Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Ахмет Жұбановтың жастарға үндеуі

Ахмет Жұбановтың жастарға үндеуі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ахмет Жұбанов — қазақ музыкасының тарихында ерекше орын алған тұлға. Ол тек композитор мен зерттеуші ғана емес, ұлттық өнердің ғылыми негізін қалыптастырған ірі қайраткер. Қанша жыл өтсе де оның жазғандары бүгінгі зерттеушілерге, әсіресе жас іздемпаздарға қызықты болып қала бермек. 

Бүгінгі жазбамыз Ахмет Жұбановтың «Жастар, музыкаға оқыңдар!» атты мақаласына арналады. Бұл мақала ғалымның қайтыс болғаннан кейін жарық көрген «Өскен өнер» жинағына енген. Аталмыш мәтін туралы арнайы түсіндірме немесе нақты дерек берілмегенімен, мазмұнына қарап, оны дәстүрлі мақала емес, конференцияда не жиналыста оқылған баяндама іспетті деп болжауға болады. Дегенмен, оның қай форматта жазылғаны маңызды емес - ең бастысы, бұл туындыда Жұбановтың ұлт өнерінің болашағына, жастардың музыкалық білімге ұмтылысына деген терең сенімі мен үміті көрініс тапқан. Сондықтан біз бұл еңбекті оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ахмет Жұбанов бұл еңбегінде алдымен коммунизмнің қазақ қоғамына тигізген әсері туралы сөз қозғайды. Бұл - сол дәуір үшін қалыпты жағдай еді. Кеңестік кезеңдегі кез келген мақаланың кіріспесі идеологиялық сипат алып, алдымен коммунизмнің жетістіктері мен оның халыққа әкелген игілігі жайында жазылатын. Жұбанов та осы дәстүрден тыс қалмай, заман талабына сай түрде қоғамның даму бағыты мен халықтың жаңа өмірге деген көзқарасын атап өтеді.

Одан кейін ғалым әңгімені өнер тақырыбына бұрып, оның халық өмірімен етене байланысын ерекше атап өтіп, оның ұлттың рухани болмысын қалыптастырудағы орнын айқындайды.

Келесі бөлімде автор білім мәселесіне назар аударады. Әсіресе орта білімнің маңыздылығын, жас ұрпақтың музыкалық сауатын арттыру қажеттігін алға тартады. 

Бiздiң заманымызда жастарға орта дәрежелi бiлiм алу жай ғана көрiнiс болып қалды. Ал осы орта бiлiммен жоғарыға қадам басар алда сол жастар үлкен дайындықпен, көп ойланып-толғанып өзiне мамандық таңдау жолының үлкен ұқыптылықты керек ететiнiн сезiну керек. Жоғарыда айтқанымыздай, бiздiң заманның адамның қабiлетiнiң қандайын да болса дамытуға жағдайлы екендiгiн бiле тұра, жастар өзiнiң тұлғабойында қандай қабiлеттiң жоғарыда тұрғанын бiрден бiле алмайды.

Ахмет Жұбанов өз мақаласында өнер атаулының табиғатына тоқталып, оның сырттай жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде үлкен еңбек пен табандылықты қажет ететінін атап өтеді. Ғалымның пайымдауынша, кейде адам бір өнер түріне қарап, оны оңай игеруге болады деп ойлайды. Мысалы, сахнадағы әнші немесе аспапшының еркін, көркем ойынын көріп, соның бәрі табиғи, еш қиындықсыз орындалатындай әсер қалдырады. Алайда Жұбанов бұл көріністің артында ұзақ жылдар бойы төгілген тер, үздіксіз ізденіс, шыдам мен қайсарлық жатқанын ескертеді.

Ол өнер жолының күрделілігі тек техникалық шеберлікте емес, рухани дайындықта да екенін алға тартады. Нағыз өнер адамы өз ісіне жан-тәнімен берілмейінше, шынайы нәтиже шықпайды. Осы тұрғыдан алғанда, Жұбанов өнерді адамның ішкі мәдениетімен, мінезімен және дүниетанымымен тікелей байланыстырып түсіндіреді. 

...Әрине, сахнадан Ойстрахты, не Гилельсті, не басқа солардай атақты орындаушыларды қарап отырсақ, скрипкада, фортепианода ойнау тіпті қиын емес сияқты. Сондай-ақ Қалибектің, Серкенің ойындары да осы өзіміздің өміріміздегі шындық, қарапайым болып көрінеді. Бұл - осылардың бәрі де үлкен қабілет пен үлкен еңбектің қосылуынан туған нәтижелер. Артистердің қай-қайсысы болса да, сахнада он бес минут қана орындайтын нәрсесін ең кемі бірнеше ай немесе жылдап та дайындайды. Әлемге аты белгілі скрипкашы Николо Паганини, сол кездегі пікірлері жарияланғандай, асқан шебер орындаушы болуында ешбір шайтанмен байланысы болған емес. Тек Паганини күніне төрт сағат скрипкада ойнаған. Сондықтан көптеген жас балалар музыкада оқиды да, алты класқа келген соң тастап кетеді

Ахмет Жұбанов осыдан кейін қазақ жастарының музыка саласына аз келіп түсетініне қынжылады. Ол мұның себебін бір ғана дарын жетіспеушілігімен емес, ең алдымен табандылықтың, төзім мен еңбекқорлықтың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ғалымның байқауынша, өнерге қызығып келген жастардың көбі алғашқы қиындыққа тап болғанда-ақ бұл жолдан бас тартып жатады. Музыка оқуының алғашқы жылдары жеңіл көрінгенімен, әр сынып жоғарылаған сайын талап күшейіп, оқу күрделене түседі. Сол себепті кейбіреулер жарты жолдан шаршап, өз мүмкіндігін толық аша алмай қалады. 

Осы ойынан кейін автор музыка мамандығын таңдаған, бірақ оны дұрыс оқымағандар жайлы айтады

Музыка мамандығы оңай деп ойлап жүргендер, дұрысында, музыкаға түспеулері керек. Кейде бірқатар жастар ауылшаруашылық, педагогикалық, шет тіл институттарына маңай түзеп келіп, оларға түсе алмаса, консерваторияны да жағалайды. Қалай да Алматыда қалғысы келеді. Бұл мамандыққа жеңіл қарау жолы. Біздің айтатынымыз — музыка өнер ішінде аса бір қиын, артық қабілет, ауыр еңбекті тілейтін мамандық. Республикамыздың музыка мамандарын қажет ету кезеңі әлі күшті. Қабілеті бар жастар баяндалған қиындықтарды мойнына ала отырып, музыканың үлкен жолына түсулері керек. Сөзсіз, музыка мектептерінің көбінің оқушылар қабылдау мерзімі басқа оқу орындарымен тұспа-тұс келмейді. Бірақ біздің бұл айтып отырғанымыз тек біркүндік ақыл емес.

Ахмет Жұбанов ойын нақты мысалдармен бекіту үшін Бибігүл Төлегенова мен Бақытжан Байқадамовтың есімдерін атайды. Ол олардың табысының кілті табиғи талантта ғана емес, шексіз еңбекқорлық пен рухани беріктікте екенін көрсетеді. Жұбановтың айтуынша, осындай адамдар өнер жолындағы жас ұрпаққа үлгі бола алады, себебі олардың әр жетістігінің түбінде қажымас еңбек пен адалдық жатыр.

Ары қарай оқиық:

1946 жылы Өскеменнен келген Жүнісова, Салахаштан келген Александра (қазақ қызы), Семейден келген Шаяхметова тағы сондай дауыстары өте жақсы әншілер студенттік өмірдің алғашқысының бір айдан кейін кетіп қалды. “Талант — халық мүлкі” дегендей, олар бойларына жаратылыс берген таланттың халық меншігі екенін, оны дамытып бүкіл халық игілігі үшін дамытатынын сезбеді. 

Осы бөлімде Ахмет Жұбанов сөзін тағы да музыка тақырыбына бұрып, оны адамның рухани дамуының ең жоғары көрінісі ретінде сипаттайды. Ол үшін музыка — адам жанының тәрбиешісі, ой мен сезімнің үйлесімін қалыптастыратын мәдени күш. Мақаласының соңында ғалым оқырманды жігерлендіріп, шабыт беретін әсерлі сөздермен түйіндейді.

Музыка — жан азығы. Әдебиет — адамтану ғылымы болса, музыка сол адамның жан жүйесін баурап алатын өнер. “Физкультура — дене үшін де, музыка — жан үшін” деп Платон бос айтпаған. Қиындығын айтқанға үркіп кетпей, жастар музыкаға оқыңдар!

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторын көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 18:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары