Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Airbus A320 vs Boeing 737: қандай ұшақ қауіпсіз екенін біліп жүріңіз

Airbus A320 vs Boeing 737: қандай ұшақ қауіпсіз екенін біліп жүріңіз

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Reuters жолаушылар тасымалдайтын ұшақтардың ішінде ең көп сатылған модельді анықтады. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz жаңа сатылым рекордын талдайды.Сейсенбі күні (7 қазан) Airbus компаниясы маңызды коммерциялық межеден өтті. Оның A320 ұшағы Boeing 737 моделін артта қалдырып, азаматтық авиация тарихындағы ең көп сатылған реактивті ұшақ мәртебесіне ие болды.

Ұлыбританияның авиациялық талдау компаниясы Cirium деректеріне сәйкес, Boeing-тің көпжылдық рекорды жаңартылды. Бұл көрсеткішке Сауд Арабиясының Flynas әуе компаниясының A320neo ұшағын сатып алуы себеп болды. 1988 жылы пайдалануға берілгеннен бері A320 сериясының жалпы сатылым көлемі 12 260 ұшаққа жеткен.

Соңғы жылдары орта және қысқа қашықтықтағы «жұмысшы аттар» аталып келген A320 мен Boeing 737 ұшақтарына сұраныс күрт артты. Бұған Азиядағы экономикалық өсім мен орта таптың ұлғаюы әсер еткен. Әуе қатынасында миллиондаған жаңа жолаушылар пайда болды.

Екі компания бірігіп 25 000-нан астам осындай ұшақ сатқан. Бастапқыда ұшақтың осы екі түрі ірі әуе компаниялар үшін жасалғанымен, кейіннен арзан әуе тасымалдаушылар арасында да үлкен сұранысқа ие болып, кең таралды.

«Бастапқыда ешкім бұл жобаның табысты болатынына сенбеген. Енді ол жеңіске жетті», – дейді бұрынғы Douglas Aircraft бас экономисі Адам Пиларски.

Airbus бүгінде жылдық жеткізу көлемі бойынша әлемдегі ең ірі ұшақ өндіруші болып саналады. Ал қазір тар фюзеляжды ұшақтар нарығында жалпы сатылым бойынша бірінші орынға шықты. Бұл – 40 жылға созылған трансатлантикалық нарықтық бәсекенің тарихи жеңісі.1985 жылы алыс қашықтықтарға жолаушылар тасымалдауға құрылған Emirates компаниясы A380 моделін таңдаған. Фото airlinestaffrates.com сайтынан алынды

A320 моделі 1984 жылы жасала бастаған кезде Airbus-тың болашағы айқын емес еді. Компанияның алғашқы екі кең фюзеляжды ұшағы табыс әкелмеген кезеңде, A320 алғаш рет 1987 жылы ұшып, 1988 жылы коммерциялық пайдалануға берілді.

Сол кезде Францияның Тулуза қаласындағы инженерлер электронды қашықтықтан басқару жүйесін (fly-by-wire) енгізу арқылы үлкен тәуекелге барды. Алғашында бұл жаңалық кәсіподақтар мен кейбір әуе компанияларының қарсылығын тудырды. Бірақ кейіннен саладағы стандартқа айналды.

Airbus жобасы бастапқыда Франция, Германия, Испания және Ұлыбританияның еншілес компаниясы түрінде құрылды. Алғашқыда бұл елдер компанияның өндірістік үлесі мен зауыттары қай елде орналасады, жұмыс орындары қалай бөлінеді деген мәселе бойынша өзара келісімге келе алмаған болатын.

1980-жылдардың ортасында жобаның тоқтап қалу қаупі де күшті болған. Франция президенті Франсуа Миттеран мен Германия канцлері Гельмут Коль дауларды шешу үшін Бавария саясаткері Франц-Йозеф Штраусты делдал етіп тағайындады.

Британ премьері Маргарет Тэтчер парламентте: «Мен тағы бір «Конкордты» қаламаймын», – деп мәлімдейді.

Себебі алдыңғы франко-британдық дыбыстан жылдам Concorde жобасы аса қымбатқа түскен еді. Airbus-тың басты бәсекелесі америкалық Boeing бұндай мемлекеттік қолдауды ұзақ сынға алып келді.Airbus ұшағында компьютер пилоттың әрбір қимылын, іс-әрекетін сүзгіден өткізіп отырады, Boeing ұшағында пилотқа көбірек еркіндік беріледі. Иллюстрация epicflightacademy.com сайтынан алынды

A320 – АҚШ-та емес, Еуропада жасалған алғашқы ірі коммерциялық табысты реактивті ұшақ. Сыртқы түрі қарапайым болғанымен, ол жоғары технологиялы және сенімді болып шықты. A320 өндіріске енгізілгеннен кейін Concorde өндірісінен босап қалған зауыттарды жандандырды. Кейін A380 тоқтаған соң оның бос өндіріс орындарын толтырды.

Алдағы апталарда Airbus өз өндірісін АҚШ пен Қытайда кеңейтуді жоспарлап отыр. Cirium консалтинг бөлімінің жетекшісі Макс Кингсли-Джонс былай дейді:

«Бұл – АҚШ-тан тыс жасалған алғашқы шын мәніндегі табысты коммерциялық ұшақ. Ол бүкіл индустрияны жаңа стандарттарға жетеледі».

Airbus 1992 жылы америкалық ірі тасымалдаушы United Airlines-тан күтпеген тапсырыс алады. Бұған Boeing компаниясы 737NG моделін шығарып жауап берді. Алайда кейінгі 737 MAX ұшағының 2018-2019 жылдардағы екі апатынан кейін Boeing үлкен дағдарысқа тап болды. Airbus те өз кезегінде пилоттық басқару мен автоматтандыру арасындағы тепе-теңдік туралы пікірталастарға тап болды.

Airbus A320 ұшағы қазіргі таңда технологиялық тұрғыдан анағұрлым заманауи және автоматтандырылған. Сондықтан пилоттардың қателік жасау ықтималдығы төмен. Ал Boeing 737 болса ұзақ сыналған, сенімді әрі қарапайым басқарылатын модель. Бұл ұшақ тәжірибелі пилоттар үшін ыңғайлы.

Екі модель де әлемдік авиация тарихындағы ең қауіпсіз және табысты ұшақтар саналады. Айырмашылығы басқару философиясында ғана. Airbus ұшағында компьютер пилоттың әрбір қимылын, іс-әрекетін сүзгіден өткізіп отырады, Boeing ұшағында пилотқа көбірек еркіндік беріледі.

Қазір Airbus пен Boeing сияқты ұшақ жасаушы екі алыпқа Қытай, Бразилия мен АҚШ-та пайда болған стартаптар жаңа бәсекелес болуда.

Соның бірі Embraer аймақтық ұшақтардан бас тарту мәселесін қарастыруда. JetZero атты калифорниялық стартап дәстүрлі фюзеляж құрылымынан түбегейлі өзгеше жобаны ұсынуда.

Бүгінде Boeing қарызға белшесінен батқан, ал Airbus, керісінше, жоғары сұраныс пен баға артықшылығын пайдаланып отыр. ISTAT конференциясында екі компания да жақын арада жаңа модельдерді әзірлеу жоспарда жоқ екенін, себебі қозғалтқыш технологиясында айтарлықтай серпіліс қажет екенін айтады.

«Boeing қазіргі өндіріс қарқынына сүйене отырып, A320 отбасын қуып жете алмайды. Бірақ бұл Boeing-ті 737-ден кейінгі келесі буынды ойластыруға итермелеуі мүмкін», — дейді сарапшы Роб Моррис.

Airbus A320-ның тарихи жеңісі – технологиялық батылдық пен еуропалық ынтымақтастықтың нәтижесі. Ол авиация нарығында жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді. Нарық заңына сәйкес, Boeing енді өзінің даму стратегиясын қайта қарауы тиіс.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 11:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see146

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see142

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see131

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see129

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see127

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see124

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see119

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see119

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see119

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see110

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see108

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see107

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see107

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

12 Қазан 2026 18:37see104

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see104

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары