Алакөлде қауіпсіздік талаптарын бұзған 22 кеме иесі жауапқа тартылды
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы, азаматтық қорғау полковнигі Серік Жүнісбековтің жетекшілігімен Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі бойынша тәжірибелік көмек көрсетіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алакөлде қауіпті маневр жасаған гидроцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
Рейдтік шаралардың нәтижесінде Алакөл көлінде 22 кеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 229 225 теңгені құрады.
Сонымен қатар алкогольдік масаңдық белгілері байқалған гидроцикл жүргізушісі медициналық куәландырудан өткізу үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзбауға шақырды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 17:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















