Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Цифрлық мүмкіндік әскер әлеуетінің өзегі

Цифрлық мүмкіндік әскер әлеуетінің өзегі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қарулы күштеріміздің цифрлық трансформациясы – қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Бұл жұмыс Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сай жүргізіліп жатыр, сондай-ақ армиямыздың қазіргі кездегі әрі болашақта алдымыздан шығуы мүмкін қауіп-қатерлерге тиісінше тойтарыс беруі үшін оның жауынгерлік даярлығын, әскерді басқару жүйесінің орнықтылығын әрі мүмкіндіктерін арттырудың тетігі ретінде қарастырылып отыр.

Қазіргі әлемдегі әскери-саяси ахуал­дың жедел өзгеруі, геосая­си тұрақ­сыз­дықтың белең алуы, қақтығыстың гибридті фор­­ма­ларының кеңінен таралуы мен әскери салада цифр­лық тех­но­­логиялардың бел­сенді енгі­зілуі цифрландыру мәселесін стра­тегиялық ма­ңызға ие міндет деңгейіне шыға­рып отыр. Мем­лекет басшысы бүгінгі әскері­міз мобильді, жоғары технология­лы, өзгермелі жағдайға бейім болуға, уақтылы әрі сенімді деректерге негіз­делген басқару жүйесімен толық қамта­масыз етілуге тиіс екенін жиі айтып келеді. Бұл орайда цифрлық трансформация әскердің жауынгерлік қабі­летін арттырудың, басқару тиімділігін күшейтудің және жаңа сын-қатер­лерге жедел ден қоюдың шешуші факторы саналады.

Қорғаныс министрлігі Ақпа­раттық технологиялар депар­таментінің бастығы, подполков­ник Бекжан Мырзағалиевтің айтуын­ша, осы орайда Қарулы күш­терді цифрландыру қосалқы бағыт ретінде емес, мемлекет­тің қорғаныс қабілетін нығайту­дың, әскерді басқару жүйесінің тиім­ділігін арттырудың және барлық деңгейде шешім қабыл­дау жүйесін қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Қарулы күш­терде әскер мен қару-жарақты басқарудың авто­маттандырылған жүйелерін құру мен енгізудің ұйымдастырушылық, техни­калық әрі нормативтік іс-шаралар кешені кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Аталған жүйе­лер барлық деңгейдегі командирлер мен штабтарға әскери-саяси және ағымдағы ахуал туралы, күш­тер мен құралдардың құрамы, олардың дайындық деңгейі мен қамтамасыз етілуі жөніндегі өзек­ті ақпаратқа жедел қол жеткізу мүмкіндігін береді.

Оның айтуынша, автомат­тан­ды­рыл­ған басқару жүйелерін пайдалану қабыл­данатын ше­шім­дердің жеделдігін арттыруға, жоспарлау мен бұйрықтарды жет­кізу уақытын қысқартуға, бөлімше­лер іс-қимылының үйлесімділігін күшейтуге, сондай-ақ адам фак­торына бай­ланысты тәуекелдерді төмендетуге мүм­кіндік береді. Нәтижесінде, бұл әскерлердің жауын­герлік даярлық деңгейі мен қойылған міндеттерді орындау қабілетіне тікелей ықпал етеді.

Кадр даярлау, әскерге ша­қыру мен жұмылдыру үдеріс­терін цифрлан­дыру да – басым бағыттың бірі. Жеке құрамды есепке алудың бірыңғай цифр­лық контурын қалыптастыру дерек­тердің толықтығын, өзек­тілігін және шы­найылығын қамтамасыз етуге, әскери қызмет өткеру рәсімдері­нің ашық­тығын арттыруға, сондай-ақ кадрлық ресурстарды жоспарлау тиімді­лігін күшейтуге септігін тигізеді.

Қарулы күштерде қару-жарақ пен әскери техни­каны, оқ-дәрілерді, материалдық-­тех­ни­калық құралдарды, меди­ци­на­лық және тылдық қамтама­сыз етуді ­автоматты түрде есепке алу жү­йелері кезең-кезеңі­мен енгі­­зіліп, одан әрі дамып жатыр. Мұн­дай тәсіл бюджет қаража­тын жұмсаудың ашық­тығын қамтамасыз етіп, бақы­лауды кү­шейтеді әрі лауазымды тұлға­лар­дың жеке жауап­кер­шілігін арттырады.

Сондай-ақ цифрлық логис­ти­ка жаб­дықтау үдерістерін оңтай­ландыруға, жоспарлау дәл­дігін арттыруға, техниканы жөн­деу мен техникалық қызмет көрсету­ге деген қажеттілікті дер кезінде анықтауға, бұған қоса әскер­лерді қамтамасыз ету бары­сында бей­біт уақыттағы күнде­лікті қызметте де, жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде де іркі­лістердің туындау ықтимал­дығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сала мамандары цифрлық трансфор­мация жүйесінде жасан­ды интеллект технологияларын енгізу ерекше орын алатынын айтып отыр. Бұл технологиялар басқарушылық шешімдерді қолдау, тәуекелдерді бағалау мен әскери нысандарды күзету, қорғау тиімділігін арттыру мақса­тында қолданылады.

Ауқымды цифрландыру үде­­рісін жүзеге асыру осы салаға маман­данған әрі білікті кадр­ларсыз мүмкін емес екені белгілі. Соған байланысты Қарулы күш­тер қатарында заманауи цифрлық біліктілікке ие офицерлер мен мамандар корпусы даярланып жатыр. Азаматтық IT-сектормен, отандық сала мамандарымен және ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылып, қол­дан­балы сипаттағы білім бағдар­ламалары енгізіліп келеді.

Цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтумен қатар, оның тәуе­келдері де ескеріледі. Цифрлық трансформация кезінде сенімді киберқорғанысты қамтамасыз ету мен технологиялық егемен­дікті нығайту мәселелері бірін­ші кезек­тегі маңызға ие. Осы­лайша, Қарулы күштердің цифр­лық мүмкіндіктерінің дамуы Президент тапсырмала­рын жүйелі әрі дәйекті орын­даудың нәтижесі болып отыр және ол заманауи, орнықты әрі тех­но­ло­гиялық тұрғыдан дамы­ған ар­мия қалыптастыруға ба­­ғыт­тал­ған стратегиялық ба­ғыт­­ты айқын­дайды.

Қорыта айтқанда, маман­дар цифрландыру үдерісі әскерді басқарудың тиімділігін арт­ты­рудың, қорғаныс жүйесінің ор­нық­тылығын қамтамасыз етудің, Қарулы күштердің қазіргі және болашақ сын-қатерлерге қарсы тұруы үшін қабілетін жан-жақты арттыру­дың шешуші факторына айналғанын бірауыздан айтады. Бұл – заман көшінен қалып қоймай, алдыңғы қатарлы елдермен бірге дамып, ілгері басу­дың бірден-бір жолы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 19:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары