Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Alageum Electric компаниялар тобы мемлекеттік тілді қолдау мақсатында Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге көлемінде жарна аударды. Компания 2024 жылы алғашқылардың бірі болып эндаумент қорына дәл осындай сомада қаражат бөлген болатын. Осылайша, Alageum Electric компаниясының мемлекеттік тілді дамытуға бағыттаған жалпы салымы 200 миллион теңгені құрады. Бұл туралы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қадам – мемлекеттік тілге деген құрметтің ғана емес, сонымен бірге Qazaq Tili Endowment қорының ашық әрі тиімді жұмысына, оның ұзақмерзімді даму моделіне деген сенімнің көрінісі.

"Alageum Electric компаниялар тобының Qazaq Tili Endowment қорына екінші рет қолдау көрсетуі – біз үшін үлкен жауапкершілік. Бұл қордың жұмысына деген сенімнің және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған ортақ ұстанымның көрінісі. Осындай тұрақты серіктестіктің арқасында біз қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтетін ірі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз. Компания басшылығына қазақ тілінің болашағына қосқан маңызды үлесі үшін алғысымызды білдіреміз", – дейді Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.

Атап айтсақ, Qazaq Tili Endowment қорына алғашқы болып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударды. Президенттің бұл бастамасын еліміздегі ірі компаниялар мен кәсіпкерлер қауымы кеңінен қолдады.

"Alageum Electric үшін қазақ тілін қолдау – әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бағыты. Сондықтан біз бұл іске тұрақты түрде үлес қосып келеміз. 30 жылдан бері компания өндірісті дамытып келеді. Дегенмен жетістік тек өндіріс көрсеткіштерімен өлшенбейді. Білімді қолдау, адами капиталды дамыту және қазақ тілінің өркендеуіне үлес қосу – ел болашағына салынған инвестиция. Осы ұстаныммен Мемлекет басшысының бастамасын жалғап, Qazaq Tili Endowment қорына екінші рет қолдау көрсеттік. Қордың жұмысы ашық, нәтижесі нақты. Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін осындай жүйелі қолдау қажет. Бизнес экономиканың ғана емес, қоғамның да дамуына үлес қосуы тиіс", – деді Alageum Electric компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

Qazaq Tili Endowment қорының негізгі қағидаты – қорға түскен қаражаттың өзін жұмсамау. Қорға аударылған қаражат толық көлемде инвестициялық басқаруға беріледі, ал қазақ тілін дамытуға бағытталған жобалар инвестициялық табыс есебінен қаржыландырылады. Qazaq Tili Endowment қоры Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты және ұзақмерзімді жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылды.

2024 жылы эндаумент қорына 503 669 299 теңге тартылып, инвестициялық басқарудан 75 473 020 теңге үстеме табыс түсті. 2025 жылы инвестициялық табыс көлемі 80 миллион теңгені құрады. Осылайша, соңғы екі жылда қордың инвестициялық қызметінен түскен жалпы табыс 155 000 000 теңгеден асты. Қазір эндаумент қорындағы қаржы көлемі 824 000 000 теңгеге жетті.

Инвестициялық табыс есебінен 2023–2025 жылдары қазақ тілін дамытуға бағытталған 60-тан астам өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі жоба мен іс-шара жүзеге асырылды. Солардың ішінде Oxford қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздігін әзірлеу және шығару, Абай шығармаларының жинағын басып шығару, жыл сайын дәстүрлі негізде "Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі мен "Ана тілі" зияткерлік олимпиадасын ұйымдастыру, "Ұлттық диктант" платформасы мен Qazaq Tili Qogamy мобильді қосымшасын әзірлеу, "Тұлпар мініп, ту алған" республикалық байқауын өткізу, сондай-ақ қазақ тілінің цифрлық инфрақұрылымын дамыту және OpenAI компаниясымен бірлескен жасанды интеллект бағытындағы жобаларды іске асыруға жұмсалды.

Қор қызметі Құрылтайшылар кеңесінің тұрақты бақылауында болып, атқарылған жұмыс есебі жүйелі түрде ұсынылып отырады.

Фото: Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы

Материал Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы тарапынан ұсынылды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:1209
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see137

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see113

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see112

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see110

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары