Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Кимешекке көмкерілген тарих

Әлемде және ТМД елдерінде нан қанша тұрады: зерттеу нәтижесі

Әлемде және ТМД елдерінде нан қанша тұрады: зерттеу нәтижесі

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Геосаяси тұрақсыздық, қалыптасқан халықаралық сауда және логистика бағыттарының бұзылуы, Еуропадағы аптап ыстық пен құрғақшылық, сондай-ақ әлемдік нарықта энергия ресурстары мен тыңайтқыштардың қымбаттауы азық-түлік бағасының күрт өсуіне әсер етіп отыр. Бұл жағдай дәнді дақылдардың, әсіресе бидайдың бағасынан байқалады.

Мәселен, 2026 жылы бір бушель бидайдың бағасы 2025 жылмен салыстырғанда шамамен 30%-ға көтеріліп, 5,07 доллардан 6,54–6,60 долларға жеткен. Бидай қымбаттаған сайын одан жасалатын нан, макарон, құрғақ таңғы ас өнімдері мен печеньенің де бағасы өседі.

Осы үрдістерді ескерген Numbeo онлайн платформасының сарапшылары әлемде нанның қай елде ең қымбат, қай елде ең арзан екенін анықтау үшін зерттеу жүргізген.

Салыстыру үшін әр елдегі салмағы 500 грамм ақ нанның орташа бағасы алынған. Зерттеу нәтижесінде елдер нан бағасы ең қымбатынан ең арзанына қарай реттелген.

Нан қай елдерде ең қымбат?

Салмағы шамамен 500 грамм ақ нанның ең жоғары бағасы Исландияда тіркелген. Мұнда бір бөлке нан 4,03 доллар тұрады. Бұл Ұлттық банктің 2026 жылғы 20 қазандағы бағамы бойынша 1 823 теңгеге тең.

Норвегия мен Швейцарияда нан сәл арзанырақ. Норвегия тұрғындары бір бөлке нан үшін 3,75 доллар немесе 1 697 теңге төлесе, Швейцарияда оның бағасы 3,67 долларды немесе 1 661 теңгені құрайды.

Ақ нан ең қымбат сатылатын елдер мен аумақтар қатарына мыналар да кіреді:

- АҚШ – 3,65 доллар немесе 1 651 теңге;- Дания – 3,57 доллар немесе 1 615 теңге;- Коста-Рика – 3,54 доллар немесе 1 602 теңге;- Пуэрто-Рико – 3,31 доллар немесе 1 498 теңге;- Израиль – 3,31 доллар немесе 1 498 теңге;- Оңтүстік Корея – 2,97 доллар немесе 1 344 теңге;- Швеция – 2,96 доллар немесе 1 339 теңге.

Австралия, Мексика, Аустрия, Финляндия, Италия және Аргентинада да нан арзан емес. Бұл елдерде салмағы 500 грамм ақ нанның бағасы мынадай:

- Австралия – 2,75 доллар немесе 1 244 теңге;- Мексика – 2,73 доллар немесе 1 235 теңге;- Аустрия – 2,71 доллар немесе 1 226 теңге;- Финляндия – 2,67 доллар немесе 1 208 теңге;- Италия – 2,37 доллар немесе 1 072 теңге;- Аргентина – 2,30 доллар немесе 1 040 теңге.

ТМД елдеріндегі нан бағасы

Numbeo сарапшыларының мәліметінше, ТМД елдері арасында ақ нан ең қымбат сатылатын ел – Армения. Мұнда бір бөлке ақ нанның бағасы 0,86 доллар немесе 389 теңге тұрады.

Өзге елдерде нан бағасы Арменияға қарағанда төмен:

- Ресейде – 0,82 доллар немесе 371 теңге;- Беларусьте – 0,67 доллар немесе 303 теңге;- Өзбекстанда – 0,62 доллар немесе 280 теңге;- Тәжікстанда – 0,62 доллар немесе 280 теңге.

ТМД аумағында ақ нан ең арзан сатылатын үш елдің қатарына Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстан кіреді. Қазақстанда бір бөлке ақ нан 0,55 доллар немесе 248 теңге, Әзербайжанда 0,47 доллар немесе 212 теңге, ал Қырғызстанда 0,37 доллар немесе 167 теңге тұрады.

Нан қай елде ең арзан?

2026 жылғы қазандағы мәлімет бойынша, әлемде салмағы 500 грамм ақ нан ең арзан сатылатын ел – Алжир. Мұнда оның орташа бағасы 0,16 доллар немесе 72 теңге.

Әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда мына мемлекеттерде де нан арзан:

- Тунис – 0,21 доллар немесе 95 теңге;- Үндістан – 0,48 доллар немесе 217 теңге;- Непал – 0,49 доллар немесе 221 теңге;- Иран – 0,49 доллар немесе 221 теңге;- Шри-Ланка – 0,50 доллар немесе 226 теңге;- Кения – 0,52 доллар немесе 235 теңге;- Бангладеш – 0,55 доллар немесе 248 теңге.

Бұл көрсеткіштер Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстандағы нан бағасы ТМД елдері арасында ғана емес, әлем бойынша да ең төмен бағалардың қатарында екенін көрсетеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 16:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see128

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see123

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see113

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see109

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see109

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see109

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары