Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қарағанды облысында тауға шыққан ерлі зайыпты құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды

Ұзақ үзілістен кейінгі оралу: Елдос Сметов Гран при турниріне қатысады

Ақтөбеде екі күнде 1300 ден астам адам жол ережесін бұзған

Павлодарда ер адам сау жүргізуші шақыртып, куәлігінен айырылды

Фотоөнер кімге керек?

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Көкшетауда тағы бір жол апаты болды: көлік тізгіндеген әйел тротуардағы ана мен баланы қағып кетті

Әнұран қосылып, эфир үзілді: Британдық радиостанция Король Карл III ні жерлеп қоя жаздады

Қазақстанда архитектуралық үйлестіру орталығы анықталды

Килиан Мбаппе Челси сапына ауысуы мүмкін

1 шілдеден бастап Ресейге барған қазақстандықтар үшін жаңа ереже күшіне енеді

Дариға Назарбаева вице‑президент болуы мүмкін бе?

900 ден астам салымшы алданған: Шымкентте жасырын қаржы пирамидасы әшкереленді

Алматыда құрбан шалуға рұқсат етілген 12 орын белгіленді

Beu Fest: заманауи қазақ әуендерінің фестиваліне 5 жыл

Денсаулық сақтау министрлігі диабетті әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне қайтарғысы келеді

Жасырын ұстап қалулар мен таңылған сервистер депутаттар мобильді операторлардың мәселесін шешуді талап етуде

Үш еселенген төлемдер мен жаңа жеңілдіктер Қазақстанның әскери қызметшілері үшін не өзгереді

Танымды тереңдету уақыт талабы

Эболаның қайта өршуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл ескертпе таратты

Әлемдегі ең бақытты ел

Әлемдегі ең бақытты ел

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Скандинавияның аспаны бөлек сияқты көрінді. Ұшағымыз Хельсинкиге қонған сәттен-ақ мұндағы тыныштық бірден сезілді. Әуежай ішінде де, пойызда да, көшеде де ешкім асықпайды. Даурығып сөйлескен адам жоқ. Барлығы өз ырғағымен өмір сүріп жатқандай. Әлемдегі ең бақытты ел атанып жүрген Финляндияға сапарымыз осылай басталды. World Happiness Report рейтингінде бірнеше жыл қатарынан көш бастап келе жатқан елдің тыныс-тіршілігін аз уақытқа болса да ішінен көруге мүмкіндік туды. Мұнда жұмыссыздық деңгейі төмен, жалақы жоғары. Білім мен медицина тегін. Әлеуметтік қолдау жүйесі тұрақты. Бірақ финдердің бақыты тек осы көрсеткіштерден ғана құралмайтындай әсер қалдырады.

Қарапайым халық, ерекше өмір

Бұл елде адамның жүйкесін жұқар­та­тын артық шу аз. Қалалары жасыл желекпен көмкерілген. Табиғатқа ұқыпты қарау күн­де­лік­ті мәдениетке айналған. Ал цифрлық тех­­нология саласында Финляндия тіпті бола­шақпен қатар өмір сүріп жатқандай. 6G байланысы, кванттық технологиялар, ғарыш индустриясы – мұның бәрі бұл жерде жалаң ұран емес, нақты іске айналып үлгерген.

Финляндия Сыртқы істер министр­лігі ұйым­дастырған пресс-турдың мақсаты – осы тәжірибені көрсету. Әлемнің әр түк­пірінен жиналған он журналист Хель­син­киде бас қостық. Қазақстан, Корея, Сингапур, Үндістан, Италия, АҚШ, Мексика, Аргентина, Сенегал мен Мозамбиктен келген әріптестермен бірге төрт күн бойы фин қоғамының түрлі қырын аралап көрдік.

Он сағаттық жолды артқа тастап, таңғы сағат 11.00-де Хельсинки әуежайына қондық. Ұйым­дасты­рушылар күтіп алмайтындарын алдын ала ескертіп, қала орталығына қалай жету қажеттігін түсіндіріп берген. Әуежай Ваанта қаласында орналасқан. Шыға сала пойызға билет алып, Хельсинки теміржол вок­залына 25 минутта жетіп бардық. По­йызға мініп, жайғасқан соң қарама-қар­сы отырған орта жастағы фин әйелмен әңгі­ме­міз жараса кетті. Оның Ослодан ұшып келген сәті екен. Ширек ғасыр бұрын отбасымен Норвегияға көшіп кеткен, ең үлкен әпке­сінің үйіне қонаққа келе жатқан беті екен. Жылына бір рет Хельсинкиге келіп тұратынын айтты. Ағылшын тілінде еркін сөйлеп тұр. Жалпы, фин халқының басым бөлігі ағылшын тілін меңгерген. Бұл елде фин және швед тілі қатар қолданылады. Алай­да қазір жергілікті тұрғындар тек фин тілінде, қажет болған кезде ағылшын ті­лін­де ғана сөйлейді. Швед тілін саналы түр­де қолданбай, біртіндеп ысырып жатқан сыңайлы. Аз-кем әңгімелескен соң, фин әйе­лі сәттілік тілеп, Tikkurila стансасынан түсіп қалды.

1919 жылы ашылған Хельсинки вокзалы ерекше скандинавиялық модерн стилінде тұрғызылған. Жалпы қаладағы ғимараттар, тұрғын үйлер классицизм, функционализм және модернизм стильдерін үйлестіре отырып салынған. Эстетика басым, өзге Еуропа елдеріне ұқсамайды.

Пресс-турдың алғашқы күні, әрине, таныс-білістен басталды. Финляндия СІМ қызметкер­ле­рі Хелена Хакари мен Дженна Нейлик Хельсинкиді біраз аралатып, ұлттық тағам­да­рын әзірлейтін мейрамханада кешкі ас ұйымдастырды. «Sunn» мейрамханасының дастарқан әзірлеп қойған бөлмесіне кіре бере еденге төселген және қабырғаға ілінген кілемдер бірден көзге түсті. Өзімізге таныс дүние болған соң таңырқай қойған жоқпыз, алайда фин халқының да қабырғаға кілем ілетіні қызығушылық тудыр­ды. Шетелдік әріптестерге бұл тіпті таңсық, олардың көбі жерде жаюлы тұрған кілемді ковролан деп қабылдады. Бір-бірімізді «жатырқап» болған соң, әңгіме қыз­ған уақытта кілемдерге зер салып, сұрас­тырсақ: «Қазір халық бұл «қасиеттен» арыл­ған, десе де ауылдық жерлердегі тұр­ғын­дар үй ішіндегі қабырғаға әлі де кілем іліп қояды, бұл – бұрыннан келе жатқан үйді безендірудің бір көрінісі», деді Дженна Нейлик.

Финдіктердің негізгі тағамы – лосось ба­лық­тары, оның ішінде ақсеркеден әзір­ле­не­тін тағамдар. Балықтан негізгі ас, сорпа, салат әзірленеді. Олар бұқтырылған, қуырылған, ысталған, грильде, сондай-ақ ашық отта сан түрлі әдіс­пен әзірленіп, ұсынылады. Жалпы, фин тағамдары әртүрлі, мәселен, сиыр, шошқа және қой еттерін бір қазанда пісіріп, дәмдерін үйлестіре отырып бұқ­тыр­ма секілді бір тағам әзірлейтінімен ерек­шеленеді. Сондай-ақ ет пен балық (kalakukko), балық пен сүт немесе сүт тағам­да­рының (salmon soup) қос­пасынан дайындалады. Осы күні бізге балық­тан әзірленген тіске­басар мен қой етінен дайын­дал­ған ас ұсынды.

Жалпы, фин халқы фаст-фуд тағам­дарына әуес емес, дұрыс тамақтануды берік ұстанады. Хель­синки көшелерінде KFC, McDonald’s, Burger King секілді әлемде кең таралған тез тамақтану орындары өте аз, бұлар сауда орталықтарының кей­бірінде ғана бар. Көбіне мейрамхана, дәм­хана, кофе ішетін жерлері жергілікті кәсіпкер­лердікі, корей, жапон секілді Азия халық­та­ры­ның асханаларын да кездестіруге болады.

Дұрыс тамақтануға басымдық беретіні фин халқының дене бітімінен, тамақтану мә­дениетінен бірден байқалды. Біз кез­дес­тірген финдіктердің арасында артық салмақты адам көрмедік. Тұрғындары асықпайды, бар­лығы дерлік салмақты ма дерсің, жұмысы бол­маса көшеде ерсілі-қарсылы да жүре бермейді.

Мәселен, Хельсинкидегі Aalto универ­си­тетінің асханасынан түскі ас іштік. Тағам сөресінде ыстық тағамдармен бірге түрлі көкөніс пен жеміс-жидекке таңдау көп. Бірде-бір дайын ас (фаст-фуд) жоқ. Есесіне бөлек үстелде нанның бірнеше түрі мен сары май қойылған, кез келген түрін қалағанынша алып жей береді, алайда бір-екі тілім нанмен шектелетінін байқадық. Нанның өзі глютен, глютенсіз, сүт те лактоза, лактозасыз деп бөлінген. Бұл – дұрыс тамақтануға мән берген адамға таныс дүние. Біз секілді сүтті шай ішеді, фин кофесінің дәмі өзгеше екенін де айта кетейік. Халқы қонақжай, сусын, тіскебасарларын дайындап қарсы алады, тәжірибелерімен бөлісуден тартынбайды.

Әлемге аты таныс фин моншасы бізде­гі­ден тіпті бөлек. Үлкен темір пештерін ағашпен қыздырады. Финдер – жалпы монша мәдениетін қалыптастырған халық. Хель­синки тұрғындары Балтық теңізінің жа­ға­сындағы Löyly ауданында орналасқан сау­наға арнайы уақыт бөліп келеді. Мұнда теңіз өнімдерінен ас мәзірін әзірлейтін мей­рам­­хана бар, осында бізге өздерінің ұлт­тық Salmon soup тағамын ұсынды, бұл орын «Әлемдегі ең керемет 100 орын» тізіміне енген.

Халық салыққа жауапкершілікпен қарайды

Іс-шараның ресми бөлімі екінші күннен басталды. Біз барған алғашқы нысан – Финляндияның Sitra инновациялық қоры (The Finnish Innovation Fund Sitra). Бұл – фин Парламентінің тікелей бақылауымен жұмыс істейтін тәуелсіз қоғамдық қор. Sitra негізінен Финляндияны реформалауға көмектеседі. Алдағы сын-қатерлерді саралап, серіктестермен бірлесіп шешімдер әзірлейді. Бұл елдің әл-ауқатын арттырып, тұрақты экономикалық өсімді жеделдетуге көмектеседі. Мәселен, қазір «Sitra» эко­номикалық өсімді тұрақтандыру мәсе­ле­сімен қатар, деректер мен жасанды интел­лектіге назар аударып жатыр.

«Sitra орталық үкіметтік ұйымға жат­пай­ды, бұл жанама мемлекеттік әкімші­лік­тің бөлігі ғана. Біз жұмысымызды инвес­ти­ция­лық кіріс арқылы қаржыландырамыз. ЖИ дәуірі енді ғана басталды. Халық арасында зерттеу жүргіздік, финдердің көбі елдің қоғамдық өміріне сандық технологиялар арқылы қатысқысы келеді», деді Қордың коммуникация және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім жетекшісі Самули Лайта.

Бұдан соң «Supercell» ойын компаниясымен таныстық. 2010 жылы іске қосылғаннан бері ол әлемдік нарыққа Hay Day, Clash of Clans, Boom Beach, Clash Royale, Brawl Stars сияқты онлайн ойындар шығарған. Хельсинкидегі бас ғимараттан өзге Сан-Франциско, Лондон, Сеул мен Шанхай қалаларында кеңселері бар. Компания қызметкері Фрида Йоханссонның айтуынша, ойын аудиториясы айына 290 млн адамды құрайды, 7 млрд адам осы ойын­дардың қосымшасын жүктейді. 45 ұлт­тың басын қосқан компанияның 900-ден аса қызметкері бар. Мақсаты – адамды жалық­тыр­майтын, өмір­шең ойын түрлерін жасау.

Компанияға көршілес орна­ласқан Зиянды бағдарламалар өнері мұражайына (Museum of Malware Art) да соға кеттік. Онда цифрлық әлемнің қараңғы тұстарын, яғни кибершабуылдар мен зиянды бағдарламалардың жеке тұлғаларға, компаниялар мен қоғамға тигізген кері әсерінің тарихы дисплей экрандарға шығарылып қойылған. Елімізге компьютер алғаш келіп жатқан кезде экранға түрлі-түсті төрт­бұрыштар шығып, компьютер не қосыл­май, не сөнбей қатып қалатыны есте шығар, сол вирус қазір осы мұражайда тұр. Тақтай­шадағы анықтамасында «Вирус­тың аты Ленинград, 1990 жылы желтоқ­санда Кеңес одағында табылған. Ол іске қосылған кезде түрлі-түсті таңбалар экранды толықтай ­жауып тастайды. Содан кейін компьютерді қайта қосу қажет», деп жазылған. Мұндай ерекше мұражай осы Хельсинкиде ғана бар.

Түстен кейін Қаржы министр­лігі­нің Салық әкімшілігін бетке алдық. Бір­неше қызметкер презентация жасап, салықшылармен қарым-қатынас жасау секілді тәжірибелерімен бөлісті. Әкімшілік менеджері Катри Риеккиненнің айтуынша, бюджетке жыл сайын салықтан 50 млрд еуродан аса қаржы түседі. Өзге Еуропа елдерінде секілді Финляндияда да салық жоғары, халық жалақысының тең жартысын салыққа береді. Алайда жеке тұлғалар, бизнес, корпорация, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеуден жалтармай, оның қоғам үшін маңызын түсінетінін айтады қызметкерлер. Катри Риеккинен елде жемқорлықтың жоғын да сөз арасында айтып қалды. Осы үшін де салық төлеушілер жоғары салықтан жалтармай, билікке сеніммен қарайтыны анық.

Спутниктік стансасы бар университет

Хельсинкидегі үшінші күн де кездесулерге, қарбаласқа толы болды. Қала орталығындағы Кансалайстори алаңында (Kansalaistori square) орналасқан Ооди Хельсинки орталық кітапханасын аралап, Аалто университетіне (Aalto University) бардық. Университеттің ғарыш зертханасымен таныстық. Қазір Финляндия заманауи ғарыш индустриясының отанына айналып келеді. Зертхана жетекшісі Яан Пракс студенттерімен бірге 2017 жылы Финляндияның алғашқы Aalto-1 наноспутнигін жасап, орбитаға ұшырды, бұл елдің ғарыш қыз­метіндегі маңызды кезең болды. Қазір Фин­ляндияда микроспутниктер шығаруға маман­дан­дырылған бірнеше коммерциялық компания бар. Aaлто университетінің өзінің жерүсті спутниктік стансасы бар. Онда студенттер орбитаға ұшырылған Foresail-1 Prime мен Aalto-3 ғылыми спутниктерін басқарады.

Аалто университеті – Финляндияның ғарыш технологиясы бойынша магистратура және PhD бағдарламаларын ұсынатын жалғыз жоғары оқу орны.

«Бізге математика, радиотехника, квант­тық технология, физика, антенна инженериясы, жасанды интеллект, сонымен қатар халық­аралық бизнес, менеджмент пен дизайн мамандары қажет. Сектордың өсуі мен әртарап­тануы барлық маманға деген сұранысты арттырып отыр. Ғарыш саласының ең ұтымды тұсы да осы, түрлі сала мамандары осы жерде жұмыс істей алады», дейді Яан Пракс.

Зертхана жұмысының қыр-сырымен таныстырған студенттермен әңгімеміз университет асханасында түскі ас кезінде жалғасты. Олар компаниялардың тиімді стартап жобаларын қаржыландыруға асық екенін айтады. Осылайша, талантты студенттердің арқасында Финляндия ғарышты да зерттеп жатыр.

Түскі үзіліс кезінде Финляндия Сыртқы істер министрі Элина Валтоненнің қабыл­дауында болдық. Жарты сағатын бізбен кездесуге арнаған министр сұрақтарымызға жауап берді. Парламент (Эдускунта) ғимаратының бірінші қабатын аралап көруге ғана рұқсат берілген. Оның тарихына үңілсек, ғимарат Финляндия тәуелсіздігі мен демократиясының рәмізі ретінде 1920 жылдардағы классикалық стильде салынған. Қасбеті граниттен жасалып, 14 коринфтік бағанмен безендірілген. Парламент ғимаратының жанында Финляндияның үш президенті К.Стольбер, П.Свинхуфвуд пен К.Каллио ескерткіштері тұр.

Министрмен кездесу аяқталған соң, Парламент ғимаратында көп бөгеле қоймадық, қарсы бетінде орналасқан Музыка холына (Musiikkitalo) экскурсия жасап, әрі қарай «ICEYE» фин аэроғарыш компаниясына келдік. Жабық лабороториясында микроспутниктерді әзірлеу жұмысымен таныстық. «ICEYE» компания­сы – 2014 жылы Аалто университетінің радиотехника факультетінен бөлініп құрылған мекеме. Ол әлемдегі ең үлкен және ең озық SAR (синтетикалық диафрагмалық радар) спутнигіне иелік етеді. Осы спутник арқылы қоршаған ортаны бақылап, төтенше жағдайларды алдын алуға көмек­теседі. Компания қызметкері Дэймон Олломанның айтуынша, SAR технологиясы кез келген ауа райы жағдайында, тіпті қараңғы және бұлтты ауа райында да жоғары сапалы кескіндерді түсіре алады. Қазір «ICEYE» Польша, Ұлыбритания мен АҚШ-та кеңселерін ашқан. 2020 жылдан компания АҚШ-тағы өндіріс орындарының әлеуетін зерттеп, бағамдап келеді. Ал 2022 жылы Украина компанияның бір спутнигін сатып алыпты. Осылайша, Аалто университеті мен оның ғарыш мекемесі ел бюджетіне жыл сайын миллиардтаған доллар қаржы құйып отыр.

Мұғалімдердің беделі жоғары

Төртінші күні фин мектебі (Helsinki Normal Lyceum) мен технологиялық индустрия аймағына бардық. Фин мектебіне таңғы сағат 08.30-да кірдік. Іші тып-тыныш, бізді қарсы алған математика пәнінің оқытушысы Джани Кивихаржу мұғалімдер бөлмесін көрсетіп, 6-сынып оқушыларының сабағына алып барды. Оқушылар партада топтасып, емін-еркін отыр. Бірінде – кітап, бірінде – ноутбук. Класс іші AV проекторы, сандық ақ тақта, компьютер, Maker, STEAM құралдарымен жабдықталған. Осыған қарап, фин мектептері цифрлық құралдармен баспа материалдарын қатар қолданатынын түсіндік.

«Оқушылары кітап алып, дәптер ұста­майды, қарындаш, қаламмен жазбайды, қол­дарында планшет қана», деген түсінік жоқ. Мектеп барынша цифрлық жүйеге көшкен. Алайда ол мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Оқу жоспарлары, сабақ кестесі секілді дүниелері – цифрлық форматта. Ал оқушылардың дәстүрлі білім алуы – мәтін, тапсырмаларды кітаптан оқып, дәптерге жазу дағдылары сақталған. Тіпті оқушылар парталардың бетін де қаламмен шимайлап тастаған.

Жоғары сыныптың ағылшын тілі сабағына қатыстық. Мектепте біркелкі форма жоқ, оқушылар еркін стильде киінеді. Сыныпқа кіреберісте қызыл жәшікке барлық оқушы текшелеп ұялы телефондарын салып, орындарына жайғасты. Сыныпта шамамен 20–25 оқушы. Аман­дасқан соң оқытушы сабақ барысын түсіндіріп, оқушыларға сәттілік тіледі. Екі-үш оқушыдан құралған топ жоба дайындап, оны сыныптастары алдында қорғау қажет. Үй немесе өткен сабақ тапсырмасы болуы керек, оқушылар қолдарына плакат ұстап тақтаға қарай шықты...

Сабақта оқушылар жалпы өздерін еркін ұстайды, бізге де аты-жөнімізді, қай елден келгенімізді айтқызып, сұрақтарын қойды.

Толықтай цифрланған фин мектебінің білім беру әдісі – осындай. Олар мұғалімдерге баса назар аударады. Ұстаздардың жұмы­сын барынша жеңілдетіп, мотивация беріп, ынталандыруға күш жұмсайды. Мұға­лімдерге жылына екі рет тренинг ұйымдастырады. Білікті ұстаздан, білімді шәкірт шығатынын финдіктер әлдеқайда түсінген.

Жалпы, Финляндия әлемдегі цифрлы мемлекетке қалай айналғанын елдің техно­логиялық салаларын қаржы­­лан­ды­ра­тын Centennial қорының атқарушы директоры Антти Аарнио Хельсинки техно­логиялық индустрия аймағына барғанымызда айтып берді. Оның айтуынша, финдер цифрлық қоғамның негізін балабақшадан бастап құруға талпынады. Мәселен, олар балабақша мен мектепке дейінгі жастағы балаларға (4–7 жас) арналған математикалық іс-шаралар Math Buzz жобасы арқылы қаржыландырады. Математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал етеді. 2005 жылдан бастап шамамен 2 мың орта мектеп түлегіне математика пәнінен жүлделер табыстаған. Антти Аарнионың айтуынша, олардың мақсаты – оқушы, студенттердің қызығушылығын кәсіпкерлікке айналдыру. Аталған қор 2009 жылы Aalto университетінің студенттерінің стартап жобаларын қаржыландырған. Мәселен, қазір біз пайдаланып жүрген Wolt жеткізу қосымшасын осы университеттің студенттері жасап шығарған. Сондай-ақ көпке танымал «Linear», «Smartly.io», «Happeo «секілді компаниялар студенттердің бастамасымен құрылған. Осындай дарындыларды дер кезінде көріп, қолдау көрсеткен фин елі қазір цифрландыру саласында жетекші мемлекетке айналып отыр.

Финляндия халқының саны – 5,5 млн. Тұрғын саны аз болғандықтан бақытты елге айналып отыр деген де пікір қалыптасқан. Оның үстіне туу көрсеткіші жыл сайын төмендеп бара жатқан елдердің қата­рында. Бұл бақытты елдің қазіргі бас ауыртар мәселесіне айналып отыр. Алайда бақыт деңгейі туралы дүниежүзілік баяндаманың авторлары тұрғындардың өзін бақытты сезінуін елдегі халқының санына байланыс­ты екенін дәлелдей алмағанын айтады. Бақытты ел болудың кілті тұрғындардың жан басына шаққандағы ІЖӨ, әлеуметтік қолдау, саламатты өмір сүру ұзақтығы, бостандық, жомарттық және сыбайлас жемқорлықтың болмауы секілді көрсеткіште жатыр. Әрине, Скандинавия елдері, соның ішінде Финляндия халқы салыстырмалы түрде бақуатты тұрады. Бірақ әлемде қаншама бай ел бар, олардың барлығы скандинавиялықтар сияқты бақытты емес. Кез келген мемлекет фин секілді ізгі қоғам құруға мүдделі болуы қажет. Осындай оймен елімізге оралдық.

АСТАНА–ХЕЛЬСИНКИ–АСТАНА

Соңғы жаңалықтар

Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалды

Технология • Бүгін, 10:50

Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры

Ауыл • Бүгін, 10:48

Күдіктіні саусақ ізі әшкереледі: Ақмола облысында 19 жыл бұрын жасалған ұрлықтың беті ашылды

Қылмыс • Бүгін, 10:37

Қазақстанда әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» атағы беріледі

Әскер • Бүгін, 10:25

Биыл елімізде адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді

Қылмыс • Бүгін, 10:20

Роналду «Аль-Наср» сапындағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды: Клуб Сауд Арабиясы лигасының чемпионы атанды

Футбол • Бүгін, 10:11

Ақтөбе облысында 11 жастағы бала ойын алаңында ауыр жарақат алды

Оқиға • Бүгін, 10:06

Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?

Ғылым • Бүгін, 10:01

9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды

Қоғам • Бүгін, 09:45

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Сот отырысы 28 мамырда өтеді

Алматы • Бүгін, 09:40

Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

Әлем • Бүгін, 09:39

Гондурастағы екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 09:23

Жүргізушілер алаңдаулы: Атырауда шетелдік нөмірлі көліктерге тексеру күшейді

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Түркістан облысында 5 жастағы қызды ит қауып алды

Оқиға • Бүгін, 08:45

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Теңге • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:39
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Мамыр 2026 10:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қарағанды облысында тауға шыққан ерлі зайыпты құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды

20 Мамыр 2026 21:38see114

Ұзақ үзілістен кейінгі оралу: Елдос Сметов Гран при турниріне қатысады

20 Мамыр 2026 19:59see112

Ақтөбеде екі күнде 1300 ден астам адам жол ережесін бұзған

21 Мамыр 2026 10:56see109

Павлодарда ер адам сау жүргізуші шақыртып, куәлігінен айырылды

20 Мамыр 2026 13:22see108

Фотоөнер кімге керек?

20 Мамыр 2026 12:14see108

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

20 Мамыр 2026 16:53see107

Көкшетауда тағы бір жол апаты болды: көлік тізгіндеген әйел тротуардағы ана мен баланы қағып кетті

21 Мамыр 2026 11:11see107

Әнұран қосылып, эфир үзілді: Британдық радиостанция Король Карл III ні жерлеп қоя жаздады

21 Мамыр 2026 12:46see107

Қазақстанда архитектуралық үйлестіру орталығы анықталды

20 Мамыр 2026 16:38see106

Килиан Мбаппе Челси сапына ауысуы мүмкін

20 Мамыр 2026 18:15see105

1 шілдеден бастап Ресейге барған қазақстандықтар үшін жаңа ереже күшіне енеді

20 Мамыр 2026 21:51see103

Дариға Назарбаева вице‑президент болуы мүмкін бе?

20 Мамыр 2026 13:04see103

900 ден астам салымшы алданған: Шымкентте жасырын қаржы пирамидасы әшкереленді

20 Мамыр 2026 13:01see103

Алматыда құрбан шалуға рұқсат етілген 12 орын белгіленді

20 Мамыр 2026 16:07see103

Beu Fest: заманауи қазақ әуендерінің фестиваліне 5 жыл

20 Мамыр 2026 13:17see103

Денсаулық сақтау министрлігі диабетті әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне қайтарғысы келеді

21 Мамыр 2026 15:30see102

Жасырын ұстап қалулар мен таңылған сервистер депутаттар мобильді операторлардың мәселесін шешуді талап етуде

21 Мамыр 2026 14:47see102

Үш еселенген төлемдер мен жаңа жеңілдіктер Қазақстанның әскери қызметшілері үшін не өзгереді

21 Мамыр 2026 14:26see102

Танымды тереңдету уақыт талабы

21 Мамыр 2026 12:07see101

Эболаның қайта өршуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл ескертпе таратты

20 Мамыр 2026 14:25see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары