Алатау жедел мақсаттағы Оңтүстік базасын дамытудың бас жоспары ұсынылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жоба азаматтық қорғау жүйесінің күшті жер сілкіністеріне, сондай-ақ табиғи және техногендік қауіп-қатерлерге дайындығын арттыруға бағытталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министр нысанның стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, еліміздің басқа да сейсмикалық қауіпті өңірлерінде осындай базаларды құру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
База күштер мен құралдарды үйлестіруді, авиациялық қолдауды, құтқару жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ зардап шеккендерге медициналық және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи көпфункционалды кешен ретінде қалыптастырылуда.
Жобаны іске асыру азаматтық қорғау жүйесінің әлеуетін және халыққа көрсетілетін көмектің тиімділігін едәуір күшейтіп, орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз етуге, зардап шеккен халықты жаппай орналастыруға және дағдарыс жағдайларында кешеннің автономды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 08:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















