Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

Әлемдік ақша саясаты құбылып тұр

Әлемдік ақша саясаты құбылып тұр

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақша саясаты құбылып тұр. Қит етсе, құны көкке самғайтын «көк қағаз» арзандап жатыр. Доллардың құлдырауына бір ЕСЕП-тен Дональд Трамп пен Федералды резерв жүйесінің басшысы арасындағы текетеріс, екіншіден, президенттің тариф саясаты себеп. Тариф саясатынан енді өзге де валюталар зиян шегіп жатыр. Мысалы, Үндістан рупиі биыл Азиядағы ең әлсіз валюта атанды. Ал жақында ғана рекордтық төмен деңгейге түскен жапон иені қайта күшіне мінді. Бұл қалай? Доллар алдағы уақытта қымбаттай ма, арзандай ма? Кім біледі? Сарапшылар не деп жатыр?

Иә, әдетте, доллар қымбаттады дегенді жиі естуші едік. Бірақ дәл қазір АҚШ валютасының жағдайы мүшкіл. Сарапшылар бұл үдеріс әлі де жалғасатынын айтады. 

2025 жылдың алғашқы алты айында АҚШ долларының индексі 10% төмендеп, кейінгі жарты ғасырдағы ең нашар деңгейге түсті. Бүгінде доллар индексі 99-100 көрсеткіш шамасында. Морган Стэнли сарапшыларының болжамына сенсек, АҚШ доллары алдағы жылы да құбылмалы қалпында қалады. 2026 жылдың ортасында 94-ке дейін төмендеп, екінші жартыжылдықта ғана қайта қалпына келеді. Жалпы доллардың қарқыны АҚШ-тың экономикалық өсімі мен Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемесімен тығыз байланысты. Кейінгі айларда АҚШ-та экономикалық белсенділік орташа қарқынмен өсті. Жұмыссыздық деңгейі артып отыр. Сонымен бірге инфляция да үдей түсті. АҚШ президенті Дональд Трамп Федералды резерв жүйесінің қазіргі төрағасы Джером Пауэллдің жұмысын жиі сынға алады. Оның қызмет ету мерзімі 2026 жылдың мамырында аяқталады. Кеше ғана Трамп келесі төрағаға үміткер туралы шешім қабылдағанын айтты.

Дэвид Адамс, Morgan Stanley халықаралық қаржы компаниясының сарапшысы:

- Федералды резерв жүйесінің қазан айындағы отырысы АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеменің жылдам әрі қатты төмендеуі екіталай екенін байқатты. Қолайлы нарықтық жағдайлар, инфляцияның бәсеңдеуі мен сауда шиеленістерінің әлсіреуі доллардың тұрақты болып қалуына көмек береді.

Доллардың құнсыздануына Дональд Трамптың жаһан елдеріне енгізген тарифтері де әсер етті. Өйткені осының кесірінен АҚШ-қа инвестиция құюға ниетті ірі компаниялар мен инвесторлардың сенімі жоғалды.

Марк Кадмор, Bloomberg басылымының сарапшысы:

- Сауда соғысының салдары әлі де экономиканың жағдайына кері әсер етіп жатыр. 2025 жылдың екінші-үшінші тоқсанында америкалық корпорациялар Үкімет тарапынан жасалған қысымнан кейін шетелде тапқан қаржыны елге қайтаруға мәжбүр болды. Бұл кейінгі 5-6 айда долларды ұстап тұруға көмектесті. Капиталды әртараптандыруға деген үдеріс сақталып отыр. Сонымен қатар биыл жаһандық нарықтық капитализацияда АҚШ-тың үлесі төмендегенін байқаймыз.

Доллар бағасы алты валюта бағамының себетіне сәйкес өлшенеді. Оған еуро, британдық фунт, канадалық доллар, швед кронасы және швейцариялық франк пен жапондық иен жатады. Доллар курсы иенге шаққанда 0,35%-ке, яғни шамамен 155 иенге дейін түскен. Сөйтіп таяуда ғана Қытайдың Жапонияға жариялаған бойкотынан төмендеп кеткен жапон иені қайта күшіне міне бастады. Жапонияның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені осы айда көтеруге дайын екенін жеткізді. Яғни доллардың құлдырауы жапон иенін нығайтқан.

Трамптың тариф саясаты доллар ғана емес, рупиге елеулі әсер етті. Қазір Үндістан рупиі – Азиядағы ең әлсіз валюта. Оған АҚШ-тың Үндістан экспортына енгізген баж салығы мен жергілікті қор нарығынан шетелдік инвесторлардың жаппай кетуі себеп. Тамыз айында АҚШ Үндістан тауарларына 50% баж салығын енгізді. Бұл Азиядағы ең жоғарғы салық. Оның ішінде Ресеймен сауда-саттық жүргізгені үшін 25%-тік айыппұл салығы да бар. Қараша айының соңында рупи курсы 89,5 долларға төмендеді. Ал шетелдік инвесторлар үнді акцияларынан 16 млрд-қа жуық долларды алып шықты. Қазір мемлекет сырттан инвестор тартудың тиімді тетіктерін қарастырып жатыр.

Тухин Канта Пандей, құнды қағаздар және биржа жөніндегі кеңестің төрағасы:

- Үндістанда және өзге де мемлекеттерде шетелдік қатысушылармен қарым-қатынас орнату кезінде мен, біріншіден, біздің тіркеу процесі әлі де тым көп уақытты қажет ететінін түсіндім. Бұл қолайсыз. Біздің мақсатымыз – мерзімді бірнеше күнге дейін қысқарту. Біз қолма-қол акциялар нарығын одан әрі дамытып, өтімділікті арттырғымыз келеді.

Рупиді тығырыққа тіреп отырған тағы бір дүние – ағымдағы шот тапшылығы. Осы себепті елде импорттан гөрі экспорт басымырақ. Ал импорт төлеу үшін шетелдік валютаны әдетте АҚШ долларын сатып алуға тура келеді. Бұл да өз кезегінде рупиге сұранысты төмендетеді. Сондықтан қазір долларға деген сенім азайса да, АҚШ валютасы, әлем нарығындағы орнын оңайлықпен берер емес.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

15 Қазан 2026 08:27see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары