Алаяқтар Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі болып хабарласып жүр
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қаскөйлер қазақстандықтарға 250 немесе 270 нысандар бойынша декларацияның мерзімі өтіп кеткенін немесе деректерде қате бар екенін айтып, олардың жеке деректерін алуға тырысады.
— Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды. Тиісінше ешқандай код, құпиясөз немесе жеке деректер талап етілмейді. Бұл 250, 270 және өзге формаларға да қатысты, — деді Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Гүлжан Қалменова елордада өткен брифингте.
Комитет азаматтарға барлық хабарламалар мен салықтық міндеттемелер туралы ақпаратты тек ресми мемлекеттік сервистер арқылы ғана білуге болатынын еске салды.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасын қалай тануға және алаяқтардан қалай қорғануға болатынын түсіндірген еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 14:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















