Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан ел қатарында тұр

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан ел қатарында тұр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Экспортқа шикі мұнай емес, дайын өнімді шығаруды ұлғайтамыз.

Бұл орайда елдегі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатын екі есеге дейін көтеруге болады. Өйткені өзгеден бұрын өз ішімізде де сұраныс жыл аралатып 1 жарым, екі пайызға артып келеді.  Бұдан бөлек, Қытай, Үндістан мен Орталық Азия елдері-не экспортты ұлғайту жоспары бар. 

Дәл қазір ішкі нарық толық қамтылған. Бензин де, өзгесі де жеткілікті. Бірақ болдық, толдық деп отыруға тағы болмайды. Осы орайда Үкімет 2040-шы жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту жоспарын бекіткен.

Нұрқанат Қанапия, тілші

-Қазақстан әлемдегі жанармай бағасы ең арзан он елдің қатарында. «Глобалпетролпрайсес» порталының 6 қазандағы тізімінде 9-шы сатыға табан тіредік. Ең арзан бензин – Ливияда. Мұнайлы елде 1 литр бензинді бүгінгі доллар бағамымен 15 теңгеге сатып аласыз. Алдыңғы бестікті түйіндеген Кувейтте литр құны 185 теңгеге жуықтайды. Одан кейінгі Алжир, Мысыр мен Түрікменстанда – 190 мен 230 теңгенің арасында. Ал бізде бензин бағасы маркасына қарай 230 теңгеден 280 теңгеге дейін барады. Және өңірге қарай өзгереді.

Ал ең қымбат жанармай Гонконгта. Бұл елде бір литр бензин 1 965 теңге тұрады. Одан кейінгі Исландияда 1300 теңгеден асса, Израильде 1226 теңгеге бағаланып отыр. Сондай-ақ алғашқы бестікке Нидерланд пен Дания енген. Бұл елдерде де бензин құны 1200 теңгеден артық. 

Биыл бензинге ішкі сұраныс 5 млн 600 мың тоннаға жетуге тиіс. Және биыл осы көлемде бензин өндіру көзделген. Бұдан бөлек 285 мың тонна жанармайды Ресейден импорттау жоспары бар. Қазір елдегі қор жеткілікті. Қорды толық қамтамасыз етуге мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барынша ықпал етті дейді жауапты министрлікте. 

Жыл басынан бері жанармай нарығындағы шекті баға жойылды. Сондай-ақ мамырда сыртқа бензин экспорттауға тыйым салынды. Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 120 мың тоннаға жуық бензин экспортталған еді. Ал биыл тыйым күшіне енгенге дейін 13 480 тонна өнім шетел асты. 

«Бұл ішкі сұранысты жабу үшін жасалған қадам» деп хабарлады министрлікте. Жанармай бағасындағы айырмашылық заңсыз айналымға жол ашып отыр. Кейінгі бес жылда көрші елдерге 30 мың тоннадан астам бензинді шығару дерегі тіркелді. Айыптыларға 24 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. 

Жалпы Үкімет 2040 жылға дейінгі мұнай өңдеу саласын дамыту жоспарын бекітті. Бұл жоспарда мұнай өңдеу көлемін 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Соған сай бензин өндірісі де өседі. Осы тұрғыдан келгенде 15 жылда өндірістегі экспорт үлесін 30 пайызға жеткізу жоспары түзіліп отыр. 

Нұрқанат Қанапия

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see135

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see124

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары