Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Алатауға дейінгі желі Алматыда метроны дамытудың егжей тегжейі айтылды

Алатауға дейінгі желі Алматыда метроны дамытудың егжей тегжейі айтылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматыда қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын түзетудің стратегиялық экологиялық бағалауы бойынша қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Шара барысында "Алматыбасжоспар" басшысы Асхат Садуов Алматы метрополитені құрылысының егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайран" бекеті Алатаумен байланыстырылады

Алматыда 2040 жылға дейінгі Бас жоспар жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. "Алматыбасжоспар" ҒЗИ" ЖШС басшысы Асхат Садуов жоба Экология министрлігінен оң қорытынды алғанын хабарлады. Оның айтуынша, жоба мегаполисті көпорталықты және жинақы дамытуға бағытталған, бұл жолдағы жүктемені едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Садуов қаладағы барлық зиянды шығарындының 60 пайызы көлікке тиесілі екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселені шешуге жүрдек қоғамдық көлікті дамыту ықпал етуі тиіс.

Бұл ретте қала билігі желтоқсандағы талқылаудан кейін көлік схемасына өзгеріс енгізді.

"Бұл SkyTrain-ге қатысты болды. Көліктің жаңа түрі пайда болды. Бағыты аздап өзгерді. Шамалы ғана. Тұтастай алғанда, қаңқа сол күйінде қалды", – деп нақтылады Садуов.

Анықтама: яғни, оның айтуынша, SkyTrain қаланың көлік схемасына қоғамдық көліктің жаңа түрі ретінде қосылды. Осыған байланысты, SkyTrain-мен байланысты болуы үшін кейбір көлік желілері бағыттарына аздап түзетулер енгізілді.

Мәселен, Райымбек даңғылы бойында BRT желісін іске қосудың орнына SkyTrain қарастырылып жатыр. "Алматыбасжоспар" басшысының айтуынша, бұл жобаны іске асыруға жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жауапты. Бұл ретте Алматыда метроны дамыту жоспары өзгеріссіз қалады.

Анықтама: Алматы метрополитені - Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз метрополитен. Ол 2011 жылғы 1 желтоқсанда ашылған болатын.

"Біз депо бойынша келіссөз жүргіздік, Алматы әуежайынан рұқсат алдық. Метроның екінші желісі әуежайға дейін барады. Сонымен қатар тағы бір желі - "Сайран" бекетінен Алатауға, дәлірек айтқанда Gate ауданына дейін жетеді. Мұның бәрі көлік жүктемесін азайту үшін жасалып жатыр", – деді Асхат Садуов талқылау кулуарында.

Анықтама: Алатау қаласын төрт арнайы ауданға бөлу жоспарланған: Gate – қаржы орталығы, Golden – оңтүстіккореялық клиникаларды тарта отырып жасақталатын білім беру және медициналық хаб, Growing – индустрия және логистика аймағы, Green – туристік бағыт.

Ведомство басшысы жүрдек желілерді іске қосу Қаскелең, Құлжа және Талғар бағыттарынан келетін күнделікті миграциялық ағынды тиімді реттеуге және азайтуға көмектесетінін, осылайша адамдардың Алматы орталығына жеке көлікпен кірмеуіне жағдай жасалатынын айтты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2040 жылға қарай метро ұзындығы төрт еседен аса артып, 50,6 шақырымға жетуі тиіс. Қазіргі уақытта "Қалқаман" бекетінің құрылысы жалғасып жатыр, сондай-ақ "Барлық" көлік-ауысып міну торабына дейінгі тағы үш бекет құрылысына дайындық жүріп жатыр.

Алматыдағы метроның жаңа желілері

Алматының 2040 жылға дейінгі бұған дейін жарияланған Бас жоспар жобасына сәйкес, қала метросын айтарлықтай кеңейту көзделіп отыр. Билік мегаполистің әртүрлі бөлігін байланыстыратын үш желіден тұратын толыққанды желі құруды жоспарлап отыр.

Бірінші желі (қызыл): вокзалдан базарға дейін

Қазіргі уақытта метроның бірінші желісі "Бауыржан Момышұлынан" "Райымбек батырға" дейінгі жалпы ұзындығы 14,3 шақырым болатын 11 бекеттен тұрады.

Болашақта ол екі бағытта да ұзартылады:

Батысқа қарай: салынып жатқан "Қалқаман" бекетінен (оны 2026 жылдың аяғына дейін іске қосуға уәде беріліп отыр) "Барлық" базарына дейін (5,3 шақырым) тағы үш бекет салынады. Ол жерде ауысып міну торабын салу жоспарланған. Солтүстікке қарай: "Райымбек батыр" бекетінен бастап желі Алматы-1 вокзалына дейін тартылады. Бұл тағы бес бекет (7,7 шақырым) қосады.

Нәтижесінде бірінші желідегі бекеттер саны 20-ға дейін артып, ұзындығы 29,2 шақырымға жуықтайды деп күтіледі.

Алматы метросы болашақ желілерінің схемасы / Фото қаланың Бас жоспары таныстырылымында түсірілген / 2025 жылғы желтоқсан

Екінші желі (көгілдір): қала арқылы айналым және әуежайға баратын жол

Екінші желі Алматы метро жүйесіндегі ең ауқымдысы болуы мүмкін. Жоба бойынша оның ұзындығы шамамен 76,6 шақырым болып, бекеттер саны 42-ге жетеді. Бас жоспар жобасына сәйкес, желі айналым құрылымына ие болады және қаланың негізгі көптеген ауданын қамтиды.

Бағыты: желі мегаполистің батыс және шығыс бөліктерін қосады деп жоспарланып отыр: "Барлық" базары ауданынан бастап желі ірі магистральдар бойымен өтіп, кейін солтүстікке қарай Алматы-1 вокзалына, одан әрі Алматы халықаралық әуежайына қарай бағытталады. Айналымның оңтүстік бөлігі әл-Фараби даңғылы мен Тимирязев көшесі бойындағы тұрғын аудандарды қамтиды. Бірінші кезең: қазіргі "Жібек жолы" бекетінен әуежайға дейін. Ұзындығы шамамен 14 шақырым болатын бұл учаскеде сегіз бекет орналастыру жоспарланып отыр.

2025 жылдың желтоқсанында "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын екенін хабарлаған болатын. Ол мамандар жерасты инфрақұрылымы авиациялық жабдықтар жұмысына кедергі келтірмес үшін метро шығаберістерінің орналасуын әуежай әкімшілігімен келісіп жатқанын атап өткен еді.

Қазір бұл кезең аяқталды. Садуовтың 30 маусымдағы мәліметінше, әуежайдан тиісті рұқсат алынған.

Алматы метросы болашақ желілерінің схемасы / Фото қаланың Бас жоспары таныстырылымында түсірілген / Желтоқсан, 2025 жыл

Үшінші желі (жасыл): Алатауға дейін

Жаңа тармақ қаланың оңтүстік аудандарын солтүстікпен байланыстырады деп күтіледі.

Бағыты: желі "Қазақфильм" ауданынан басталып, "Сайран" бекеті арқылы өтіп, солтүстікке – салынып жатқан Алатау қаласына қарай бағытталады. Ауқымы: желінің жалпы ұзындығы 28 шақырым болады, 17 бекет салу жоспарланған.

Жарияланған жоспарға сәйкес, 17 бекеттің екеуі Алатау аумағында орналасады.

Алматы метросы қанша жолаушы тасымалдады?

Бас жоспар құжаттарына сәйкес, метро іске қосылған сәттен бастап 83 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған. Ұсынылған мәліметтер бойынша, оның үлесіне қоғамдық көлікпен тасымалдаудың 8,2 пайызы тиесілі, ал жолаушылар ағыны жыл сайын шамамен 10 пайыз артып келеді.

Тағы оқыңыз: Алматы метросын Алатау қаласымен байланыстыру: мән-жайы

Райымбек даңғылынан әл-Фарабиге дейін: Алматыда қоғамдық көліктің жаңа түрі іске қосылмақ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 18:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары