай ірі көлемді өнеркәсіптік жасанды интеллект экожүйесін құрмақшы

09 Қаңтар 2026 23:59see106

Президент: Жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты

09 Қаңтар 2026 14:56see106

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

09 Қаңтар 2026 15:13see104

АҚШ Кариб теңізінде тағы бір мұнай танкерін басып алды

09 Қаңтар 2026 23:59see103

Еркебұлан Тоқтар жанкүйерлеріне ерекше жаңалық айтып қуантты

10 Қаңтар 2026 18:40see103

Қаңтар ҰБТ сы басталды: абитуриенттердің 75% ы қазақ тілінде тестілеуден өтеді

10 Қаңтар 2026 11:15see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары