Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Астанадағы стоматологияда үш жасар қыз қайтыс болған: қайғылы оқиғаның егжей тегжейі айтылды

Астанадағы стоматологияда үш жасар қыз қайтыс болған: қайғылы оқиғаның егжей тегжейі айтылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Астанада жеке стоматологияда көз жұмған 3 жастағы қыздың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сараптама қорытындысы баланың өліміне оттегі жетіспеушілігінен мидың ісінуі себеп болғанын көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Қайғылы жағдай 2024 жылы 30 қазанда болған. Әкесі қызының 3,5 сағатта жалпы наркоздан кейін оянбағанын айтады. Алайда процедура 3 сағатқа жоспарланған. Әкесі дәрігерлер 18 тісті бірден емдемек болғанын айтты.

Кім сотталып жатыр?

Бұл іс бойынша тек анестезиолог жауапқа тартылып жатыр. Стоматолог сотқа шақырылмаған. Анестезиологқа ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Ол төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, сонымен қатар үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Сараптама нені көрсетті?

Прокурор сотта медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сараптама қорытындысын оқып берді. Құжаттарда бірқатар заңбұзушылық анықталған:

стоматологиялық карта болмаған; келісім құжаты дұрыс толтырылмаған; консультациялар мен диагноздар толық көрсетілмеген; видеожазбамен сәйкес келмейтін деректер бар: кетотифен, супрастин, кальций сияқты препараттар енгізілген, бірақ құжаттарда жазылмаған.

Сараптама анестезиологтың балада қарсы көрсетілімдер болғанына қарамастан наркоз жасағанын анықтады: тромбоциттер мен электролиттер төмен, педиатрдың рұқсаты жоқ, қажетті тексерулер жүргізілмеген.

Қорытындыға сәйкес, анестезия басталған сәттен бастап науқастың жағдайы күрт нашарлаған уақытқа дейін капнография мүлде жүргізілмеген. Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясының протоколы - ондағы уақыт, ұзақтығы және енгізілген препараттардың мөлшері құжаттарға тіркелмеген. Артериялық қысым да өлшенбеген.

Баланың жағдайы нашарлағаннан кейін сарапшылар бірнеше ауыр заңбұзушылық жасалғанын анықтаған.

Прокурордың айтуынша, анестезиолог баланың жағдайы қиындай бастаған кезде наркозды керісінше тереңдете берген. 13:55-де анестетик беру тоқтатылғанымен, сол сәтте баланың қысымы 80-ге дейін төмендеген. Алайда 13:58-де дәрігер анестетиктің мөлшерін қайтадан 8 пайызға дейін көбейтіп, баланы тереңірек наркозға енгізген.

Бұдан бөлек, кардиомониторинг наркоз кезінде де, баланың жағдайы нашарлағаннан кейін де жүргізілмегені айтылды.

Сондай-ақ прокурордың сөзінше, жағдай ушыққан кезде жүрек қызметін ынталандыру мақсатында адреналин 0,1 мг дозада енгізілген, алайда бұл мөлшер балаларға арналған жас нормасына сәйкес келмейді.

Қыздың өліміне не себеп болған?

Сараптамаға сәйкес, өлім тіндік гипоксиядан (оттегі жетіспеушілігі) басталып, мидың ауыр ісінуіне әкелген. Бұл жағдай наркоз, өкпенің жасанды желдетілуі, екі жақты пневмония және жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің үйлесуімен күрделене түскен.

Сот әлі жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 15:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары