Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты

Әл Фарабидегі жол апаты: Сотталушы мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

Енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды

Тұрмысқа қажетті қарапайым жағдай жасалмаған: Тоқаев Алматы облысының инфрақұрылымы үшін шенеуніктерді сынға алды

Ұрпақ қауіпсіздігі басты назарда

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?

​Көкшетауда әлеуметтік үйлерді салуға бөлінген миллиардтар жымқырылған: Күдікті қамауға алынды

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

Шамдар жанбайды Астана аудандарындағы жарықтандыруда не болып жатыр

ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді бөлім басшысы ұсталды

Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек

Кредитім бар : министр Ертаев отбасына қанша ақша жұмсайтынын айтты

Нұргүл Молдабайқызы: Психология тілі мен тарих тілі әлі толық түйіскен жоқ

Тарихтағы алғашқы: Қазақстандағы амнистияның егжей тегжейі белгілі болды

Тарихтағы алғашқы: Қазақстандағы амнистияның егжей тегжейі белгілі болды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда бір мезгілде екі - қылмыстық және әкімшілік амнистия өткізу жоспарланып отыр. Егер алғашқысы елімізде бұрыннан қолданылған болса, әкімшілік амнистия тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет болмақ.

Қазақстанда бір мезгілде екі - қылмыстық және әкімшілік амнистия өткізу жоспарланып отыр. Егер алғашқысы елімізде бұрыннан қолданылған болса, әкімшілік амнистия тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет болмақ.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс тиісті заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Рақымшылық кімдерге қатысты болады, қандай айыппұлдар автоматты түрде жойылады, Қуандық Бишімбаев пен Перизат Қайраттың жаза мерзімі қысқаруы мүмкін бе, сондай-ақ мемлекет неге мұндай қадамға дәл қазір барды деген сұрақтарға Tengrinews.kz сұхбатында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева жауап берді.

Рақымшылыққа қанша адам ілігеді?

Депутат Имашеваның айтуынша, биыл қылмыстық амнистия 16,5 мыңға жуық адамды қамтиды.

Бұл ретте әңгіме тек түзеу мекемелерінде отырғандар туралы ғана емес.

"Қылмыстық амнистияға барлығы 16,5 мыңға жуық адам ілігеді. Істері тергеу сатысында жатқан 1 200 адамға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылады. Тағы 10 мыңнан аса сотталғанның жаза мерзімі қысқартылса, 5 мыңға жуық адам жазадан толық босатылады", - деп түсіндірді Снежанна Имашева.

Колониялар мен өзге де бас бостандығынан айыру орындарынан шамамен 1 500 адам шығуы мүмкін. Амнистияға қылмыстық теріс қылық жасағандар, жеңіл және кейбір орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша сотталғандар ілігеді.

Снежанна Имашева. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Әкімшілік амнистия кезінде адам саны емес, айыппұл саны есепке алынады.

Депутаттың мәліметінше, тек полиция желісі бойынша 17 миллиард теңгеге жуық сома болатын 1 миллионға жуық төленбеген айыппұл амнистияға ілігуі мүмкін. Сөз 2026 жылғы 16 наурызға, жаңа Конституция қабылданған күнге дейін төленбей қалған айыппұлдар туралы болып отыр.

Снежанна Имашева әкімшілік амнистия елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет өткізіліп жатқанын еске салды. Президент бұл бастаманы жаңа Конституцияның қабылдануына арналған салтанатты жиында жариялаған болатын.

Қандай қылмыстар рақымшылыққа ілігеді?

Жеңіл қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар үшін жазадан толық босату қарастырылған.

"Орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін басқа механизм қолданылады: егер зиян келтірілмесе немесе шығын толық өтелсе, жазадан толық босатылуы мүмкін. Ал шығын өтелмеген жағдайда, жазаның өтелмеген бөлігінің қысқартылуына үміт артуға болады", - дейді депутат.

Рақамшылыққа жиі ілігетін баптардың қатарында ол мыналарды атады:

ұрлық; мал ұрлығы; сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу.

Сондай-ақ амнистия кейбір экономикалық қылмыстарды да ішінара қамтиды.

Мәселен, егер іс сыбайлас жемқорлыққа, аса ірі көлемдегі шығынға және басқа да ерекше жағдайларға қатысты болмаса, алаяқтық немесе бөтеннің мүлкін талан-таражға салғаны үшін жекелеген жағдайларда жаза мерзімін қысқарту мүмкін болады.

Кімдерге рақымшылық жасалмайды?

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм үшін сотталғандарға заңның күші мүлдем жүрмейді.

Рақымшылыққа мыналар ілікпейді:

кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге итермелеу; денсаулыққа қасақана ауыр, орташа және жеңіл зиян келтіру; ұрып-соғу; қинау; сталкинг; АИТВ жұқтыру; жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар; сыбайлас жемқорлық қылмыстары; террористік және экстремистік қылмыстар; азаптау; жуырда криминализацияланған әрекеттер, соның ішінде дропперлік және қыз алып қашу.

"Осы құрамдардың кейбірі жеңіл немесе орташа ауырлық санаттарына жатса да, олар ешбір жағдайда амнистияға ілікпейді", - деп қадап айтты Снежанна Имашева.

Сонымен қатар, сырттай сотталғандарға да амнистия қолданылмайды.

Бишімбаев пен Перизат Қайраттың мерзімдері қысқаруы мүмкін бе?

Заң жобасында ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар материалдық шығынды өтеген жағдайда бостандыққа ерте шығуы мүмкін екені айтылған. Осы ретте депутаттан, соңғы жылдардағы резонанс тудырған істерді еске алып, Қуандық Бишімбаев немесе Перизат Қайрат жаза мерзімінің қысқаруына үміт арта ала ма деп сұраған едік.

Депутаттың айтуынша, кейінгі жылдардағы атышулы істерге амнистия жүрмейді.

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шығуға да, мерзімінің қысқаруына да үміт арта алмайды.

"Бұл баптар (аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру; қорлық көрсету – ред. еск.) рақымшылыққа мүлдем жатпайды, сондықтан мерзімді қысқарту қарастырылмаған", - деді Имашева.

Перизат Қайратқа қатысты жағдай да осындай.

"Ол аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сотталған. Баптың бұл бөлігі рақымшылыққа ілікпейді, сондықтан оған кешірім жасалмайды", - деді депутат.

Жанәбіловтерге рақымшылық жасала ма?

Сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылған танымал блогер ерлі-зайыпты Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты жақында шыққан үкімді еске алдық. Сот шешімімен Жанәбілов 2 жылға шартты түрде сотталса, әйелі кішкентай бала тәрбиелеп отырғандықтан, жазасын өтеу мерзімі екі жылға шегеріліп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Биыл сәуірде үкім шыққаннан кейін сотталушылардың адвокаты Гаухар Айтжанова журналистермен сұхбатында болашақта оның қорғауындағы адамдарға рақымшылық бойынша жеңілдік берілуі мүмкін екенін жоққа шығармаған болатын.

Депутат Снежанна Имашева биыл жүргізілетін рақымшылыққа блогерлер ілікпейтінін мәлімдеді.

"Заңсыз кәсіпкерлік рақымшылыққа жатады, бірақ Қылмыстық кодекстің қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру туралы 218-бабы рақымшылықтан шығарылған. Заң талабы бойынша, егер қылмыстардың бірі рақымшылыққа ілікпесе, онда тиісінше рақымшылық жасалмайды. Сондықтан блогер Жанәбіловтер рақымшылыққа ілікпейді", - деп түсіндірді Имашева.

Сонымен қатар депутат кейбір экономикалық қылмыстар заңның аясына кіретінін атап өтті.

Мәселен, заңсыз кәсіпкерліктің жекелеген жағдайлары немесе бәсекелестік саласындағы қылмыстар бойынша рақымшылық қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар ол қаржы пирамидаларына, қылмыстық табыстарды заңдастыруға, заңсыз банктік қызметке және басқа да бірқатар қаржылық қылмысқа қолданылмайды.

Рақымшылық үшін шығынды өтеу неге маңызды?

Қылмыстық рақымшылықты қарастыру кезіндегі негізгі критерийлердің бірі - сотталған адамның жәбірленуші тарапқа деген көзқарасы болмақ.

Депутаттың айтуынша, мемлекет ізгілік пен әділдік арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады.

"Рақымшылық сотталған адамға қатысты ізгілік болғанымен, ол жәбірленушіге қатысты әділетсіз болмауы тиіс. Егер шығын келтірілсе, зардап шеккен тараптың мүддесін ескеру қажет", - деді Имашева.

Бұдан бөлек, әрбір сотталған адам бойынша соңғы шешімді сот қабылдайды.

Қарау барысында тек рақымшылық критерийлеріне сәйкестік қана емес, сонымен қатар адамның жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқы да ескеріледі.

"Егер сот адамның түзелмегені туралы қорытындыға келсе, рақымшылықты қолданудан бас тартуы мүмкін. Оң мінез-құлықтың болуы - маңызды шарттардың бірі", - деп түсіндірді депутат.

Қандай айыппұлдар кешіріледі?

Әкімшілік рақымшылықтың ең ауқымды бөлігі төленбеген ескі айыппұлдарға қатысты.

Ең көп таралған заңбұзушылықтардың қатарында:

ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру; жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы; жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау; тыныштықты бұзу; белгіленбеген жерде темекі шегу; қауіпсіздік белдігін тақпау; рөлде телефон пайдалану; жарамсыз жеке куәлікпен тұру; билетсіз жүру.

Барлығы әкімшілік құқық бұзушылықтың 250 құрамы рақымшылыққа ілігеді.

Сонымен қатар, қауіпсіздікке қатер төндіретін күрделі заңбұзушылықтар рақымшылықтан шығарылған.

Мәселен, бағдаршамның қызыл түсіне өту немесе жылдамдықты айтарлықтай асырғаны үшін салынған айыппұлдар кешірілмейді.

Өтініш беру керек пе, әлде айыппұл автоматты түрде жойыла ма?

Жауап: ешқайда жүгінудің қажеті жоқ.

Депутаттың айтуынша, айыппұлдардың көпшілігі мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жойылады.

Егер қандай да бір себептермен айыппұл жойылмаса, адам уәкілетті органға, прокуратураға немесе сотқа жүгіне алады.

Парламент мүшесінің бағалауы бойынша, әкімшілік рақымшылықты толық іске асыру заң өз күшіне енгеннен кейін алты айға дейін уақыт алуы мүмкін.

Мемлекет неге әкімшілік рақымшылық жүргізуге шешім қабылдады?

Снежанна Имашева болып жатқан жағдайды гуманизм актісі деп атайды.

Оның айтуынша, бұл жерде құқық бұзушыларды ынталандыру емес, жылдар бойы қарыз жүгінен құтыла алмай жүрген жандарға көмектесу туралы сөз болып отыр.

"Бұл құқықтық тәртіптің әлсіреуін білдірмейді. Әңгіме өз мәселелеріне шырмалып, жиналып қалған айыппұлдарды төлей алмай отырған адамдар туралы болып отыр. Біз олардың құқықтық және экономикалық айдынға қайта оралуына көмектескіміз келеді", - деді депутат.

Ол төленбеген айыппұлдардың соңы көбіне атқарушылық іс жүргізуге, шоттардың бұғатталуына және басқа да шектеулерге әкеп соғатынын еске салды.

Оның сөзіне қарағанда, рақымшылыққа ілігуі мүмкін кейбір қарыздар 2015 жылдан бері төленбей келеді.

Рақымшылық "Заң мен Тәртіп" қағидатына нұқсан келтірмей ме?

Снежанна Имашева рақымшылықтың айрықша сипатқа ие екенін және оның жыл сайынғы тәжірибеге айналмайтынын атап өтті.

"Айыппұлды төлемей жүре берсе болады, қашан болмасын оны кешіреді деп сенудің қажеті жоқ. Ол қарыз әлдеқайда ерте өндіріліп алуы мүмкін. Заң мен тәртіп негізгі қағидат болып қала береді. Бірақ мықты мемлекет - бұл тек қаталдық қана емес, сонымен қатар ізгілік таныта білу қабілеті", - деп есептейді Имашева.

Оның айтуынша, рақымшылықтың басты мақсаты - мемлекеттің тек жазалап қана қоймай, адамға өмірін жаңа парақтан бастауға мүмкіндік бере алатынын көрсету.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:36
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see123

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

01 Маусым 2026 20:49see123

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

01 Маусым 2026 20:58see117

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

01 Маусым 2026 18:00see116

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see115

ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты

02 Маусым 2026 12:12see114

Әл Фарабидегі жол апаты: Сотталушы мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

02 Маусым 2026 10:55see111

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

01 Маусым 2026 13:11see111

Енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды

02 Маусым 2026 11:22see111

Тұрмысқа қажетті қарапайым жағдай жасалмаған: Тоқаев Алматы облысының инфрақұрылымы үшін шенеуніктерді сынға алды

02 Маусым 2026 14:48see111

Ұрпақ қауіпсіздігі басты назарда

02 Маусым 2026 09:23see111

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

01 Маусым 2026 20:58see111

Субұрқақта шомылудың денсаулыққа қандай зияны бар?

02 Маусым 2026 17:46see110

​Көкшетауда әлеуметтік үйлерді салуға бөлінген миллиардтар жымқырылған: Күдікті қамауға алынды

02 Маусым 2026 10:51see110

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

01 Маусым 2026 11:53see109

Шамдар жанбайды Астана аудандарындағы жарықтандыруда не болып жатыр

02 Маусым 2026 09:55see109

ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді бөлім басшысы ұсталды

02 Маусым 2026 19:37see108

Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек

02 Маусым 2026 16:31see107

Кредитім бар : министр Ертаев отбасына қанша ақша жұмсайтынын айтты

02 Маусым 2026 12:32see107

Нұргүл Молдабайқызы: Психология тілі мен тарих тілі әлі толық түйіскен жоқ

01 Маусым 2026 20:47see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары